Get Mystery Box with random crypto!

Su böreği (Турецкий борек) Қамырға заттары: 3 жұмыртқа 100 мл | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

Su böreği (Турецкий борек)
Қамырға заттары:
3 жұмыртқа
100 мл ыстық су
0.5 шай қасық тұз
400-500 гр ұн

Ішіне керек заттар:
500-600 гр ірімшік
100 гр сыр
Укроп немесе петрушка
Шымшым тұз

Қамырдың арасы жабыспау үшін ішіне:
150 гр сары май
100 гр сұйық май

Дайындалуы: Алдымен қамырын дайындап 15-20 минут демалдырамыз. Ыдысқа жұмыртқа, тұз, жылу су, ұнды салып жұмсақ қамыр илейміз
Ішіне ішімшік, тұз, сыр, укроп салып дайындап аламыз
Сары майды ерітіп үстіне сұйық май құямыз

Жасалуы: Бірінші қамырды жұқа етіп жаямыз. Қайнап тұрған суға 1 минуттай пісіріп алып сразу салқын суға саламыз. Сол кезде арасы жабысып қалмайды. Салқын суды ауыстырып тұрыңыз.
Табамыздың размеріне қарай қамырды табаға саламыз, 3 қабат қамырды жаямыз. Әр жайылған қамырдың арасына дайындаған майды жағамыз. Жабысып қалмас үшін.
Алғашқы үш қабатты қамырды жайып болған соң, бетіне дайындаған ірімшіктерді саламыз барлығын. Сосын үстіне тағыда үш қабат қамыр төсейміз
150-160 градуста 50-55 мин. пісіреміз
zhuldyz food


Фото рецепттер: @damxana