Get Mystery Box with random crypto!

˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗

Telegram арнасының логотипі fanfik_1040 — ˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗ ˋ
Telegram арнасының логотипі fanfik_1040 — ˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗
Арна мекенжайы: @fanfik_1040
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 131
Арнадан сипаттама

ʚ˚⸝⸝🍽️↷ 𝓽𝓱𝓮 𝔀𝓸𝓻𝓵𝓭 𝓸𝓯 𝓯𝓪𝓷𝓯𝓲𝓬𝓽𝓲𝓸𝓷 ⊹ ࣪🎂ꕤ
💍⁝ ⊹ ᥴᥱн іᤋдᥱᴦᥱн ɸᥲнɸᥙκ ә᧘ᥱⲙі🍡♡˚
യ🎀𝗿𝗲𝗮𝗱 𝗵𝗼𝘁 𝗳𝗮𝗻𝗳𝗶𝗰𝘁𝗶𝗼𝗻🌟˙₊♡
♪➪[пиар бойынша: @karli_virt @Kwailbibi]

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-11 11:10:22 Чонгук:Жақсы,-деп сенің қасына барды. Ал Чимин орнынан тұрып,Чонгуктың құлағына:Ол сені аямайтын шығар,-деп сыбырла

п күлді.
Жігіттер бөлмеден шығып кетті.Ал Чонгук пен екеуің бөлмеде жалғыз қалдыңдар. Чонгук:Иə,не айтасың?
Сен орныңнан тұрып,үстіндегі қара костюмынды шештің.



5-бөлімнің соңы«♡»



@fanfik_1040
30 viewsЛину., 08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 11:10:22 #қатыгез_2_маусым_Тәтті_сезім


5-бөлім«♡»


Сен сыртта ойланып,байыз таппадың. Қалай болса да Чонгукпен сөйлесуің керек. Бірақ ол көрмеген болса ше?Əлде көрді ме?Бұл сұрақтар сені қатты алаңдатты. Алайда Чонгукке баруды жөн көріп,үйге кірдің. Кірсең үй тыныш.Бірақ сол кезде үйге бір топ қару ұстаған адамдар кірді. Саған бірден оқ ата бастады.Алайда сен диванның артына тығылып үлгердің. Оқтардың дыбысын естіген оққағарлардың біразы бірінші қабаттан түсіп,ал қалғандары мемберлерге кетті.

Бірінші қабат.Сен артыңнан қару шығарып, оларға қарсы ата бастадың. Бірақ бəрібір жалғыз өзіңнің шамаң жетпейді.Іштей жігіттерді ойлап отырсың. Аман ба жоқ па? Қайда екенін білмейсың.Алайда олардың мұнда жоқ екеніне іштей қуандың.

Екінші қабат.
Оққағарлар əр мембердің бөлмесіне жеке кіріп, оларды сырттағы қауіп-қатерден қорғады.

Саған олардың көптігі əсер етуде.Бұрын мұндайдан қорықпайтын қыз,қазір үрейленгені сонша жүзің сұрланып кетті. Бірде жан-жақтан оқтардың дауысы шықты.Олар оққағарлар екен.Сен оққағарларды көріп терең күрсіндің. Оққағаларды көріп,қорқынышың сейілді. Айналадан жиналған оққағарлардың арқасында бір топ қаруланған адамдар мерт болды. Бірақ бір адам қалған болатын. Ол алдындағыларға оқ атып,есіктен қашып шығып кетті. Ал сен және оққағарлар оның артынан қуып кетті.
Сен:Оны еш жарақаттамай ұстауымыз қажет. Бұның артында кім тұрғананын білу керек.
Оққағарлар қаруларын артына салды. Олар қашқан жігіттің артынан ұзақ жүгірді.Сенің жүгіруі бəсеңдей түсті.Қашқан жігіт шапшаң болғандықтан,бос тұрған мотоциклге отырып кетті. Оққағарлар жүгіруін тоқтатқан жоқ.Ал сенің жүрегің лезде қатты соға бастады.Сен жүгіруінді
тоқтатып,терең тыныстап жатырсың. Сен қанша рет тыныс алсаң да,саған бүкіл əлемнің ауасы жетпейтін сияқты.Бәрібір саған ауа жетіспей,мына əлемде сығылып бара жатқандай. Тап бір ауасыз кеңістікте өмір сүргендей.Қалтаңнан ұялы телефонынды шығарып,көшедегі бір бағанаға сүйендің.Номерді қолдарың дірілдеп терді.Қоңырау барды.
Ар жақтан:С/А,амансыңдар ма?-деген Намджунның даусы шықты. Ал қасынан жігіттердің шуы естілді.Ал сенің сөйлеуге тіпті шамаң жоқ.Жай,олардың амандығын естіп қуандың.
Намджун:Алло?С/А?Жауап бер.
Сен: .......
Ар жақтан:Маған берш,-деген сөз шықты. Ол телефонды алып:Алло,С/А.Бұл мен Чонгук.Сенде бəрі жақсы ма?Өтінем қайдасың?бізге айт. Біз қасыңа барып,сені алып кетеміз.Алло?Өтінем сөйлеші.
Ал сен бұл сөздерді еміс-еміс қана естідің. Себебі көздерің қарауытып,жерге басың айналып құладың.

#Кеш.
Сен төсекте ес-түссіз жатырсың.Бірде сен көздерінді аша бастадың. Айналаңа қарап бір бөлмеде жатқанынды сездің.Ал алдында жігіттер отыр.
Чонгук:Есіңді жидың-ау ақыры.
Намджун:Жағдайың қалай?
Джин:Неге талып қалғансың?Бізді қатты алаңдаттың ғой.
Шуга:GPS-тің болғаны қандай жақсы, əйтпесе сені дер кезінде құтқара алмас едік.
Сен:Дер кезінде?
Шуга:Енді сен көшеде талып қалғансың ғой.
Сен:Көшеде?Болған жайттар есімде жоқ. Есіме түскені менің басқа қарулы топпен атысып жатқаным.Оны қойшы,өздерің амансыңдар ма?
Чимин:Иə,бізді оққағарлар қорғады.Ал қарулы бір топ кірер кезде есік алдындағы жəне шатырдағы оққағардың біреуін қалдырмай өлтірген.
Сен:Айтпақшы,бір жігіт тірі қалды.Енді есіме түсіп жатыр.Ол қайда?Ол ұсталды ма?
Чонгук:Өкінішке орай жоқ.
Сен:Қап,құдайым-ай.
Сол кезде есіктен Бан ағай ішке кірді.
Ол:О,С/А ,ояныпсың ғой.Жағдайың жақсы ма?
Сен:Иə.
Чонгук:Іім,С/А бірдеңе сұрайыншы.
Сол уақытта сенің ойына өзің киініп жатқанда Чонгуктың бөлмеге кіріп келгені есіңе түсті. Сені тағы Чонгук көріп қойды ма деген сұрақтар мазалады.
Сен:Не?Айта бер.
Чонгук:Сен неге талып қалдың?Тіпті бізге өзің хабарласып алып,ештеңе айтпадың ғой.
Сен:Шаршағаннан болар.
Бан ағай:Ауырып жүрсің бе?-дегенде сенің үстіне суық су құйып жібергендей болды. Сен бірден:Жо-жоқ.Керек емес.Мен ауырып тұрған жоқпын.
Намджун:Шынымен бе?
Сен:Əрине.
Бан ағай:Олай болса біраз демалып ал. Жігіттер сендер шығыңдар.
Сен:Чонгук,сен қалшы.
Чонгук:Неге?
Сен:Бірдеңе айтам.
30 viewsЛину., 08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 20:32:15 джун:Қазір бөлмеңе кіріп,есігіңді іштей құлыптап ал.
Тэхён:Алдынғысында ештеңе демеген еді. Енді...
Шуга:Ол кезде С/А-дың ойынша Чонгук көгілдір(гей) болған,-деп күлді.Барлығы күле-күле көздерінен жас шықты.
Чонгук:Бірақ ол...,-деп оның ойында тек сенің арқаңдағы дақ болатын.Ол жарақаттан қалған іздей боп көрінді. Бірақ ол рас па?Өтірік пе?Өйткені алғаш көрінгенде ондай нəрсе жоқ болатын.
Джин:Не?Бірдеңе болды ма?
Чонгук ойланып тұрып:Ештеңе емес,-деп айтпауды жөн көрді.

Сен сыртта жүрсің.Іштей:Ол қашан кірді? Ол көріп қоймаса екен.Көрсе оның білмей қоймайтыны анық. Бірақ ол сұрамаса да, мен туралы бәрібір барлығы біледі. Қап, Құдайымай!Оған бекер көзіме көрінбе деппін,-деп күрсіндің. Шынында сен Чонгукке ашулы емессің.Жай ғана арқаңдағы дақ пен Чонгук сені алаңдатып отыр.



4-бөлімнің соңы«♡»



@fanfik_1040
17 viewsЛину., 17:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 20:32:15 #қатыгез_2_маусым_Тәтті_сезім


4-бөлім«♡»


Сен сыртта жүрсің.
Сен:Ақымақ,оның басында тауықтың миындай ми бар ма? Адамды құшақтағаны несі? -деп бұлданып жүрсің.
Кейін:Бірақ ол жай ғана құшақтады емес пе?Неге ол кезде жүрегім тез соқты? Бұлай тек мен қатты қорыққанда ғана болатын. Бірақ оның бұл əрекетінен,жүрегім аузымнан шығарды-ай болды. О,Құдайым, не айтып кеттім?Қашаннан бері болмайтын нəрсені сөз ететін болғам?-деп бетінді бастың.

#Үйдің_іші.

Жігіттер қуанып отыр.
Ал Чонгук:Мелинда бізге емделдім деді емес пе? -деп оларға сұраулы жүзбен қарады.
Намджун:Оның айтуы бойынша ол жарылыс болған кезде,үйден енді шыққан.
Шуга:Біз ол жерден алыс болсақ та, жарылыс бізге де əсерін тигізді емеспе? Құлағымыз бірнеше сағаттай естімей қалды ғой.
Хосок:Демек,С/А жарақаттанған ғой.
Джин:Ол жай ғана емделдім деді.Оның қайта оққағар болуы С/А-дың қатты зардап шекпегені анық.
Чонгук:Иə,оққағар болу қиын.Ол үшін мықты,денің сау болу керек.Ол зардап шекпеген болса екен.
Тэхён:Ал мен С/А зардап шексе де, шекпесе де,оның тірі боп келгеніне қатты қуанып тұрмын.
Чонгук:Бірақ мен ол туралы білгім келеді. Оның ауырғанын қаламаймын.Оған не болса да білуім керек.
Чимин:Ол туралы өзінен басқа ешкім білмейді.Ал С/А саған өзі туралы бірдеңе айтады деп ойлайсың ба?
Чонгук:Ал мен оның жолын білем!-деп арам жымиды.
Тэхён:Қандай?
Чонгук:Əдеттегідей,қазір С/А үйге келсін,-деп жымиды.

#Үйдің_сырты.
Сен:Мен мына киімді ауыстырып басқасын кимесем буынып өлермін,-деп үйге кірдің. Кірсең жігіттер диванда отыр.Сен оққағарлардың жеке бөлмесіне кіріп кеттің.
Чонгук:Міне,енді бастайық,-деп сен кірген бөлмеге беттеді.
Тэхён:Ооуу,Чонгук.Сенің ойлап таппайтының жоқ.
Шуга:Солай барсаң,ол саған бірдеңе айта қояды дейсің бе?Ол саған тағы ұрсып тастайды.
Чонгук:Ол - қатыгез емес,-деп есікті ашып кіріп кетті.
Хосок:Жолың болсын. Қайта оралуыңа тілектеспіз!-деп жымиды.Ал жігіттер күлкіден жарылды.
Чонгук ішке кірді.Ал бұл бөлменің ар жақ бұрышында таныс бейне тұр. Үстіндегі киімдерін шешуде.Денесінде тек іш киімдері ғана қалды.Аяқтары түзу,түсі ақ, денесі қаз қалпында. Ол əрине - сен. Чонгук сені осылай екінші рет көріп тұр.Алғашқы сəтінде оның тек прессі бар екенін көріп таң қалған. Ол кезде сен оған ұрысқан жоқсың.Ал қазір сен Чонгуктың кіргенін əлі көрген жоқсың. Кенет сенің арқаңдағы жарақат секілді бір даққа Чонгуктың көзі түсті. Ол бұрын көрген кезде жоқ болатын. Ал сен жейдеңді киіп,ол дақты жаптың.Чонгук солай қарап тұрғанда,оны сен көріп қойдың.
Сен:Ииааа,сен мұнда не істеп жүрсің?-деп қолдарымен астынды жаптың. Бұл дауыс бүкіл үйді көтерді.Сонда Чонгуктың үстінен су құйып,денесінде ток жүріп өткендей болды.
Чонгук:Мен байқамай қалдым,-деп бөлмеден тез-тез шығып кетті.Ал сен тез киіне бастадың. Чонгук сыртқа шығып жігіттерге:Ол мені қазір шынында-ақ өлтіреді.Мен қайда тығылам?-Мені жасырыңдар?-деп көздері алақ-жұлақ етіп,жүзі жайнап,ары-бері жүгіріп жүр. Тэхён:Мұнда тығыл.
Чонгук ол жерге барып:Жоқ болмайды. Мені диванның астына симаймын ғой.
Джин:Ас бөлмеге бар,шкафқа сиясың. Əйтпесе ол сені точно өлтіріп тынады,-деп еді жігіттер күлкіден жарылды. Чонгук ас бөлмеге келіп,шкафқа тығылды.Сол кезде ар жақтан сен шықтың. Көздерің от шашып тұр.Жұдырығынды түйіп алғансың.
Сен:Чонгук қайда?Онымен сөйлесуім керек.
Жігіттер білмегендей кейіп танытты.
Олар:Жаңа ары-бері жүгіріп жүрген. Өлдім-өлдім деп қайта-қайта айтты,-деді. Сен ерінбей Чонгукты бүкіл үйден іздеп шықтың.Бірақ таппадың. Алайда сен ас үйге бармадың.Кіріп ары-бері жүріп,мұнда емес шығар деп шығып кеттің.Ал Чонгук күлкісін зорға басып отыр. Сен жігіттердің қасына келдің.
Сен:Ей Чон Чонгук! Қайда екеніңді білмеймін.Бірақ менің ашуым басылғанша көзіме көрінбе. Əйтпесе менің қолымнан мерт боласың,-деп қатты-қатты,суық үнмен айттың.Кейін жігіттерге қарап,үйден шығып кеттің. Жігіттер күлкіден ішектері түйілді. Олар ас үйге барды.
Тэхён:Ей, шыға бер.
Джин шкафтың есігін ашып:Қасқырдан қорыққан қоянға ұқсап отыра бермей шықсай,-деп күлді. Чонгук күліп шкафтан шықты.

Чонгук:Ол адамды есінен алжастырады.
Нам
15 viewsЛину., 17:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 19:06:49 —Рас,сенің келгенің рас.Сен тірі екенсің!-деп сенің құлағына əрең сөйледі. Ал сен сол жерде мүсіндерше қатып қалған болатынсың.Жаңағы сөздер сені оятқандай. Саған бұл дауыс өте ыстық.Сен есінді жиып,денеңдегі қолдарды артқа итеріп жіберд

ің. Артына қарасаң,өзіңнен бірнеше қадам жақын тұрған Чонгук тұр.
Сен таң қалғанынды жасыра алмай:С..сен жаңа не істедің? -деп қабағың түйіліп, Чонгукке қарадың.
Чонгук:Жай,бұл рас па?Өтірікпе?Тексердім.
Сен:Көріп тұрғаныңдай алдыңдамын.Неге сен мені үнемі осындай қылықтарыңмен тығырыққа тірейсің? Сен мүлде өзгермепсің,-деп Чонгукке ашулана сөйледің. Жігіттердің көргені болса Чонгуктың жүгіріп барып сені құшақтап алғаны еді. Хосок сенің сөздеріңнен кейін сəл жымиыңқырады.Чонгук расымен сені тығырыққа тірейтін. Себебі: "Чонгуктың сенің киініп жатқанда есікті ашып кіруі, Чонгуктың сені жол апатынан құтқаруы.Шынында сен өзінді ол кезде ыңғайсыз сезіндің. Чонгуктың қашып кетіп қалып,сен оны қала сыртандағы ағаштың жанынан табуың. Осылай Чонгук сені жындандыратын.Сен және Чонгуктың арасында əйтеуір бірдеңе болатында жүретін." Бұл жағдайлар Хосоктың алдынан елес секілді өте шықты.
Сен:Ескертіп қояйын,мен сендерді өзім қорғасам,өзім өлтіремін, -деп ашуланып сыртқа шығып кеттің.Сол кезде жігіттер есін жиды.Нағыз Сені көрді. Бұрын Сен бұл сөзді жігіттерге үнемі қайталайтын едің.Жігіттердің қуанышында шек болмады.Ал Чонгук? Оның ішіндегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес.Сол сəтте Чонгук жерге отырып өз алдына күле бастады. Жігіттер оған таң қала қарады.
Чонгук:Ол сол қалпын сақтап қалыпты.
Тэхён:Ай ай бұл күлкіңді көру керемет,-деп Чонгуктың қасына келіп шашынан сипады. Шуга:Оны мүлде күлмейтін адам, осыншалықты бақытты етті. Неткен ғажап!-деп Чонгукке қарап жымиды.Бірақ Чонгук күлуін тоқтатты.Іштей бір сұрақты қайталап қоя берді. Ол қандай сұрақ?Əрине,ол сені құшағына алғанда,сенің жүрегің неге сонша қатты соқты? Ал Чонгук бұны білмей қоймайды......


3-бөлімнің соңы«♡»


@fanfik_1040
19 viewsЛину., 16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 19:06:49 #қатыгез_2_маусым_Тәтті_сезім


3-бөлім«♡»


Чонгук:С/Аа?-деп көзінен жас тамды. Сен сол кезде көзінді аштың.
Сен:Мен түнгі күзетте болдым,-деп жігіттерге қарадың.Жігіттер тіпті не айтарларын білмеді.
Сонда Намджун:Сен тірісің бе?-деп көздері шарасынан шығардай қарады.Сол кезде Чонгук жерге тізерлеп отыра қалды. Кейін жасаураған көздерімен саған қарады.Сен Чонгуктың бұл көз қарасынан оның жүзіне,келбетіне қарадың.
Сен:Сендерге не болды?Мені көріп таң қалып тұрсыңдар ма?-деп диваннан тұрып, Чонгуктың артынан иығын қолымен сипап өттің.Сен терезеге жақындап:Мені сол күні өлді деп ойладыңдар. Бірақ мен сендерге оққағар болып қайта келдім,-деп жігіттерге қарадың.Олардың елес көргендей абдырап тұрғандары түрлерінен байқалып тұр. Сол кезде Чонгук көздерінің жастарын сүртіп,орнынан тұрды.
Чонгук саған:Осы уақытқа дейін қайда болдың?Неге енді ғана келіп тұрсың?-деп əр сөйлеген сайын бір қадам басып,сенің алдына келді.
Сен:Келмеуімде мүмкін еді.Бан ағай айтқан соң келдім.Кеше сендер үйде жоқта,осында оққағарларыңның өлгенін айтты.
Чонгук:Бан ағай?
Сен:Бан ағайда бұл туралы кеше білді.

#еске_алу
Бан ағайдың бөлмесі.Іште Бан Шихёк ағай компьютермен жұмыс істеп отыр.Бірде есік қағылды.Бан ағай:Кір,-деді.Есік ашылды. Ішке бір адам кіріп келді. Бан ағай келген адамға қараған жоқ.
Компьютерден көз алмай:Иə,айта беріңіз.
Əлгі адам:Сəлеметсіз бе?-деп қатқыл үнмен сөйледі. Бан ағай жұмыс істеп отқан жерінен тоқтап қалды.Əлгі келген адамға жалт қарады.Қараса қарс алдында сен тұрсың.
Бан ағай:С..сен?
Сен:Иə,мен тірімін.Не айтатыныңызды білем,таң қалып тұрсыз.
Бан ағай:Қалайсың?Жағдайың жақсы ма? Осы уақытқа дейін қайда болдың?Неге өзіңді жасырып жүрдің?-деп бірден сұрақ жаудырды.
Сен:Оның өз себептері бар.Ал өзіңіз қалайсыз?Жігіттер аманба?Осыдан бірнеше күн алдын олардың жол апатына түскенін естідім.Олар қалай?
Бан ағай:Олар аман-есен.
Сен:Олай болса жақсы.Соны білу үшін арнайы сізге келген едім,-деп есікке беттедің.
Бан ағай:Осылай кете бересің бе?-деді.Сен қалтаңнан Бан ағайға өзіңнің номерінді алып бердіңде шығып кеттің.

#Кеш.
Сенің телефоны шырылдады.
Сен:Иə,тыңдап тұрмын.
—Бұл мен Бан Шихёк,-деп бір кісі жауап берді.
Сен:Айта беріңіз
Бан ағай:Сені жұмысқа қайта шақырғым келеді.
Сен:Кешіріңіз,мен бара алмаймын.
Бан ағай:Жоқ келуің керек.Жігіттерге тағы қастандық жасайтындар пайда болды.
Сен:Не?Олар аманба?Қандай қастандық?
Бан ағай:Оларға ештеңе болмаған.Аман-сау BTS үйінде отыр.Өтінем жұмысқа қайта кел.
Сен:Жарайды,жақсы.Мен қазір барамын.

#еске_алу_аяқталды

Сен:Міне,түнделетіп осында келдім.Жəне сендерді қарауылдадым.
Чонгук:Енді бізді тастамайсың ғой ия?
Сен:Бəлкім,бұйырғанын көрерміз.
Тэхён:Сен ол жерден қалай шықтың?Яғни сен бомбаны басып тұрған болатынсың.
Сен:Иə.Ол жерде тек үш адам қалған болатын.Джин Ки Вон Паль жəне мен. Джун Ки өлген,Вон Паль қансырап жүре алмады.Бірақ ол еңбектеп ол жерден шығып кетпекші болды. Ол шығу үшін мен жаққа қарай жүру керек еді.Бірақ мен оны ұстап,өзім тұрған бомбаның үстіне отырғыздым.Ол қозғала алмады.Мен жүгіріп есіктен шыға бергенде бомба жарылды. Бірақ мен аман қалдым.
Чимин:Тірі қалған болсаң,осы уақытқа дейін қайда болдың?
Сен күрсініп:Емделдім.Арадан бір жыл өтіп,анама бардым. Оның ойынша менің өлгеніме дәл бір жыл толыпты.Анамды көріп қатты қуандым.Кейін сендерді көру үшін концертке бардым. Сендер сахнада əн айтып,билегендеріңді көріп марқайып қалдым,-деп жігіттерге қарадың.Жігіттер əліде есеңгіреп тұр. Қанша дегенмен өлді деген адамдары алдарында тұр ғой.Ал Чонгук тіпті үнсіз,саған не айтарын,не істерін білмей тұр.Бірақ жүзінде көздерінің жасы жарыққа шағылысып,сəл жымиды.
Сен:Жақсы,мен қазір келем,-деп сыртқа шығуға беттедің. Кенет сен өзіңнің артыңнан жылы дене мен,беліндегі ыстық қолдарды сездің.Сенің жүрегі атша тулады. Ал артындағы адам.Оның демі саған анық естілді.Бірақ ол кім?
15 viewsЛину., 16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 19:34:43 Қатыгез_2_маусым_Тәтті_сезім


2 бөлім«♡»


Чонгук ештеңеге қарамай,бірден 2-ші қабатқа көтірілмекші. Бірақ ол баспалдақтағы көріністі көріп,бір жайында тастай қатты.....
Чонгук:Мына..а..ау не тағы?-деп абдырап тұр.Жігіттер оның қасына келді.Жігіттерде бұл жағдайды көріп шок. Баспалдақта бір адамды қинап өлтірген,ал оның беліне бомба байлап қойған.Жарылуына он минут бар.
Намджун:Мен күзеттерді шақырайын,-деп сырттағы оққағарларды шақырды.Сырттан оққағарлар келіп,бомбаны өшіруге кірісті. Бомбаның уақыты тоқтап,өшіп қалды. Чимин:Бұл не тағы?
Джин:Бізге тағы бір қастандықтардың бір түрі.
Шуга:Бізді қорқытқысы келетін сияқты.
Тэхён:Осындай əрекетінен соң ол жай адам емес.
Сол кезде бір оққағар:Бұл адам біздің қатарымыздағы адам,-деп жаңағы бомба байланған жігітті көрсетті.
Оққағар:Үйде қалған күзеттердің барлығын өлтіріп кеткен.Олар шатырда қансырап жатыр.
Хосок:Мұны тездетіп Бан ағайға жеткізу керек,-деп ағайға қоңырау шалды. Чонгукта үн жоқ.
Тэхён:Чонгук,сенде бəрі жақсы ма?
Чонгук:Оққағар қиналып өлген сияқты,-деп көзінен жас шықты.
Чимин:Чонгук,саған не болды?-деп оған барлығы алаңдай түсті.
Чонгук басын шайқап:Жоқ неге бұлай боп жатыр?Бұрынғы жағдайлар тағы қайталануда,-деп көздерін сүртті. Намджун:Чонгук,болды қоя қойшы,-деп оны құшақтады.Жігіттер Чонгуктың не айтқысы келгенін түсінді.Біраздан соң үйге Бан ағайда келді. Бар жайтты естіп болған соң,ол:Күзеттерді күшейту керек.Сендер сыртқа көп шыға бермеңдер.Үйде дайындалыңдар.Бір жаққа баратын кезде ғана шығатын боласыңдар.
Намджун:Жақсы,жігіттерге өзім қарайлаймын,-деп Бан ағайдың иығынан қақты.Жігіттер жаңағы жайттан соң біраз есеңгіреп қалды. Ал Чонгукты жігіттер бөлмесіне апарып жатқызды.Ал өздері ас үйде отыр.

#Түн.22:34.
Ас бөлме.
Джин:Чонгук мені қатты уайымдатып отыр.
Намджун:Оның бұлай абдырағанын алғаш рет көруім.
Тэхён:Оны бұрынғыдай болуы үшін бірдеңе ойлап табу керек.
Осы кезде есіктен Чонгук кіріп келді.
Хосок:Гук?
Чонгук үндеместен барып шкафтың есігін ашты.Ішінен бір бөтелке соджуды алды. Тэхён:Ішпекшісің бе?
Чонгук басын изеді.Стаканды алып, соджуды ашып құйды.
Намджун:Чонгук,сен айдолсың,ішуге болмайды.
Чонгук:Өтінем,бір рет,-деп бір стакан соджуды ішіп алды.Кейін тағы ішті.Чонгук осының өзіне мас болып қалды.
Чонгук:Білесіңдер ме?Ол өте сүйкімді,иə? Қабағын түйіп,қатқыл сөйлегендері өзіне сондай жарасатын еді.Бірақ ол бұлай істесе де,жүзінен сүйкімділігі көрініп тұрады,-деп өзінше күліп жымиды. Жігіттер Чонгукке таң қалды.Себебі өздерінің арасында Чонгуктың осылай күліп сөйлемегелі көп болды.Жігіттердің де жүзінде қуаныш болды.
Чонгук:Оның менде бір суреті бар.Міне қараңдар,мен оны білдіртпей түсірген болатынмын,-деп қалтасынан телефонын шығарып, сенің суретінді көрсетті. Намджун:С/А өзін түсіргенді ұнатпайтын еді.Қашан түсіріп үлгергенсің а?-деп күлді. Жігіттер Чонгукке қарады.Қараса Чонгук телефонды көрсетіп тұрған жерінде, үстелге басын қойып ұйықтап қалыпты. Жігіттер оған қарап жымиды.
Чимин:Чонгук,сен өзіңді қатты өзгеріп бара жатырмын деп ойламайсыңба?
Тэхён:Оны бөлмесіне апарайық,-деп Чонгуктың бір қолынан ұстады.Ал Хосок екіншісін ұстады. Екеуі Чонгукты демеп бөлмесіне əкетті.Ал жігіттер бөлмелеріне кетті.

#Таң.
6:13
Жігіттер астына түсіп келе жатыр.Чонгукта олардың қасында. Кенет бəрінің көзі бір жерге түсті.Ол-өздеріне теріс қарап тұрған диваннан қара аяқ киім киген адамның аяқтары еді. Жігіттер оның кім екенін түсінбей,диванға жақындады.Ол жердегі адамды көрген жігіттер шокта тұр. Қараса диванда үстінде қара костюм киген,шашы түюлі,екі қолы айқастырылған,көздері жұмулы бір қыз жатыр. Жігіттерге бұл қыз таныс əрі ыстық көрінді.
Тэхён:Мына..а..ау?....
Чонгук:С с С С..... С/А...Аа..а? -деп көзінен жас сырғып түсті. Диванда жатқан қыз ол-сен болатынсың. Сен сол кезде көзінді аштың.Сен жігіттерге қарап:Мен...


2-бөлімнің соңы«♡»



@fanfik_1040
3 viewsЛину., 16:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 15:34:37 Қатыгез_2_маусым_Тәтті_сезім 1-бөлім«♡» #Таң. Үлкен бөлме.Іші тыныштық.Бірақ бөлмеде бір жігіт төсегінде арлы-берлі қимылдап жатыр. Терлегені сонша бет-жүзіндегі терілер су боп ағуда. Ол жігіт:Жоқ,жоқ,мен дұрыс істемедім,--деп орнынан атып тұрды.Қасында…
14 viewsЛину., 12:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 14:53:31 Қатыгез_2_маусым_Тәтті_сезім


1-бөлім«♡»


#Таң.
Үлкен бөлме.Іші тыныштық.Бірақ бөлмеде бір жігіт төсегінде арлы-берлі қимылдап жатыр. Терлегені сонша бет-жүзіндегі терілер су боп ағуда.
Ол жігіт:Жоқ,жоқ,мен дұрыс істемедім,--деп орнынан атып тұрды.Қасында оятар шырылдап жатыр.Жігіт оятарды алып, өшіріп тастады.
Ол:Бұл нәрсе маған маза берер емес.Ол қызды бекер тыңдадым.Қалай болса да, оны сол жерден алып кетуім керек еді,-деп кеуде тұсын ұстады. Бірде бөлмеге біреудің жүріп келе жатқаны естілді.Жігіт төсегіне жатып,өтірік ұйықтаған сыңай танытты. Кейін бөлмеге бір жігіт кіріп,оны оятпақшы болды.
Ол:Қане,тұрсаңшы.Компанияға бару керек, дайындалу керек.Бұлай ұйықтап жатсаң, жұмысты кім істейді?Гук~а,Гукки!-деп оны қытықтай жөнелді. Бұл жігіт-сымбатты Ким Сок Джин.Ал төсекте жатқан жігітіміз-Чон Чонгук.
Чонгук:Болды,жетеді.Қазір тұрамын,-деп жымиып орнынан тұрды.
Джин:Жақсы,тез жуын,-деп бөлмеден шығып кетті.
Чонгук:Ай ай,мейірімді хёным-ай,-деп жымиды.Бірақ жүзіндегі мұңды жасыра алмайды.

1ші қабат.
Жігіттер тамақтанып отыр.Бірақ Чонгук жоқ.
Тэхён жігіттерге:Байқадыңдар ма? Біраздан бері Чонгук қатты өзгеріп барады.
Чимин:Иə,ашылыпта сөйлемейтін болған.
Намджун:Бұрындары мұнша көп жүрмейтін.Қазір қашан қарасаң қабағынан қар жауадыда тұрады.
Хосок:Құлағына құлаққапты тығып, спортзалдан шықпайтын болды.
Шуга:Оған бір жыл алдыңғы оқиға əсер еткен.
Джин:Қатты əсер етті.Өте қатты.Тіпті сол кездегі жағдай үшін Чонгук өзін кінəлайды.Чонгук үшін С/А-дың орны ерекше екенін түсіндім. Жаңа бөлмесіне барғанымда,өз-өзімен сөйлесіп жатты.С/А-ды құтқармадым деп өкініп отырды,-деп күрсінді.
Намджун:Біз бір амалын табуымыз керек.
Хосок:Чонгук əлсіз емес.Бірақ өз-өзін іштей жеп жүр.
Тэхён:Оны өмірге құштарландыру керек.
Чимин:Оны қалай істейміз? Ол тек АРМИлердің алдында ғана күліп, жадырайды.
Шуга күрсініп:Бір амалы табылар.
Чонгук ваннадан жуынып шығып,төменге түсті. Астында жігіттер жүрек жалғап отыр екен.
Намджун:Тұрыпсың ғой.
Джин:Мұнда отырып,тез тамақтанып ал. Біраздан соң шығамыз,-деп жымиды. Чонгук Джинның қасына келіп,тамақтана бастады.
Тэхён:Хмхм,жұмыс-жұмыс дей бергенше, қала аралап қайтармыз?
Чонгук:Жоқ болмайды.Жылдың аяғы жақындап келеді.Бізді түрлі жерлерге шақырады.Ал біз оған дайын болуымыз керек,-деп орнынан тұрып,шығар есікке беттеді.
Хосок:Қайда барасың?Жүрек жалғап алсаңшы.
Чонгук:Тоқпын,мен көлікте боламын,- деп үйден шығып кетті.
Тэхён:Мына түрімен, ол дөрекі болып кетері анық,-деп күрсінді.Жігіттерде көп болмай үйден шықты.Фургонға мініп отырды.Ішінде Чонгук құлаққап тағып жатыр. Көздері жұмулы.Жігіттер BigHit ке жол тартты.Фургонның алдынан-артынан оққағарлары көлікпен жүр.Осылай арадан уақыт өтіп,олар компанияға келді.Жігіттер фургоннан түсіп,ішке кірді.

Бан ағайдың бөлмесі.Іште Бан Шихёк ағай компьютермен жұмыс істеп отыр.Бірде есік қағылды.
Бан ағай:Кір,-деді.Есік ашылды.Ішке бір адам кіріп келді.Бан ағай келген адамға қараған жоқ.
Компьютерден көз алмай:Иə,айта беріңіз.
Əлгі адам:Сəлеметсіз бе?-деп қатқыл үнмен сөйледі. Бан ағай жұмыс істеп отқан жерінен тоқтап қалды.Əлгі келген адамға жалт қарады.

#Кеш.
Жігіттер дайындық залынан шықты. Сыртқа шығып,фургонға мінді.Фургонның алды-артынан оққағарлар қоршады. Осылай жол жүріп,BTS үйіне келді. Барлығы бір-бірімен əңгіме айтып жүр.Ал Чонгукта үн жоқ. Жігіттер оны əңгімеге қанша тартқанмен,қатқыл жауап беріп жүрді.Ал бұл жағдай жігіттерге үйреншікті болып барады.
Олар ішке кірді.Чонгук ештеңеге қарамай, бірден 2-ші қабатқа көтірілмекші.Бірақ ол баспалдақтағы көріністі көріп,бір жайында тастай қатты....



1-бөлімнің соңы«♡»




@fanfik_1040
14 viewsЛину., 11:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 14:30:14
Тақырыбы: #Қатыгез_2_маусым_Тəтті_сезім
Басты кейіпкерлер: Чонгук & Сен
Қосалқы кейіпкерлер: BTS мемберлері,Бан Шихёк,Ли Мин Сок
Бөлім саны:???
Жанры:романтика,комедия,трагедия қызғаныш,боевик.
15 viewsЛину., 11:30
Ашу / Түсініктеме