Get Mystery Box with random crypto!

˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗

Telegram арнасының логотипі fanfik_1040 — ˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗ ˋ
Telegram арнасының логотипі fanfik_1040 — ˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗
Арна мекенжайы: @fanfik_1040
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 131
Арнадан сипаттама

ʚ˚⸝⸝🍽️↷ 𝓽𝓱𝓮 𝔀𝓸𝓻𝓵𝓭 𝓸𝓯 𝓯𝓪𝓷𝓯𝓲𝓬𝓽𝓲𝓸𝓷 ⊹ ࣪🎂ꕤ
💍⁝ ⊹ ᥴᥱн іᤋдᥱᴦᥱн ɸᥲнɸᥙκ ә᧘ᥱⲙі🍡♡˚
യ🎀𝗿𝗲𝗮𝗱 𝗵𝗼𝘁 𝗳𝗮𝗻𝗳𝗶𝗰𝘁𝗶𝗼𝗻🌟˙₊♡
♪➪[пиар бойынша: @karli_virt @Kwailbibi]

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-06-27 11:55:20 Барлығы ұшақта.Мемберлер жұмысшылардың арнайы бөлмесінде отыр. Олармен қоса оққағарларыда солай киініп, солармен бірге отырды. Тек Сен ғана жолаушылармен бірге саяхатшы боп отырсы

ң.Қара көзілдірік тағып,өткен-кеткенді аңдып отырдың.


5-бөлімнің соңы«♡»


@fanfik_1040
63 viewsлианна., 08:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 11:55:20 #қатыгез


5 бөлім«♡»


Барлығы əуежайда.Мемберлер касса алдына емес,сол жердегі басқа бір бөлмеге кірді. Ол жерде Сен отырсың.Бөлме іші жұмысшылардың киіміне толы.
Чимин:С/А,бізді неге бұл жерге шақырдың?
Тэхён:Бізге кассаға бару қажет.
Намджун:Қазір ұшақтың ұшуына əлі 2 сағат уақыт бар.
Чонгук:Ерте келген сияқтымыз.
Сен:Осы жердегі киімді киіңдер.Ұшаққа жұмысшы болып кіресіңдер.
Намджун:Мен кимеймін,-деп есіктен шығып кетпекші болды.Бірақ Сен оны ұстап қалдың.Намджунды кішкене бала ұқсатып жұмысшы киімдерімен киіндіріп қойдың.
Сен:Тағы қайсыңды киіндірейін?-дегеніңде мемберлер өздері киіне бастады.Сен мемберлердің заттарын ұшаққа өткізіп жібердің.Кейін ғимараттың бірінші екінші қабаттарына қарадың.Бір адамға күмəндана қарап қалдың. Құлағына наушник тағып:Екінші ғимараттағы баспалдақтан бірнеше метр алыс жердегі сөмке асынған,қоңыр күртелі жігітті аңду керек,-деп құлағындағы наушникке сөйлеп,басқа оққағарларға ескерттің. Сен тез мемберлер отырған бөлмеге келдің.Бөлмеде Чимин жоқ екен. Сен:Чимин қайда?
Намджун:Қазір əуежайдағы асханаға кетті.
Сенің көздерін от шашардай үлкейіп кетті. Сен:Енді ешкім шықпасын,біз келгенше күтіңдер,-деп есіктен асығып шығып кеттің.
Хосок:Неге мұнша асықты?
Чонгук:Чиминге бірдеңе болды ма?
Намджун:Құдайым-ай оны жібермеу керек еді.
Сен тездетіп əуежайдың асханасына келдің. Ол жерде Чиминге жаңағы өзі күдікті деген жігіт қолындағы сөмкесін берді.
Сен:Жаңағы мен айтқан адамды ұстаңдар,-деп өзің Чиминге қарай жүгірдің.Ал əлгі жігіт ізім-ғайым жоқ.Сен Чиминнің қолындағы сөмкені алып қойдың.
Сен:Чимин неге бұл жерде жүрсің? Жаңағы бөлмеге бар.Қанша жасырынсақта бұл жер өте қауіпті.
Чимин:Жарайды,-деп кетіп қалды. Сен сөмкені ашсаң ішінде бомба тұр.Бомбаға қарасаң бар жоғы 6 минуттай уақыт қалыпты.
Сен айналасындағы адамдарға:Қашыңдар, мына жерде қауіпті жарылғыш зат бар.Тез кетіңдер!-дедің.Адамдар сыртқа жүгіре бастады.Сенің есіне мемберлер түсті.
Сен:О құдайым,олар бұл уақытта оларға қалай жетем? Жеткен күннің өзінде,бұл жерден шыға алмайды.Бомбаны өзім тоқтатуым керек,-деп іске кірістің.Сол жердегі асханадан тездетіп пышақ əкеліп, бомбаның алдыңғы бөлігін алдың.Ішінде көк жəне қызыл сым тұрды.Қайсысын кесерінді білмей біраз тұрып қалдың. Осылай жүріп 15 секунд қалды.Сен əлі қайсысын кесерін білмей тұрсың.
Уақытты көріп:Біреуін кессем жарылады, біреуі тоқтады.Екеуінде кеспесем жарылады.Көкті кесейін,-деп тəуекелге бел будың.Уақыт бітуге шақ 4, 3, 2 Сен көк сымды қидың. Ақырғы секундта бомба тоқтады.Сен бомбаны тоқтатсанда жүзінде қуаныш жоқ.Кеудесін ашу кернеп барады. Сол кезде полиция қызметкерлері келді.
Сен:Осы уақытқа дейін қайда жүрсіздер?
Полиция:Сізді тұтқындаймыз.
Сен:Не?Мен дəл қазіргі уақытта жарылып кететін бомбаны тоқтаттым емес пе?
Полиция:Бұл заң.Сізге сөмкені берген адам табылмаса тұтқындаласыз.Бомбаны тоқтатсаңызда заң өз күшін жоғалтпайды.
Сол кезде Сенімен бірге жүретін оққағарлар келді.Қасында жаңағы қоңыр күртелі жігітте бар.
Сен сол жігітке:Міне мына жігіт.
Əлгі жігіт:Мен екеніне сенімдісің бе?Мені мыналар көшеде жүрген жерімнен алып келді.
Сен:Ей,сен.Қандай адамсың а?-деп оның ішінен ұрып,бетінен жұдырық бердің.Əлгі жігіт мұндай жағдайды күтпеген еді. Жерге шалқасынан бет аузы қан-жоса боп құлады.Полиция қызметкерлері Сені ұстап қалды.
Сен:Қане мойында,сенсің бомбаны алып келген.Мойындамасаң бұдан зорғысын көресің.Айт сені кім жіберді?
Əлгі жігіт мұндай ашулы қызды көрмегеннен соң ба,мойындап:Иə,мен алып келдім.Маған бір адам ақша берді. Осылай жаса деп қолыма жарылғыш зат берді,-деп ақталды. Полиция қызметкерлері жаңағы жігітті тұтқындап алып кетті.Солардың арасындағы біреуі келіп:Сіздерге үлкен алғыс айтамыз.Үлкен қауіп қатердің алдын алып қалдыңыздар. Қаншама адамдарды құтқардыңыздар,-деп ізеттілік көрсетті.
Сен:Қаншама адамдардың өмірін құтқардым.Бірақ мен олар үшін емес,басқа біреулер үшін тəуекел еттім,-деп кетіп қалдың.

Арадан 2 сағат өтті.
61 viewsлианна., 08:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 11:54:34 #қатыгез


4-бөлім«♡»


Сен жоғары көтеріліп кеттің.
Тэхён:Ей,жігіттер. Біз С/А-бен достастық.
Намджун:Мен тіпті не дерімді де білмеймін.
Джин:Оның екінші шарты бойынша: Сендер С/А-бен бірге күн сайын жаттығасыңдар.
Чимин:Қалай жаттығады екен?
Хосок:Тэхён екеумізге жаттығу істетіп қойса,бір түрлі сияқты ғой иə,-деп күлді. Тэхён:Былайма?1 2 3,-деп қолдарын сермеп жаттығу жасап,күліп жіберді.
Төбе жақтан:Мен олай жаттығу жасатудың қажеті жоқ деп ойлаймын,-деп Сен баспалдақтан түсіп келе жаттың.
Намджун:Сен расында оларға жаттығу жасату ойың бар ма?
Сен:Өздері қаласа,мейлі.
Тэхён:Жарайды,біз келісеміз.
Хосок:Иə,жаттығу деген не бопты ол?Біз бəрін істей аламыз.
Сен:Жақсы,көрерміз.
Джин:Қай жерде жаттығасыңдар?
Сен:Кең,ашық жай болса болды емеспе?
Чимин:Онда осы жер ашық қой,осында жаттыға беруге болады.
Сен:Онда бастайық,-дедің.Бұл кезде Чонгук пен Шуга да келген еді.
Сен:Сен,он рет жерге тартын,-деп Хосокты нұсқадың. Хосок келіп он рет тартынды. Сен:Ал енді мен сенің үстіңе отырамын, тағыда он рет тартын,-деп Сен Хосоктың арқасына түгелімен жайғаса отырдың. Хосок болса жайменен тартыла бастады.
Сен:Дұрыстап істе,қолың тіпті жиналған жоқ қой.
Хосок:Өйткені сен ауырсың.
Сен:Тартылған кезде кеуде жерге жерге тиюі тиіс.Хосок қолынан келгенін істеп жатты. Бірақ Сен айтқандай істеген жоқ. Ме
Сен:Төмен түс.
Хосок екі беттеп төмендеді.
Сен:Тағы.
Хосок жəне төмендеді.
Сен:Тағы
Бұл кезде Хосок жерге екі беттеп жата қалды.Барлық мемберлер жарылардай күлді.
Сен:Енді дұрыс.Енді көтеріл.
Тэхён:С/А,сен оны қинап жібердің ғой. Көтеріл дейсің.Мұнша қатыгез болмасаңшы.
Сен:Көтеріл.
Хосок:Салмағың қанша?
Сен:49 кг.Хосок сен үшін жаттығу деген не бопты?Саған 49 кг көтеру түкте емес.Қане көтеріл.
Хосок:Шаршадым.Ал сен осылай істеп көрдіңбе?
Сен:Иə істеп көрдім.Ол кезде менің үстіме 30 кг қызды отырғызып қойды. Мен барынша тырысып,оны он рет көтерген болатынмын.
Хосок:Ал мен 49 кг көтеріп тұрдым.Мұның əділетсіз ғой.
Сен:Бұл жердегі жігіттердің кішкентайының өзі 21-де.Мұндай дəрежеде бұл салмақты көтеру қиын болмауы керек. Мен 30 кг салмақты көтергенде 17 жаста болғанмын.Кейін үйленген соң не істейсіңдер?Жарыңды көлікке дейін көтеру қажет. Салмақты қоя тұрғанда оның тастары көп үлкен көйлегі бар.Ал ол ауырлықты көтере алмасаңдар, масқара,-деп бір қалыпта айттың.
Тэхён:Сен біздің досымыз емессің бе? Үйретсеңші.
Сен:Менімен достасу деген сөз-өмірлерің қауіпке толы болады деген сөз. Сондықтан менімен сөйлескендеріңді қаламаймын,-деп орныңнан тұрдың.
Тэхён:Бірақ...
Сен: Сендермен жүріп,көп сөйлеп қойған сияқтымын.Өз жұмысымды жасайын,-деп кетіп қалдың.
Чимин арқасынан:Бізбен жүріп, əлі бəдік боласың,-деді.Барлығы ду күлді. Сен артына от шашқан көздеріңмен аларып:Күлкілі емес, -деп кетіп қалдың. Жігіттер жым-жырт бола қалды.

#Түн
Сен үйдің шатырында отырсың. Салқын соққан жел,адамды ерітіп əкетердей.Түнгі тыныштық.Бұл тыныштықты адамның жөтелі бұзды. Ол-Намджун екен.
Сен:Бірдеңе болды ма?
Намджун:Ештеңе емес.Ертең түсте Лось-Анжелеске ұшамыз.Ұшатынымызды ешкім білмейді. Барлығы жасырын түрде болады. Ал бір аптадан соң сол жерде концерт береміз. Бұлай ерте баруымыз-болатын қиындықтардың алдын алу.
Сен:Жарайды,түсіндім.Енді ішке кір. Шатыр қауіпті. Намджун ішке кіріп кетті.Ал Сен аспандағы жұлдыздарға қарадың.

#Келесі күн.
Жігіттер дайындалып,əуежайға жиналып жатыр. Сендер қара газельге мініп,əуежайға жол тарттыңдар. Оққағарлар артынан-алдынан басқа көліктерге мініп,сендерді əуежайға дейін күзетті. Əуежайға да келдіңдер.


4 бөлімнің соңы«♡»


@fanfik_1040
59 viewsлианна., 08:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 11:09:52 қатыгез


3 бөлім«♡»


Чонгук барып есікті ашып қалды. Бөлмеде Сен киінбекші боп киімдерінді шешіп жатырсың Чонгук саған біраз қарап тұрды.
Сен Чонгукты байқап:Бірдеңе болды ма?
Чонгук:Ааа ештеңе емес.Кешір байқамай қалдым,-деп есікті қатты жауып қалды. Чонгук артқа бұрылып,жігіттерге келе жатыр.
Хосок:Ей Чонгук.Сен ештеңеде айтпай есікті қатты жапқаның не?
Чонгук:Оның прессі бар.
Тэхён:Не?
Чонгук:С/А,оның денесінде прессі бар.Дəл біздікіндей.
Джин:Қойшы рас па?
Чимин:Оның прессі бар екенін қайдан көрдің?
Чонгук:Мен есікті ашып қалдым.Ол киіну үшін,киімін шешіп жатыр екен.
Намджун:Енді ол не істеді?
Чонгук:Мен тіпті есікті тоқылдатпадым да ғой.Ол маған ашулы болса ше?-деп диванға отырып,басын еңкейтіп, шаштарын қолдарымен артқа қайырды.
Шуга:Саған ашуланса енді,-деп екі көзі домалақтанып,басын қасыды.
Чонгук:Содан соң есіктен өшім қалғандай, есікті қатты жауып кеттім.
Тэхён:О құдайым,Чонгук тез қаш.
Чонгук:Дұрыс айтасың,менің қашуым керек.
Намджун:Сендер қуасыңдарма?
Тэхён:Жоқ қумаймыз.Керісінше Чонгук қашады.
Намджун:Қазір əзілдейтін уақыт емес.Ай Хосок кешіруің үшін осылай айтуың керекпе еді?
Хосок:Мен жай қалжыңдайын дегенмін.Білсем бұлай айтпас едім ғой.
Тэхён:Чонгук,одан да қаш,-деп шығар есікті сілтеді. Шығар есік Сен кіріп кеткен бөлмеден кейін тұр еді.Чонгук шыныменде шықпақшы боп орнынан тұрып,есікке беттеді.Жетейін дегенде оның алдынан Сен есікті ашып шығып қалдың.
Сен:Қайда барасың?-дедің.Чонгук артқа бірнеше қадам тастап шегінді.
Чонгук бір жұтынып:Мен бе?Сыртқа шығайын деп...
Сен:Не?
Тэхен жігіттерге:Оған қараңдаршы ашулы секілді,-деп сыбырлады.
Чонгук:Мен сыртта серуендеуге шықпақшы болдым.
Сен:Сен сондай ақымақсың ба?Сен қазір сыртқа шығып серуендесең,өліп кетем деп ойламайсың ба? Сендерді қанша оққағар онда неге күзетіп жүр?Ешқайда бармайсың,-деп Сен өзің сыртқа шығып кеттің.Чонгук терең тыныстады.
Чонгук:Уфф,қандай адам өзі а?Адамды қорқытқаннан басқа түк бітірмейді,-деген уақытта Сен ішке кіріп келдің. Бұл уақытта Чонгуктың төбе шашы тік тұрды.Іштей" Менің сөздерімді естіп қоймаған болса екен"деп тіледі.
Сен:Сен,-деп қолын Чонгукке сілтедің. Чонгук:Не мен бе?Мен ештеңе айтқан жоқпын,-деп саған ақтала бастады. Сен:Сенің не айтқаныңды білмеймін.Ал менің айтайын дегенім "қайта ашар есікті, қатты жаппа",-деп қайта сыртқа кетіп қалдың.
Чонгук:Мен қазір естен танатын шығармын,-деп жерге отыра қалды. Мемберлер Чонгуктың қасына жүгіріп келді.
Намджун:Ей,орныңнан тұр.
Чимин:Оған қарағанда ашулы емес сияқты.
Тэхён:Бұл қыз адамды жынды қылады.
Джин:Бірақ мұндай мінезімен бізді жақсы қорғайтыны сөзсіз.
Хосок:Сəл болмағанда С/А мені ас үйге барғаныма өкіндірейін деп жіберді ғой,-деп Чонгукке қарап күлді.
Чонгук:Қорқынышты қалжың болды,-деп Хосокпен бірге күлді.
Шуга:Бəрі жақсы сияқты.Мен кеттім, ұйықтаймын,-деп кетіп қалды.
Тэхён:С/А-бен достассақ қалай болады?
Намджун:Тэхён,осы сен ақымақ болып, мені таңқалдырудан жалықпайсың. Ол оққағар ғой.Ол сондай мінезімен бізбен достасады деп ойлайсың ба?
Хосок:Несі бар?Мен Тэхёнге қосылам.
Джин:Жарайды,тырысып көріңдер.
Чонгук:Мен қазір ештеңе айта алмаймын. Тынықпасам есімнен адасатын сияқтымын,-деп бөлмесіне кетті. Сен үйге қайта кіріп келдің.Тэхён мен Хосок екеуі бірге Саған келді.
Тэхён:Мм С/А,саған бірнəрсе айтуымыз қажет.
Сен оларға кезек-кезек қарап:Иə тыңдап тұрмын
Хосок:Біз сенімен жақын араласып, достасқымыз келеді.
Тэхён:Иə,сенің мінезің ауыр болғанымен, жаңа сенің Чонгукке ұрысқаныңды көріп, сенің мейрімді екеніңді білдім.
Сен:Жағымпазданбаңдар,-деп кері бұрылдың.Хосок сенің қолыңнан ұстап,өзіне қаратты.
Хосок:Біздің сөзімізді естігің келмейме? Дос болу саған ұнамайма?
Сен:Дос болу?Жарайды.Тек екі шартпен. Бірінші-менсіз ешқайда бармайсыңдар. Екінші-менімен бірге күнде жаттығасыңдар.
Хосок пен Тэхен екеуі бірге:Жақсы,солай-ақ болсын.
Сен жоғары көтеріліп кеттің.
Хосок Тэхён екеуі бір бірін құшақтап:Қолымыздан келді,-деп қуанып жатты.


3 бөлімнің соңы«♡»


@fanfik_1040
76 viewsлианна., 08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 10:48:44 Қатыгез


2-бөлім«♡»


Арадан 5 минут өтті.Жігіттер шокта тұр. Себебі жаңағы төрт жігітте осы уақыт ішінде еденге сылқ құлап,естерінен танды. Чимин сыбырлап:К-к-көрдіңдер ме? Анау барлығының түбіне жеткен сияқты.
Чонгукта сыбырлап:Ең соңғы жігітті қалай басынан тепкені ше?
Тэхён:Төбеде 2 рет айналып түсті ғой.
Намджун:Қане,бөлмемізге барайық. Жаңағы айтқаны естеріңде ме?
Хосок:Біз екенімізді біліп қойса,-деп жігіттерге қарады.Олар сол мезетте ақ бөлмелеріне тарасты.

#Pov_avtor_
Өздеріңіз түсінгендей:
Сен BTS мемберлерінің оққағарысың.Ол топқа кімнің қастандық жасанғанын таппайынша, жігіттерді қорғайтын боласың. Сен көп сөйлегенді ұнатпайдықтан,өзіңнің атынды ешкімге айтқың келмейді.
#Pov_avtor_end

#Таң.
Намджун төменге түсіп келе жатқанда Сенің диванда ұйықтап жатқанынды көрді. Намджун:Бізді қорғаған түрі осыма?Ұйықтап жатыр ғой,-деп Сенің қасына келіп жүзіне үңілді.
Сен:Мен бəрін естідім.
Мұны Намджун естіп шошып кетті.
Сен:Менің кезекшілік уақытым түнгі 21:00-ден таңғы 6:00-ға дейін.Ал қазір сағат 6:04 болды,демек демалуыма рұқсат,-деп көзінді аштың. Орныңнан тұрып бара жатып,артына қайта
бұрылып Намджунға:Неге олай жасадыңдар?
Намджун:Біз не істеппіз?
Сен:Түндегі жігіттерді айтам.
Намджун:Аа ол ма?Ендііі...
Сен:Болды,жетеді.Түсіндім,-деп сыртқы есіктен далаға шығып кеттің.
Намджун терең күрсініп:" Өлтіріп қоя ма? " деп едім,-деп жағасын ұстады.Намджун жігіттерді тұрғызуға кетті.Жігіттер тұрып таңғы ас ішті.
Намджун:Ол түндегі болған жайттың жоспар екенін біліп қойды.
Чимин:Кім?
Намджун:Оққағар қызды айтам.
Чонгук:Қыз болса да мықты екен.
Тэхён:Аха,айтпақшы оның аты кім?
Джин:Ағайдан сұрап көрейін,-деп ағайға хабарласып,басқа жаққа кетіп қалды. Біраздан соң қайта келіп:
Оның аты-С/А(сенің атың).Жасы 25-те.
Чонгук:Ёё Джиннан басқа барлығымызға нуна екен ғой.
Чимин:Маған нуналар ұнайды.Ей оны қойшы,бойын айтсай. Менімен бірдей,тіпті ұзын сияқты.Ал қыздардың бойлары менен кіші болуы тиіс.
Шуга:Дұрыс айтасың.Бірақ қыз нәзік болуы тиіс.Əйтпесе С/А-дай болатын болса қорғай алмай қалсақ,масқара!-деп екі бетін ұстады.
Намджун:Көп сөзді қойыңдар.Бүгін ешқайда шықпаймыз.Демалыңдар!-деп қуанғандай екі қолын көтерді.Жігіттер өз бөлмелеріне кетіп қалды. ВиГуктер əңгімелесіп,бір бөлмеде отыр.Бөлме есігі ашық болатын.Есіктен қарама-қарсы жақта баспалдақпен көтеріліп Сен келе жатырсың. Жігіттер сенің келе жатқанынды көріп
-Бізге келе жатыр ма?-деп Чонгук Тэхёнға қарады.
Тэхен:Солай сияқты,-деп Чонгукты қатты құшақтап алды.
Чонгук:Ей,не істеп жатсың?
Тэхён:Ол бізді осылай көрсе бізді анандай ойлап қалады.Сөйтіп келмейді.
Чонгук:Іске асса екен.
Сен келе жатқан жеріңнен,бұрылып кетіп қалдың.
Тэхён: Ууф,кетіп қалды.Кешегі істегеніміз үшін,кешегілерді ұрғандай ұрама деп едім.
Чонгук:Мен болсам іштей оммамды ойлап, сағынып кеттім ғой,-деген бойда екеуіде күліп жіберді.
Тэхён:Ей Чонгууук,-деп Чонгукқа сызылып, қасына жақындап оны иіскеді.
Чонгук:Ей кетші бар,адаммен ойнамай,-деп бұлданып кетті.
Тэхён:Мəə,реакциясын қарасайшы, ашуланып,жұлқынып кеткенін!-деп жарылардай күлді.Чонгук Тэхённың бөлмесінен кетіп қалды.

#Түс_уақыты.
Хосок баспалдақтан түсіп келе жатыр. Төменде Сен қолыңа киім ұстап бір бөлмеге кіріп кеттің. Ал Хосок ас үйге кіріп,тоңазтқыштағы бөтелкені алды.Оны ішіп ас
үйден шығып жатқанда,ар жақта келе жатқан Чонгукпен соқтығысып қалды. Бөтелкедегі су Хосоктың бетімен үстіне төгіліп кетті.
Хосок:Ай не істедің?
Чонгук:Кешірші хён,байқамай қалдым.
Хосок:Сен бірнəрсе істемесең кешірмеймін.
Чонгук:Не?
Сол кезде барлық жігіттер төменге түсті.
Хосок:Иə,барда анау бөлменің есігін аш. Жаңа оған С/А кіріп кеткен болатын.Есікті ашып С/А-дан "Жағдайың қалай?"дейсің. Сол кезде кешірем.
Чонгук:Ей,хён бұл əділетсіз ғой.
Хосок:Бар,бар.Əйтпесе кешірмеймін.
Чонгук:Жақсы,жарайды,-деп есікке беттейді. Чонгук барып есікті ашып қалғанда.....



2 бөлімінің соңы«♡»



@fanfik_1040
79 viewsлианна., 07:48
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 19:28:43 Чонгуктың қолын мықтап ұстап алдың да:Көп сөйлеген зиян. Мен сендерді өзім қорғасам,өзім өлтіремін,-деп Чонгуктың қ

олын сілкіп жібердің.Сен Кан Чи Ху айтқан бөлмеге кеттің.
Намджун:Адаммен мәмілесі жоқ.Өзін мықтымын деп ойлайма?
Чимин:Менде мұның мықтылығына сынау үшін бір жоспар бар,-деп бір миығынан күлді. Жігіттер Чиминнің айтқан жоспарына келісе кетті.
#Түн_ортасы
Сен үйдің ішін күзетіп жүрсің.Екінші қабаттан түсіп келе жатқанда алдыңнан 4 жігіт шықты.
Олардың біреуі алдыға шықты да:Саған мұндай жерлерге орын жоқ.Өз ісіңмен айналыс.
Сен:Көп сөздің қысқасы-менімен күш сынасқыларың келеді,солайма?
Жаңағы жігіт:Жарайды,сенің айтқаныңдай болсын,-деп Сені кекеткендей болды.Сен жігіттерді қолыңмен шақырдың. Бұл мемберлердің жоспары болатын.Оларды көру үшін мемберлер сырттай аңдып тұрды.Арадан 5 минут өтті.Мемберлер шокта тұр..........



1 бөлімнің соңы«♡»



@fanfik_1040
88 viewsлианна., 16:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 19:28:43 New FANFIK

Тақырыбы: #Қатыгез ...

Басты кейіпкерлер: Сен,BTS мемберлері

Қосалқы кейіпкерлер:Пак Вон Паль,Бан Ши Хёк,Ли Джун Ки,Кан Чи Ху.

Жанры:трагедия,комедия,достық,боевик.

Бөлім саны:???

Авторы: @lianna_f


1 бөлім«♡»


#Кеш.
Үлкен ғимарат.Бір бөлмеде екі адам теледидардан жаңалықтар қарап отыр. Жаңалықтарда:"Аты əлемге əйгілі BTS тобына тағыда қастандық жасалды. Бұл жолы тағы да олардың жолдары болып, аман қалды.Арми саны артқан сайын, хейтерлерде көбеюде "дегенде Бан Ши Хёк теледидарды сөндіріп қойды. Кейін қасындағы отырған Пак Вон Пальмен Бан Ши Хёк екеуі біраз сөйлесті.
Пак Вон Паль:Бұл жақсы,жоқ үздік оққағар бола алады,-деп Пак Вон Паль кофесін ішті. Бан Ши Хёк:Не?Қыз бала?Қалай болады? Мен тіпті қыз баланың оққағар болатынын да естімеппін. Ал сен оны үздік деп айтасың,-деп күлді.
Пак Вон Паль:Иə,барлығы дəл сен сияқты айтқан.Бірақ бұл оққағар барлығын өкіндірген. Оны мықты қылып тұрған қатігездік пен мықты рух.
Бан Ши Хёк:Көрейік,бəрібір кім болса да мықты оққағар болуы тиіс.
Пак Вон Паль:Алаңдама.Ал ары қарай келісуіміз керек.
Бан Ши Хёк:Қорғайтын басқа болса,сен неге алуың керек? -деп қалтасынан бір конвертті шығарып,үстелге қойды.
Пак Вон Паль:Оған бұл ақшалардың құны жоқ,-деп үстелдегі конвертті алып күлді. Бан Ши Хёк:Оны шақырмайсың ба?
Пак Вон Паль:С/А(сенің атың) ішке кір,-деді.Есіктен шашын түйген,қара киім киіп алған қыз кіріп келді.
Бан Ши Хёк:Ал С/А,өзіңде білесің.Оққағар болып,жігіттерді қорғау керек,менімен жүр,-деп сыртқа шықты.Сен оның артынан ердің.Екеуің көліктің артына отырдыңдар, алдында жүргізуші айдады. Бан Ши Хёк Саған не істеу керектігін айтып отырды.Сен оған бір ауыз сөз де айтпадың.Кейін 2 қабатты үйге келдіңдер. Есік алды,үстіңгі қабатта түгел қорғау қызметтері тұр екен. Бұл жердегі Сенің қызметің-осы үйдегі 7 адамның оққағары.Міндетің-сол адамдарды жауларынан қорғау. Бан Ши Хёк пен Сен үйге кірдіңдер.Алдарынан бір жігіт шықты.
Ол:Келдіңіз бе?
Бан Ши Хёк:Иə,ал мынау тұрған енді сендердің оққағарларың болады.
Жаңағы жігіт:Мынау ма?А сен қонақ бөлмеге бара бер,-деп Саған қолымен қонақ бөлмені нұсқады. Сен сонда кеттің. Жаңағы жігіт Бан Ши Хёкқа:Қалайша оққағар болады?Ол қыз бала ғой.
Бан Ши Хёк:Білмеймін,сонда да сынап көрейік.Мен кеттім,-деп үйден шығып кетті.
Жаңағы жігіт артынан:Бірақ бұл қалай болады?Қап,мені естімейді,-деп қонақ бөлмеге кетті.Онда бірнеше жігіт пен Сен отырсың.
Жігіттердің біреуі орнынан тұрып:Ей Намджун мына қыз кім?Неге мұнда отыр?-деді бөлмеге жаңа ғана кірген жігітке.
Намджун:Ағайдың айтуынша,біздің жаңа оққағар екен,-деп қастарын көтере сөйледі.
Əлгі жігіт Намджунның қасына жүгіріп келді. Ол Тэхен еді.
Тэхен:Қалайша?Ол қыз ғой.
Олардың қасына басқалары да келіп Намджунға сұрақты жаудыра түсті.
Чонгук:Бұл жасырын камера ма?
Чимин:Солай болса екен.
Шуга:Қаншама мықты деген оққағарлар көз алдымызда өлім құшағына енді.Ал ол қалай?
Хосок:Ойлаудың өзі қызық.
Джин:Ағай біздің осы кездегі реакциямызды көргісі келген шығар. Қалжыңы жақсы екен.
Намджун:Тоқтай тұрыңдар,менде ештеңе түсінген жоқпын.Расында оққағар шығар. Одан да өзінен сұрайық.
Чимин:Жарайды,мен сұрап көрейін,-деп диванда отырған қызға қарама-қарсы отырды.
Чимин:Сəлем,сен біздің жаңа оққағарсың ба?Есімің кім? Өзің туралы айтып берсең, тəжірибелерің жайлы не айтасың?Бізді қорғай алатыныңа сенімдісің бе?
Сен:Бұл жерде сөйлеу үшін келген жоқпын,енді бөлмелеріңе барыңдар.Бүгін кезекшілікте боламын.
Чонгук:Ей біз жай ғана сен туралы білгіміз келеді.Мұнша дөрекілік танытқаның не?
Сен ештеңеде айтпадың. Есіктен бір адам кіріп келді.Ол-Кан Чи Ху.Ол Саған қара киім берді.
Чи ху:Мен осындағы оққағарлардың үстінен қараймын.Атым-Кан Чи Ху.Мынау оққағардың арнайы киімі.Мына бөлмеге барып киіміңді ауыстыр.
Сен басынды изеп киімдерді алдың.Ал жігіттер Сенің үнсіздігіне ашуланды.Сен орныңнан тұрып бара жатқанда,Чонгук сенің қолын ұстап қап өзіне қаратты. Чонгук:Өзіңді сонша кіммін деп тұрсың а?
Сен оның қолын сілкіп жіберіп,
85 viewsлианна., edited  16:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 05:56:56
New FANFIK

Тақырыбы: Қатыгез ...

Басты кейіпкерлер: Сен,BTS мемберлері

Қосалқы кейіпкерлер: Пак Вон Паль,Бан Ши Хёк,Ли Джун Ки,Кан Чи Ху.

Жанры:трагедия,комедия,достық,боевик.

Бөлім саны белгісіз
83 viewsлианна., 02:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 04:24:14 Қалайсыздар? Көптен бері жоғалып кеткенім үшін кешірім сұраймын!
79 viewsлианна., 01:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 04:23:21 Қайырлы таң!
79 viewsлианна., 01:23
Ашу / Түсініктеме