Get Mystery Box with random crypto!

МИНИ ПИЦЦА: Қамыры: 4 стакан жылу су (400 мл ) 2 ас қасы | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

МИНИ ПИЦЦА:
Қамыры:
4 стакан жылу су (400 мл )
2 ас қасық ашытқа (дрожж)
1 ас қасық шекер
1 шай қасық тұз
4 ас қасық зәйтүн майы немесе сұйық май
ұн

Қамыры жұмсақ болса, ойдағыдай шығады. Қамырын 60 минуттың көлемінде ашыттым.

Бетіне:
2 қызанақ
2 сосиска
қара зәйтүн
жасыл зәйтүн
сыр
жүгері
көк бұрыш

Мен бетіне осы заттарды салдым, сіздер өздеріңізге ұнайтын заттарды салсаңыз болады.

Соус:
кетчуп
майонез

Мен соусын кетчуп майонезді араластырып жасадым.

Бәрін жасап болған соң, бетіне аздап тұз себіңіз 40-45 минуттың көлемінде піседі

Менің жасаған рецептімнен 24 дана пицца шықты, дәмі өте күшті шықты жасап көруге кеңес беремін.

Міне бар болғаны осы, жандарым!

zhuldyz food


Фото рецепттер: @damxana