Get Mystery Box with random crypto!

Қорқынышты әңгімелер time

Telegram арнасының логотипі gorgynyshty — Қорқынышты әңгімелер time Қ
Telegram арнасының логотипі gorgynyshty — Қорқынышты әңгімелер time
Арна мекенжайы: @gorgynyshty
Санаттар: Ойын-сауықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 144
Арнадан сипаттама

☜Qorqynyshty angimeler☞
☜El auzynda zhu'rgen an'yzdar☞
♔BLD: @marlen_koke
Bas adminka: @Mina_love_you
❀S/K: @Komiksteralemi

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-02-09 07:44:25 Анам бала күнiмiзде “айнаны үнемi жуып тұру керек, кiсi өлгенде үйдегi айнаның бетiн жабуды ұмытпаңдар” деп түрлi ырымдарды айтып отыратын. Бiрақ ол кезде тұрмыстағы қарапайым құралдың мұншалықты тылсым күшке ие екенiн бiлмеппiн.

Бұл оқиға бертiнде, осыдан үш жыл бұрын болған. Жездем әпкеме әдемi әрi үлкен айнаны сыйға тартқан едi. Бiр қарағанда, кәп-кәдiмгi, көзге еш ерекшелiгi түспейдi. Жан-жағы әсем өрнекпен әрленген. Бiрақ артынша үйден береке тайды, адам түсiнiп болмайтын шым-шытырық оқиғалар басталды.
Әпкем бұл айнаны жатын бөлменiң бiр бұрышына iлiп қойды. Көп ұзамай осы бөлмеде түнейтiн менiң түсiме қорқынышты оқиғалар кiретiн болды. Бiрде өртке оранған үйдiң iшiнде жүрсем, бiрде лапылдаған жалынның ортасында қалып қойып шыға алмаймын. Осы түстер мазалаған сайын түнде ұйқымнан терлеп-тепшiп, тап бiр отқа күйген адамша күй кешемiн.
Неше рет шошып оянсам да нелiк­тен осы түстердi көретiнiмдi түсiнбей дал болдым.
Бұл түстердi әркiм әртүрлi жорыды. Бiрi “алдында қиындық күтiп тұр, соған дайын бол” десе, ендi бiрi керiсiнше, “бақытқа кенелесiң” деп болжады. Алайда қанша уақыт өтсе де, мұның бiрi орындалмады, десек те әлгi түстерден құтылмадым.
Бiрде құдашам қонаққа келдi. Ас тартылып, шай iшiлiп, әңгiме айтылып болған соң әпкем құдашама менiң жатын бөлмеме төсек салып берiп жай­ғастырды. Түн батысымен қалың ұйқыға кеттiк.
Таңертең тұрғанымызда құдаша қыз жайсыз түс көргенiн айтты. “Түсiмде үлкен үй лапылдаған отқа оранды. Өзiм сол үйдiң iшiнде қалып қойып, өрттен шыға алмай жатыр екенмiн”, – дейдi ол.
Мұны естiгенде не дерiмдi бiлмей аузыма құм құйылды. Менiң қорқынышты түстерiмнен хабардар үйдегiлер де аң-таң. Артынша ақылдаса келе үйге молда шақыртуды құп көрдiк.
Жөн бiлетiн, жындарды шығара алады деген молданы тауып үйге әкелдiк. Әуелi үйдi тазартып аластаймын деген ол бiр бөлмеден екiншiге алма-кезек кiрiп шықты. Дұғасын оқып, үйдiң бұрыш-бұрышын аластады. Бiр уақытта кезек менiң бөлмеме де жеттi. Молдеке алдымен бөлменi бiр шолып өттi. Көзi бiрден бұрыштағы айнаға түстi. “Мына айна бұрыннан бар ма едi?” – дедi ол. “Жоқ, жездем таяуда сатып әкелген”. “Қайдан алып едi мұны?” – деп сұрады. Жездемдi шақыртып айнаны қайдан сатып алғанын сұрастырдық. Сөйтсе, ол мұны сирек кездесетiн бұйымдарды сататын дүкеннен алыпты.
“Мына айна жаңа емес, бұған дейiн басқа иесi болған тәрiздi. Егер сөзiм рас болса, оның иесi басынан жағымсыз оқиғаны бастан өткерген. Айна соны “жадында” сақтап қалған болуы мүмкiн”, – дедi молда.
Тап бiр құдiреттi күштермен байланысы бардай сөйлеген бұл кiсiнiң қасиетiне таңғалдық. Артынша молда айна – жай ғана тұрмыстық құрал емес, тылсым дүниемен байланыстырушы, ғажап қасиетке ие екенiн түсiндiрдi.
“Үйде кiсi қаза тапқанда нелiктен айнаның бетi жабылады? Өлiм кезiнде айна о дүниеге есiк ашатын қақпа тәрiздi. Сол арқылы үйге жын-шайтандар кiрiп кетпеуi үшiн бетi жабылады. Қайсыбiреулер өлген адамның жаны айна арқылы керi қайтып келмес үшiн жабу керек дейдi. Қалай болғанда да мұншалықты қасиеттi құралды нем­құрайлы емес, күтiп ұстаған жөн”, – дедi ол.
Кетерiнде молда әлгi айнаны алған дүкенге немесе иесiне қайтарып беру керек деп ақыл-кеңес айтып кеттi. Сол күнi беймәлiм құбылысқа толы құралды далаға шығарып тастадық. Содан берi қорқынышты түстер сап тыйылды.
Жездем келесi күнi айнаны алып келген iзiмен керi алып кеттi. Айнаны қайтарған кезiнде жездем сатушыдан оны қайдан алғанын сұрап бiлiптi. Бұл өртенген үйден аман қалған айна екенiн сонда естiдiк. Ал оның иесi сол үйдiң бiрiншi қабатында өрттен қаза тапқан екен. Өрт үстiнгi қабатқа жете қоймағандықтан айна қаз-қалпында қалған. Сөйтiп, өртенген үйден әшекей-бұйымдары мен қымбат заттарын сатқан туыстары айнаны да қосып өткiзе салыпты.
Айна өзi iлулi тұрған жердiң энергетикасы, ондағы жағымсыз оқиғалар мен науқас адамның күйiн “жадына” жазып алып сақтайтынын кейiннен естiп-бiлдiк. Сондықтан үйге бұған дейiн ұсталған айнаны қоюға болмайтын көрiнедi.
51 viewsМарина [рест], 04:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 07:41:43 Бір ұл түнде жолда кетіп бара жатады.Сосын алдынан аппақ киімді шашшыы жалбыраған тұяғы бар қыз сап етіп атып шығады....
Сосын жаңағы бала ойлайды..
Адам ба?-бірақ түн ішінде жалғыз өзі не істеп жур?.
Сосын машинамен жақындаған соң әлгі қыздың тұяқтын көреді. ....
Бала қорыққаннан машинамен журе береді.Ал жаңағы мақұлық тоқтап қалады да балаға қарап тұрады, және әлгі бала машинасымен үйге қашып келеді.
Үйіне кіріп есік-терезені жауып әлгі қыздың кеткеннін күтеді.Біраз уақыт өткен соң кеткен шығар деп терезені қараса әлгі қыз көздері бақырайып жаңағы баланың терезесі не қарап тур екен.
Бала сол уақытта жүрегі тоқтап, қайтыс болады ..
53 viewsМарина [рест], 04:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 14:48:36 Балалыкшақта
Мен бала кезимнен бастап тылсым куш дегенге жакын едим.Уйимзде домовой да бар болатын.Асиресе менин болмемде, кишкентай кыз журетин.Мен оган уйренисип кеткем.Уйдегилер кормеген елестерди мен кордим.Уакыт оте келе окуымды битирип журналистика мамандыгы бойынша билим алып жатырмын.Бир кызыгы сол тылсым куштерге бет бурып зерттеуден шаршаган жокпын.Бир куни китапханадан "Жындар" туралы биршама акпарат алган едим. Соны окып, олар туралы бираз нарсе жинадым.уйде туыс синилим екеумиз болатынбыз.Содан не керек акпараттар уйде турды.Кишкене уйктап алайык деп козимизди илгенбиз.Сагат тустен ауыган 16:00 шамасы.Тусимде мени бир кара бале жулкылап жатыр екен.Козимди ашсам кылгындырып абден урды.Бир кезде синилимнин "тате"деп айкайлаган дауысы естилди.Касымда жылап отыр екен.Мен уйыктап жатканда жанагы баленин касыма келгенин ол корген екен.Бир кызыгы мойным тырмаланган куйи кызарып, тырнак пен кол издери калды.Бул тус емес , онимде болганы анық.
Содан бери катты берилип, Тылсым куш алемине ойымды аударуды койды
21 viewsӘ᧘ᥱⲙ κ᧐ρ᧐᧘ᥱʙᥲᥴы Sᥲκуρᥲ♀️, 11:48
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 14:48:19 Сенбі күні базарда бірге істейтін жолдасымның үйіне қонаққа бардық. Түнде үйге кештеу келдік. Үйге кірсек, үйдің іші астаң-кестең. Үйге біреу кіріп, ақтарған сияқты. Ұры түсті деп ойладық. Әйелім алтын заттары мен ақшаны қарады. Орнында екен. Оған да тәубе дедік. Теледидар мен видеомагнитафон да орнында тұр. Киімдерді қарадық, бәрі орнында сияқты. Сонда не іздеген деп ойладық.

Ертеңінде болған жайды көршіге айтып, «бөтен ешкімді байқамадың ба?» деп сұрадым. Ол менің бетіме қарап тұрды да, «саған қалай айтуды білмей жүр едім» деді. Мен жалма-жан нені дедім. Сөйтсем бұл үйдің сыры бар екен. Көршінің айтуына қарағанда, бұл үйдің тұрғызылғанына 5-6 жыл ғана болыпты. Екі жылдан кейін осындай жағдай басталған. Сонан соң үй иелері бұл үйден көшкен. Кейін жалға берген екен. Бірақ жалға алғандар да екі-үш айдан артық тұра алмаған. Кейін бұл үй жайлы әңгіме тараған. Сонан кейін бұл үйді сатып алам деген де, жалға алам деген де адам болмапты. Сол себепті бұл үй бос тұрған. Арзан сатыуының да себебі сол екен.

Қорқып қалар деп бұл жайлы әйеліме айтпадым. Дүйсенбі күні мал сойып, құран оқытып ас бердік. Түсініксіз құбылыстар тыйылғандай болған. Бірақ қуанышым ұзаққа созылмады. Демалыс күні түнде тағы ыдыс сынды. Ыдыс-аяқ жиналған шкаф төңкеріліп жатыр. Шыны ыдыс атаулының бәрі сынған. Келесі күні кешке жұмыстан келсек, үйдің ішінде киімдер шашылып жатыр. Әйелім балаларға ұрыса бастады. Бірақ балалар мектептен келгенде үйдің осылай шашылып жатқанын айтты. Әйелім сенбей балаларды ұрысып жатыр, мен үнсізбін, өйткені мұның сырын біліп тұрмын.

Ертеңіне жұмысқа барғанда әйеліме көршінің әңгімесін айтып бердім. Әйелім де бірдеңеден сезіктеніп жүргенін айтып, бірден бұл үйден көшейік деді. Мен де келістім. Үйді сату туралы жарнама бердік. Тез сатылсын деп бағасын да арзан етіп қойдық. Сол күннен бастап балалармен бір бөлмеде жататын болдық. Бірақ балаларға ештеңе деп айтқан жоқпыз. Үй бір айда сатылды. Бірақ сол бір ай ішінде ыдыс атаулы сынып бітті. «Үш күнен кейін көрге де үйренесің» демекші, күнде таңертең, кешке жұмыстан келгенде киім-кешектің шашылып жататынына үйреніп те қалдық. Түнде тасыр-тұсырға да мән бермейтін болдық.

Сол үйдің ақшасына басқа үй сатып ала алмайтын болған соң, қайта ауылға көштік. Оның үстіне әйелім де «балалардың амандығы керек, ауылға көшейік» деп отырып алды.

Кейін ол үйдің не болғанынан хабарым жоқ. Сатып алған адамға обал жасадым ба деп ойлаймын. Бірақ менің басқа амалым да жоқ еді.
19 viewsӘ᧘ᥱⲙ κ᧐ρ᧐᧘ᥱʙᥲᥴы Sᥲκуρᥲ♀️, 11:48
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 12:07:50 Каналдың бағытын өзгертейін бе? Или тұраберсінбе
32 viewsӘ᧘ᥱⲙ κ᧐ρ᧐᧘ᥱʙᥲᥴы Sᥲκуρᥲ♀️, 09:07
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 14:51:24 ☜Qorqynyshty angimeler☞ ☜El auzynda zhu'rgen an'yzdar☞ ♔BLD: @sakuradidl ♝Bas adminka: @teahyung0 ❀S/K: @Komiksteralemi https://t.me/qorqynyshty_alem
66 viewsСакура, королева тьмы [Бандитка], 11:51
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 12:56:16 ☜Qorqynyshty angimeler☞
☜El auzynda zhu'rgen an'yzdar☞
♔BLD: @sakuradidl
♝Bas adminka: @teahyung0
❀S/K: @Komiksteralemi
https://t.me/qorqynyshty_alem
22 viewsSᥲκᥙrᥲ', 09:56
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 12:33:02 Poze мына канал жабық!
38 viewsSeol , 09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 08:10:32 отбасы сол хабарландыруды алып, қартайғанда бейшараның күйін кешіп, туған баласы бас тартқан мүсәпір «әке-шешені» сатып алмақ болады. Оларды үйлеріне әкеліп перзенттік махаббатқа кенелтейік деп шешеді. Ақ ниетті жандар көрсетілген мекен-жайға да жетеді. Келсе, алдарынан зәулім үй шығады. Хабарландырудан қате кеткен шығар деп ойлайды жастар. Дегенмен, есіктің қоңырауын басып күтеді. Есікті жасы келген ақсақал ашады. Жылы күлімсіреген ол бұлардың не үшін келгенін байсалды түрде тыңдайды. «Бәлкім, біз адасып кеткен шығармыз?» деген сөздерге ақсақал: «Жоқ, сіздер тура келдіңіздер, Үйге кіріңіздер», -деп жастарды төрге отырғызады. «Қазір мен бәйбішемді шақырайын», - деп өзі ішкі бөлмеге кіріп кетеді. Кемпірін жетектеп, екеуі тез оралады. Сосын, жастарға жағдайды былай деп түсіндірген екен: «Бұл үйдің иесі- бізбіз. Бұдан да өзге құнды дүние – мүлкіміз мол. Бірақ біздің баламыз жоқ. Жиған-тергеніміздің барлығын ертең кімге қалдырарымызды білмейміз. Не де болса, иманды, ізгі ниетті, жақсы адамның қолына қалдырайық дедік. Сол үшін өзгеше хабарландыру берген едік. Мұндай хабарға тек ар-намысы мол адам ғана жауап қатар деп шештік. Мұндай тауарға сатып алушы табылатынына күмәнді едік. Сіздердің ниеттеріңіз- абройлы әрекет. Бізге зор қуаныш силадыңыздар. Біз іздеген жақсы адамдар сіздер екенсіздер. Ендеше біз бар дүние-мүлкімізді сіздерге қалдырғымыз келеді»
6 views ♕♡ℙ𝕆𝕊𝔼♡♕ , 05:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 08:10:13 Бұл хикая Жапон елінде болыпты. Токионың ең атақты газеттерінің бірі өзгеше хабарландыру басыпты. Мазмұны мынадай: «Әке-шеше сатам. Әкем 70, анам 65 жаста. Бағасы –мың иен. Бір тиын да түспеймін!»

Хабарландыруды оқыған адамдар таң қалысады. «Сұмдық-ақ, ақырзаман деген осы екен-ау, енді балалар әке-шешесін сататын болған ба?» Кейбіреу оған: «Билік мұндайға қалайша жол берген» — деп кейіпті.
Хабарландыруға байланысты көп шу шығады. Жұрт біршама уақыт бойы дүрлігеді. Оны үйде, көшеде, жұмыста, бүкіл ел болып ортаға салыпты.

Осы хабарландыру берілген газет, бір жас отбасының шаңырағына да келіпті. Олар жуырда ғана көлік апатынан қайтыс болған ата-аналарының асын беріп болған екен. Жоқтау айтып, қайғырып отырған жас отбасы өзге біреудің ата-анасын сатқысы келгенін хайуандық деп бағалайды. Байқұс ата-ана қандай күй кешіп жатыр екен деп қатты уайымдайды. Мұндай ұрпақтан не жақсылық күтуге болады.
6 views ♕♡ℙ𝕆𝕊𝔼♡♕ , 05:10
Ашу / Түсініктеме