Get Mystery Box with random crypto!

5 минутта жоқ болатын КФС Қажетті заттар: 1 кг тауық аяқ | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

5 минутта жоқ болатын КФС

Қажетті заттар:
1 кг тауық аяқтары
2 сарымсақ
1 шай қасық қызыл бұрыш
2 шай қасық тұз
2 шай қасық паприка
Су

Бетіне:
2 жұмыртқа
150 гр ұн
150 гр кептірілген нан ұнтақтары (сухарики панировичный)

Жасалуы: тауық аяқтарына сарымсақ,қызыл бұрыш, қара бұрыш, тұз, паприка салып, үстіне салқын су құямыз. Тауықтың аяқтарының барлығы батып тұруы қажет. Холодильникте кем дегенде 4-5 сағат демалдыру қажет.
Бетіне: ең алдымен ұнға аунатып содан соң жұмыртқаға сосын кептірілген нан ұнтақтарына аунатамыз.
Қыздырып тұрған майға әбден қызарғанша пісеріміз.
Іші піспей сәл шикілеу болған жағдайда, духовкада 15-20 минут пісіріп алсаңыз болады.

Толық нұсқасы Ютуб каналымда! Сілтемесін өзімнің аккауныма жазып қоямын. Маған тіркеліп лүпіл басуды ұмытпаңыздар.

zhuldyz food


Фото рецепттер: @damxana