Get Mystery Box with random crypto!

iskender Керек заттар: 500 гр фарш 2 пияз Жарты балгар бұрышы | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

iskender
Керек заттар:
500 гр фарш
2 пияз
Жарты балгар бұрышы
2 көк бұрыш (тәтті)
Сұйық май
1 ас қасық томат
5 шт картошка
Тұз
Қара бұрыш
Паприка
Туралған нан
Қызыл бұрыш
2 помидор (үккіштен өткізілген)

Соус заттары:⠀
2 ас қасық томат
2 помидор(үккіштен өткізілген)
Су
Сұйық май
Тұз
Қызыл бұрыш
Кептірілген мята

Айранға кептірілген мята, сарымсақ аз ғана тұз қосып араластырамыз

Жасалуы: Майға фаршты 5-10 минут қуырып аламыз. Үстіне туралған балгар бұрышын, пиязды, көк бұрышты салып араластырамыз. Оттың астын орташа етіп, 20-25 минут пісіреміз. Үстіне тұз, бұрыш өзіңізге қандай дәмдеуіштер ұнайды барлығын салып 5-10 минут қуырамыз

Соустың жасалуы: Сұйық майға томатты, помидорды салып 4-5 минут пісіреміз, сосын үстіне аз ғана су құйып пісіреміз

İskender дайындалуы: Таза ыдыстың ішіне соусты жағып, туралған нанды саламыз. Бетіне тағы соусты және айранды құямыз. Үстіне қуырылған картопты салып, фаршымызды саламыз. Соусын және айранды құямыз.
zhuldyz food


Фото рецепттер: @damxana