Get Mystery Box with random crypto!

˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗

Telegram арнасының логотипі fanfik_1040 — ˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗ ˋ
Telegram арнасының логотипі fanfik_1040 — ˗ˋˏ 🎄🌨𝙻𝚊𝚜𝚝 𝙲𝚑𝚛𝚒𝚜𝚝𝚖𝚊𝚜❄️☃️ˎˊ˗
Арна мекенжайы: @fanfik_1040
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 131
Арнадан сипаттама

ʚ˚⸝⸝🍽️↷ 𝓽𝓱𝓮 𝔀𝓸𝓻𝓵𝓭 𝓸𝓯 𝓯𝓪𝓷𝓯𝓲𝓬𝓽𝓲𝓸𝓷 ⊹ ࣪🎂ꕤ
💍⁝ ⊹ ᥴᥱн іᤋдᥱᴦᥱн ɸᥲнɸᥙκ ә᧘ᥱⲙі🍡♡˚
യ🎀𝗿𝗲𝗮𝗱 𝗵𝗼𝘁 𝗳𝗮𝗻𝗳𝗶𝗰𝘁𝗶𝗼𝗻🌟˙₊♡
♪➪[пиар бойынша: @karli_virt @Kwailbibi]

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-07-29 13:58:54 #Практикант_ағай


6-бөлім«♡»



Чимин:С/а менікі Тэ Хун...
Чимин ештеңе болмағандай,өзіне сенімді болып,күліп тұра берді.
С/а ашуланды да,екеуін ажыратып, орталарына тұрды.
С/а:сендерге не болған?Мені өздеріңе теңемей ақ қойыңдар.Тэ Хун.Сенімен әңгімем бар.
С/а Тэ Хуннің қолынан ұстады да,мектептен шығып кетті.
Мия:Пак мұғалім,сіз неге С/а-ны менікі дедіңіз?-Чиминге қарап.
Чимин:өйткені,ол расыменде менікі
Чимин бұрылды да,жоғарыға көтеріліп кетті.

С/а Тэ Хунді жетелеп,мектептің артына алып келді.
С/а:Тэ Хун,сенің басың жасайма?Ішіп алғансыңба?-ашуланып,қабағын түйді.
Тэ Хун:С/а?Сен неге Чиминнің үйінде болдың?Неге оның үйі?
С/а:Тэ Хун,мен енді сол үйдің қызметшісімін.Чиминнің үйін тазалап, тамақ істеймін.Оның ақысына,ол үйінің бір бөлмесін маған берді.
Тэ Хун:С/а,неге Чиминнің үйі?Менің үйімде болмайма?
С/а:Тэ Хун,сен менің досымсың.Мен сенің аяушылық сезіміңді туғызғым келмейді.
Тэ Хун:С/а.Чимин ше?
С/а:ол мені танымайды да...Тэ Хун мен саған уәде берем,Чимин маған жоламайды.
Тэ Хун:ол не үшін сені "менікі" деп айтады?
С/а:ашуланғаннан шығар.
Тэ Хун:С/а,хмм...Мұндай жағдайда айтқаным дұрыс емес.Бірақ кеш болмай тұрғанда айтуым қажет.
С/а:нені айтасың?
Тэ Хун:С/а,мен сені сүйем.Және әлгі Пак Чиминнен өлердей қызғанамын. Түсінесіңбе?Егер менің жаман әрекетке барғанымды қаламасаң,оны өзіңе жақын ұстама.Ұқтыңба?
С/а:жарайды,түсіндім.
Тэ Хун:келші бері.
Тэ Хун С/а-ны өзіне тартып,құшақтап алды.
Ал мұның бәрін,мектептің терезесінен Чимин қарап тұрды.
С/а мен Тэ Хун сыныпқа келді.
Химия сабағы жүріп жатыр екен.С/а алдыңғы партаға келіп отырды.
Есік қағылды.Ішке Чимин кірді.
Чимин:Кан мырза,С/а-ны сабақтан босатасызба?
Кан мырза-химиядан беретін мұғалім еді.
Кан мырза:жақсы,Пак мұғалім.С/а бара бер.
С/а сумкасын жинап жатыр еді,Тэ Хун артқы жақтан келді де,С/а-ның қолынан ұстап алды.
Тэ Хун:С/а сен ешқайда бармайсың!
Тэ Хун С/а-ны жеп қоярдай қарап тұр.
Чимин:ол менімен бірге ғылыми жобаға дайындалуға барады.
Чимин Тэ Хуннің қолын С/а-ның қолынан алып,итеріп тастады.Тэ Хун ашуланып, жағасына жармасқалы жатыр еді,С/а оны сабырға шақырды.
С/а:Тэ Хун!Біз тек ғылыми жобаға дайындаламыз!
Тэ Хун С/а-ға қарады да:мен сені өзім алып кетемін,-деді де орнына барып отырды.
Чимин Тэ Хуннің жанына барды да, құлағына сыбырлады:ол менің үйіме барады. Алып кетпесең де болады!
Чимин Тэ Хуннің иығын қолмен қағып.
Чимин мен С/а сыныптан шығып кетті.
С/а Чиминнің артынан келе жатыр.Екеуіде үнсіз.Чимин өзінің кабинетіне кірді. Артынан С/а-да кірді.Чимин артқа бұрылды да,есікті ішінен жауып алды.
С/а:сен не үшін есікті жаптың?-С/а қобалжып.
Чимин үндемей С/а-ға жақындады.
С/а:сен... н..не істеп тұрсың?-шетке қарай ығыса бастады.
Чимин:саған осылай істеген ұнайма?
Чимин оны бұрышқа тақап алды.
С/а:не айтып тұрсың?-басын төмен салбыратып.
Чимин:Тэ Хун?Ол сені құшақтады емеспе? Саған ұнайма?Мен оданда кереметін жасай аламын.
С/А:Чимин қойшы.
С/а көзін тарс жұмып алған.Чимин С/а-ның ерніне жақындады да,құлағына сыбырлады:сені қызғанамын С/а.
Чиминнің демі С/а-ға анық сезілді.
Ол құлағына сыбырлады да,С/а-ның бетінен ұстап,басын жоғары көтерді де:С/а, мен саған тиіспеймін!Тек Тэ Хунге жақын болғаныңды қаламаймын.Мен сені қызғанамын.
С/а жерге отыра қалды.
С/а:неге мені қинап жібердіңдер?Тэ Хунде, сенде "қызғанам" дейсіңдер.Мен нестим енді?
Чимин С/а-ның қасына отырды да:маған сен!Мен қасыңдамын.
С/а басын Чиминнің иығына қойды.Ал Чимин оны құшақтап отырды.

#Кеш.
Чимин,С/а екеуі үйге қайтты.Үйге кіре сала, Чимин бөлмесіне кетті.С/а-да киімдерін ауыстырып,астына түсіп,кешкі ас әзірлей бастады.
Кейін Чиминді шақыруға оның бөлмесіне барды.Есік қағып еді,ешкім жауап бермеді.
С/а:айщщщ,ұйықтап қалғанба?
С/а есікті ашып,ішке кірді.
Чимин расында ұйықтап жатыр екен.
С/а оның қасына отырды да,еріксіз жымиды.
С/а:ұйықтағанда қандай сүйкімдісің!
С/а Чиминнің шашын сипады.Чимин
С/а-ның қолынан тартты да,жанына жатқызды да,құшақтап алды.
С/а:ей,сен өтірік ұйықтап жаттыңба?Жібер мені!
31 viewsЛину., edited  10:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 17:04:51 #Практикант_ағай


5-бөлім«♡»


С/а: с с сен... Мұның не?
Чимин: кешірші,сенің еріндерің еліктіріп кетті өтінемін, кешір,мен әдейі емес
С/а: жақсы,бірақ келесі жолы осылай тағы қайталар болсаң точна кешірмеймін
Чимин:ок
С/а орнынан тұрды да,
-рахмет саған Чимин .
С/а Чиминнің бетінен сүйді. Чимин шок...
С/А:енді шығасыңба?Мен ұйықтауым керек.
Чимин қып қызыл болып кеткен.Орнынан асықпай тұрдыда,
С/а-ның бетінен сүйді де:ұнайсың маған,- деді де,бөлмеден шығып кетті.С/а киімдерін реттеді де,ұйқыға кетті.

#Таң.

С/а қатты ұйықтап жатқан еді.Оның телефонына Тэ Хун хабарласты.(А айтпақшы,ұмытып кетіппін ғой,Тэ Хун С/а-ға телефон алып берген болатын.)С/а көзін ашты да,телефонға қарады.
-12 қабылданбаған қоңырау?Бәрі Тэ Хуннен ба?Мәә,ол менің Чиминнің үйінде екенімді білсе,ашуланады.
С/а Тэ Хунге звандағалы жатқан еді, телефоны өшіп қалды.
-қырсық.Өшіп қалғанын қараш.
С/а зарядкасын таппай жүрді.Бір кезде мұрнына күйген иіс келді.
С/а ауаны иіскеді де:не өртеніп жатыр?
С/а киімдерін киді де,астына түсті.Иіс кухнядан шығып жатыр екен.
С/а ішке кірсе,бүткіл жер ұн,тамақтың асты күйіп жатыр,ортада ұнға малынған,аппақ болып Чимин тұр.
С/а:Чимиин?Мынау не?
С/а күліп жіберді.
.Күн батыстан шыққан жоқпа? Мынау не түрің?
С/а ның күлгенін көріп,Чимин еріксіз жымиды .
Чимин:өзімше тамақ істейін деп ойлаған едім.Мен ойлағандай оңай емес екен.
С/а:тамақты қайдан қарап жасап жатырсың?
Чимин:гугл әпшеден.Басқа қайдан болсын?
С/а:гугл әпшең,саған осылай күйдіріп пісір деп жазыппа?
Чимин:жоқ... Хм.Мен екінші тамаққа араласпаймын.
С/а:мынадан кейін,менде сені араластырмаймын.Сен киіміңді ауыстырып кел.Мен бірнәрсе қылармын.
Чимин:жарайды.
Чимин шығып кетті.С/а шашылған жерлерді жинастырып,бутерброд пен жұмыртқа қуырды. Чимин киініп, астына түсті.
Чимин:вваааау,С/а мынаған қалай үлгердің?
Чимин жайнап тұрған дастарханға қарап.
С/а:саған қарағанда бірнәрсе білем ғой.
Екеуі отырып,таңғы ас ішті.
Кейін,мектепке шықты.


#Мектеп.

Чимин көлігімен келіп,тура мектептің алдына тоқтады.Чимин бірінші болып көліктен түсті. Артынша,С/а-да түсті. Бүкіл мектеп оқушылары жиналып оларға қарап тұр.
Чимин:С/а, жүрсеңші нестеп тұрсың?-бір орында тұрған С/а ға қарап.
С/а:Пак мұғалім,сіз бара беріңіз.Мен сосын сізге кіріп шығамын,-көзін қысып.Чимин күлді де,мектепке кіріп кетті.
Бір топ қыздың арасынан Мия жүгіріп шықты.
Мия:ей,С/а қалайсың?
С/а:жақсы,Мия Өз...
Мия сөзін аяқтатпай жатып:сен неғып Пак мұғалімнің көлігінен түстің?
С/а:аа.Олма?Неғой... а иә,ол кісі мені жолдан көріп қалды да,әкеліп тастады
Мия:ааай... С/а бақыттысың қалай.Ээх,Пак мұғалім маған ғашық болып қалса ғой...
жоқ.
Ғашық болмайды ол саған-С/а аузын жыбырлатып сөйлеп.
Мия:С/а жүр.Мектепке кірейік.
С/а:иә,кеттік.
Екі қыз мектепке кіре бергені сол еді,Тэ Хун жүгіріп келді де,С/а-ның қолын қысып ұстап алды.
С/а:Тэ Хун?Сенкі жайшылықпа?Жіберші қолымды.
С/а қолын тартып еді,Тэ Хун одан ары қысып ұстап алды.
Тэ Хун:сен неге Чиминмен бірге келдің?
С/а:ол мені жолдан алып кетті.
Тэ Хун:өтірік айтпа.Мен кеше түнде сенің вагоныңа бардым.Онда ешкім жоқ болды. Сен Чиминнің үйінде болдың ба?
С/а:Тэ Хун,жіберші қолымды.Ауырып бара жатыр.
С/а-ның көзіне жас үйіріліп,әрең тұр.
Тэ Хун:С/а жауап бер.Сен Чиминнің үйінде болдың ба?-мектепті басына көтеріп айқайлап.
-иә, ол менің үйімде болды.
Бұлардың сыртынан қарап тұрған Чимин тез жүріп,Тэ Хуннің қолын қысты да,С/а-ның қолын босатты.
Чимин:С/а менің үйімде болды,Тэ Хун.Тағы не керек?-қабағын түйіп.
Тэ Хун:Сен өле алмай жүрсің ба Пак Чимин?
Тэ Хун Чиминнің жағасына жармасты.
Тэ Хун:С/а менікі,түсіндіңбе?Оған жолама. Әйтпесе...
Тэ Хун сөзін айтып бітпей жатып,Чимин сабырлы түрмен,
Чимин:ол сенікі емес,С/а менікі...




5-бөлімнің соңы«♡»


@fanfik_1040
21 viewsЛину., 14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 17:03:58 #Практикант_ағай



4-бөлім«♡»


Чимин:Көмегім керек па?-басын шығарып.
С/а:Сумаң,сумаң етіп жүрмейтін жері жоқ екен.Мені аңдып жүргеннен саума,-ішінен бұрқылдап.
Чимин:Ей,не мен туралы жаман ойлама. Мен сені аңдып жүрген жоқпын.Жай жолдан көріп қалдым.
С/а оған жақтырмай қарап:Менің ойымды оқып қойдыма, не болды өзі?-ішінен.
Чимин көліктен түсті де,Тэ Хунді арқасына мінгізіп,көлікке отырғызды.
С/а әлі ішінен сөйлеп,аузын жыбырлатып сөйлеп тұр:Мен рұқсат бермесемде отырғыздыма? Не деген тәрбиесіз?Әттең мұғалім.Әйтпесе,бағана быт шытын шығарар едім.Тэ Хун мас,ол болмаса кете берер едім.
Чимин:Ішіңнен боқтамай,сыртыңнан айтсаңшы,-ыржиып.
С/а:Сенен сұрамаймын.
Чимин:Менен сұрайсың дедім ба?
С/а:Деген жоқсың.
Чимин:Енді не?
С/а:Ештеңе.
Чимин:Онда отыр машинаға.
С/а көлікке отырды да,есігін тарс еткізіп жапты.
Чимин:Ей,жай жапсаңшы.Машина саған ойыншық емес қой,-қабағын түйіп.
С/а:Аузыңды жапта,тезірек үйге апарып таста.
Чимин:Мәссаған,тағы нестейін С/а ханым-басын иіп.
С/а:Мазамды алмаш.
Чимин:Окей.Үйің қай жерде?
С/а:Эмм...Мен...Менің үйім жоқ.
Чимин:Не?С/а,әзіліңді қойда,адресті айт тез.
С/А:Менің үйім жоқ,вагонда тұрамын,- даусын бәсеңдетіп.
Чимин С/а-ға қарады да,аяушылық сезімімен жымиды.
Чимин:Жарайды,мына жігіт қай жақта тұрады?-сұрап.
С/а:Мына жігіт емес,оның аты Тэ Хун.
Оны,***осы мекен жайға апарамыз.

Чимин мен С/а Тэ Хунді үйіне кіргізіп, сыртқа шықты.
Чимин:Жүр,енді сені апарып тастайын-көлікке қарай жүріп.
С/а:Рахмет.Мен жаяу барамын
Чимин:Не?Түн ортасындама?Жоқ,мен сені апарып тастаймын.
С/а:Пак мұғалім,сіздің менің үйімді көруіңізге рұқсат етпеймін. Сіздің аяушылық сезіміңізді тудырғым келмейді.
Чимин:жарайды бара бер.Қарсы емеспін.

С/а көше бойымен үйіне қайтып бара жатты.Біраз уақыттан соң,тұратын үйіне жетті.мені күттіңба асыл да, құрметті вагоным,мен келдім.
С/а ішке кірді де,жарықты жақты
-Мен сені күтіп шаршап кеттім!
Чимин дым болмағандай орнынан тұрды да,С/а-ға жақындады.
С/а:Қалай?Сіз қайдан?
Чимин:С/а,сен бұл жерде енді тұрмайсың!
С/а:Қалай сонда?Менің басқа үйім жоқ.
Чимин:Енді сен менің үйімде тұрасың.
С/а:Жоқ,маған осы жер ұнайды.
Чимин:Мен сені тыңдайын деп тұрған жоқпын.
Чимин С/а-ны көтеріп алды да,көлікке отырғызды.
С/а:Заттарым, менің киімдерім....
Чимин:Жаңасын алып беремін саған.
С/а:Чиминнн?
Чимин:Енді менің атымды айтатын болғансыңба?
С/а:Мен тұрмаймын сенімен.
Чимин:Тұрасың!Болды,сөз бітті!
С/а Чиминге қарады да,қабағын түйді.

#Чиминнің_үйі.
Екі қабатты зәулім үй.Бақшасы жап жасыл. С/а ішке кірді.
С/а:Уаа, сен жалғыз өзің осы үйде тұрасыңба?
С/а таңғалып,жан жағын зерттеп жүр.
Чимин:Ұнадыма?Осы үйге сыймай кетемін, жымиып,Өз үйіңдей көр.Енді бұл үй сеніңде үйің.
С/а:Рахмет.Айына қанша төлеймін?
Чимин:Ақша сұраған жоқпын ғой.
С/а:Тегін тұрмаймын.
Чимин:Жарайды,үйді жинап,тамақ істеп тұрсаң болады.Айтпақшы,қолыңнан ондай жұмыс келеді ма?
С/а:Әрине,күмәнің болмасын

Чимин С/а-ның бөлмесін көрсетті.
Чимин байсалды түрмен С/а-ға қарады.
Чимин:Жатып ұйықта. Ертең ғылыми жұмысқа дайындық бастаймыз.
С/а:Қандай ғылыми жұмыс?
С/а домалақ көздерін бақырайтып.
Чимин:Директор екеумізге осы жобаны қорғап шығуды тапсырды.
С/а:Жақсы.Енді ұйықтайын.
Чимин бөлмесіне барып кітап оқымақшы болды.
Сөрелерді қарап келе жатып,С/а екеуі оқығысы келген кітапты көрді.
-Айщ, мына кітапты С/а-ға бере салу керек еді.Алдыңғы жолы тартып алған едім.
Чимин бөлмесінен шықты да,С/а-ның бөлмесіне келді.Бөлменің есігін қағайын деп еді,есік ашылып кетті.
іште С/а ұйықтап жатыр екен.Чимин оның жанына келді де,шашын сипалап, ұйқыдағы періштеге қызығып қарап отыр еді,С/а көзін ашты да,айғай салды.
С/а:Изврашенец,нестеп жүрсің менің бөлмемде?
Чимин:С/а кешір.Мен тек мына кітапты бергім келген,-кітапты көрсетіп.
С/а кітапты алды да:Шық бар.
Чимин жайлап есікке қарай бара жатыр еді,С/а ның сөмкесіне шалынып,тура С/а-ның үстіне құлады.
Екеуінің арасы,бір саусақ сиятындай.
Чимин С/а-ға жақындап,ернінен нәзік сүйді. С/а сөйлей алмай қалды........




4-бөлімнің соңы«♡»



@fanfik_1040
22 viewsЛину., 14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:51:51 Сәлем достар!!! Мен жаңа админмын тез тіл табысамыз деп ойлаймын




Всем привет ребята я новенькая админка надеюсь быстро подружимся
4 viewsDonate, 06:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:08:21 С/а:жжоқ.Ол менің теңім емес..Мендей кедей қызды кім сүйеді?
Официант келіп,жабылатындығы туралы айтты.
С/а Тэ Хуннің қолынан

ұстап,сыртқа шығарды.Тэ Хун бар күшімен жерге құлап түсті.
С/а:иааа Тэ Хун.Мен сені ішімдікті көтереді екен десем.....
Осы кезде С/а-ның қасына көлік келіп тоқтады.Көліктің терезесі ашылды да,іштен Чимин басын шығарып:көмек керек пе?...



3-бөлімнің соңы«♡»



@fanfik_1040
18 viewsЛину., 07:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:08:21 #Практикант_ағай


3-бөлім«♡»


#Кеш.
Тэ Хун С/а-ны мектеп ауласында күтіп жүрді.Ұзақ уақыт шықпай қалған соң, сыныпқа қарай барды.

С/а сыныпта отыр.Ал оларға Чиминнің сабағы жүріп жатыр.
Чимин:қоңырауға 5 минуттай қалыпты. Маған қоятын сұрақтарыңыз барма?-оқушыларға қарап.
?-ағай сіз неге сымбаттысыз?-деді қыздардың біреуі.
Чимин:хм,бұл сұраққа жауап бермеймін.- арам күліп.-Менің сымбаттылығым сені алаңдатпай ақ қойсын жарайма?
С/а шыдамай орнынан атып тұрды да:ағай неге эгоистсыз?Өзіңізді қатты күтіп қалған екенсіз.Көрдік,сымбатты екеніңізді.Енді сол үшін мақтанбайтын шығарсыз?
Қоңырауда соғыла кетті.
Оқушылардың барлығы жиналып, сыртқа шыға бастады.С/а-да асықпай,наушнигін алып,сыныптың есігіне жақындап еді, қолынан Чимин тартып ұстап қалды.
С/А:ағай,жіберіңіз қолымды.
Чимин:жібермесем нестейсің?
С/А:бірбәле істим дедімба?Мен үйіме қайтуым керек жіберіңіз!
Чимин:жібермеймін.Мінезің жоқ деп жүрсем,мен ойлағаннан екі есе асып түстің.
С/А:сіздің...Жарайды,ақыры мені сыйламайды екенсің.Неменеге сіз деп сызылам?Менің мінезімде шаруаң болмасын түсіндіңба?
Чимин С/а-ның қолынан тартты да,стенаға тақап алды.
С/А:не істеп тұрсың сен?-қобалжып.
Чимин: .Ұнайма саған?-одан бетер жақындап.
С/А:жібер мені,-қолын тартып көріп еді, Чимин оның қолын одан ары қыса түсті.
Чимин:С/а,сен маған ұнай бастадың...
С/а қорыққаннан көзін жұмып,қорқып тұр. Чимин С/а-ның ернінен сүйгелі жатқан еді, сыныпқа Тэ Хун кіріп қалды.

Тэ Хун:осылай болатынын білген едім,-Тэ Хун жүгіріп келдіде,Чиминді итеріп жіберді.
Қорқып тұрған С/а-ны қолынан ұстап сыртқа сүйреп алып шықты.
Чимин орнынан тұрдыда,ештеңе болмағандай сыныптан шығып кетті.

Тэ Хун мен С/а мектептен шыққан соң, таксиға отырды.Екеуі де,артқы орындыққа отырды. С/а Тэ Хунге қарап келе жатыр.Тэ Хун терезеге қарап отыр.Мектептен шыққан соң,Тэ Хун бір ауыз сөз айтпады.

Такси оларды сыра ішетін жерге әкелді.Тэ Хун таксиден түсті де,сыраханаға кіріп кетті. С/а таксиге ақшасын берді де,Тэ Хуннің артынан кірді.

Тэ Хун бұрыштағы столда отыр екен.Қасына келді де,үндемей жан-жағына қарап отырды. Оффициант,бір бутылка соджу алып келді.Тэ Хун оны алды да,стаканға құймай,суша сімірді.С/а қолынан бутылканы тартып алды да:
С/а:не,сен ғана солай іше аласыңба? Мағанда қалдырсаңшы,-деді де сіміре бастады.
Тэ Хун С/а-ға ала көзбен қарады да:арманыңа жеттіңбе?Құттықтайм С/а,ол саған жақындады.''Маған ұнайсың" деп айтты.Ерніңнен сүйгізуге мүмкіндік бердіңбе?Жарайсың С/а.
С/а:ей,ақымақ.Қумашы.Ол өзі мені стенаға тақаған.
Тэ Хун:айщщ,мұрынбоғын сүрте алмай, өзінше саған тиісіп қояма.Мен оны орнына қоямын,-С/а-ның қолынан бутылканы жұлып алды да,-ішпе сен.Ертең ауырып қаласың.
С/а:жоқ.Сенен сұрамайм.Ішем менде. Ауырсам,өзім ауырам,сен несіне қиналасың?
Тэ Хун С/а-ға қарады да,жымиып:сен ауырсаң,менің жүрегім екі есе ауырады...
С/а Тэ Хуннің көзқарасынан махаббатты көрсе де,өтірік әзілге айналдырып жібермек болды:ой осы сенің айтпайтының жоқ ия .
Тэ Хун: .Сен өтірік істейсің С/а
С/а:нені өтірік істим?
Тэ Хун:сен менің ғашық екенімді білесің... Бірақ білмегендей жүре бересің солайма?
С/а үндемей отырды да,қарқылдап күліп жіберді.
Тэ Хун:ей С/а сен неге күліп жатсың?
С/а:ааай,ішім,түйіліп қаламекен?Тэ Хун осы жолы әзілің шыныменде өтті маған. Әсіресе,андай махаббат көздермен қарап ше
Тэ Хун:сен шынында...
С/А:тііішш,бүгін менде еркіндік.Мен құлағанша мас болам түсіндіңбе?
Тэ Хун:жарайды өз еркің...

#мектеп.
Чимин сыныптан шыққан соң,мұғалімдер бөлмесіне келіп отырды.3
Ішке директор кірді.
Директор:о,сені іздеп жүрген едім Пак мұғалім
Чимин:иә,көмегім керекпе?
Директор:сен практикаға келгендіктен, бір оқушымен бірігіп жаңа жоба қорғап шығуың керек.
Чимин:жоба дейсізбе? Оқушыны өзім таңдаймынба әлде...
Директор:мен білетін өте білімді оқушы,ол С/а.Сол қызбен бірігіп жоба жасайсың. Ертеңнен бастап,дайындықты бастаңдар
Чимин:жарайды ханым.

#Түн.
С/а мен Тэ Хун естерін білмейді.
Тэ Хун:ей,С/а.Егер.. ик,әлгі Ч.Чимин саған ссөз айттса,ик...Сен не дейсің?
17 viewsЛину., 07:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:06:56 #Практикант_ағай


2-бөлім«♡»


Тэ Хун:С/а мұғалімге ғашық болып қалды? Хмм,Мия күлкімді келтірмеші.С/а өмірінде жігітке ғашық болып көрген емес
Мия:шын айтам Тэ Хун.Жаңа аузы ашылып қарап қалғанын көрсең.
Тэ Хун:мұғалім деп жүргендерің соншалықты әдемі жігіт па не?
Мия:ия.Ол сондай әдемі.Күлгенін айтсаң. Тіпті бір бала секілді өзі.Ол...
Тэ Хун:ей,жетер.Сен сілекейіңді ағызып тұрып айтатындай ол қандай жігіт екен? Оны көргім келіп тұрғанын қарашы. Аты кім?
Мия:есімі?Оххх,оның есімі де өзіне қатты жарасады.Шіркін,жүрегін жаулай алсам ғой.
Тэ Хун:ей қиял.Мен саған есімі қандай деген жоқпын.Есімі кім дедім?
Мия:Чимин.Пак Чимин.
Тэ Хун:ол бізге сабақ берема?
Мия:оны білмеймін.Бірақ бізге сабақ берсе екен...
Тэ Хун:Сенде бір.Жігіт көрмегендей.С/а қайда?
Мия:кітапханаға кеткен болатын
Тэ Хун:жарайды онда мен кеттім.

#таңыстыру
Тэ Хун-С/а ның жақын досы деп айтсамда болады.Мия үшеуі бірге өскен болатын. Балалық шақтары бірге,бір балабақшада өткен.Мектепке де бірге келетін еді. Бірақ, С/а ның анасы 9 сыныпта көз жұмған соң, С/а олармен қатты араласпайды.Көп уақыты жұмыста өтетін.
Тэ Хун С/а ны бала кезден ұнататын.Оған кейде "мен сені сүйем " деп айта салатын, бірақ,С/а бәрін қалжың көретін.
Дәл бүгін С/а ның мұғалімге үзіліп қарап тұрды деген сөзін естіп,С/а мен сөйлеспек болды.
#Таңыстыру_бітті

#кітапхана.
С/а бос уақытында үнемі кітап оқитын. Бүгінде өз әдетінше кітапханаға барып, кітап оқымақшы болды. Кітап сөрелерін аралап келе жатып,ең жоғарғы сөреде орналасқан кітапқа көзі түсті.Бірақ,қанша қолын созса да,кітапты ала алмады. Қолын созып тұрғанда,арт жағынан біреу келіп, кітапты қолына алды. Қараса,өзі көрген жаңадан келген мұғалім екен.Ол С/а ға өте жақын тұрды.Оның демі С/а-ға анық білініп тұрды. Чимин кітапты қолына алды да,С/а ның бетіне бір қарап, кітапқа бір қарады.
Чимин:імм...Талғамың жақсы екен.Бұл кітап,ең жақсы кітап мен үшін,-С/а ға қарап.
С/а: солайма?Мен оқып көрейін деп едім.Алуға,Бойым жетпей жатқан еді.
Чимин:түсінікті.Іммм оқушы.....
С/а:С/а.Менің атым С/а
Чимин:жақсы.Менің атым Пак Чимин.Осы мектепке екі айға практикаға келдім.
С/а:охо түсінікті.Сізге рахмет кітапты алып бергеніңіз үшін,-С/а кітапқа қарай қолын созып еді,Чимин кітапты өзіне қарай тартып алды.
Чимин:мен кітапты саған әперген жоқпын, өзіме алдым,-арам күліп.
С/а:сіз сонда?
Чимин:кітапты мен бірінші алдым, демек мен оқимын,-деді де Чимин бұрылып кетіп қалды.

Пов С/а.
Айщщ,сымбатты жігіт болсада, қарапайымдылығы бар екен.Бірақ өзімшіл. Қызға құрмет көрсетпейма?Хмм,бірақ жек көріп кету мүмкін емес қой.
Пов С/а бітті.

С/а қайтадан кітап іздеуге кірісті.
Тэ Хун:керемет.Қандай әсерлі көрініс.Екі көзің банка болып кетті ғой. Чимин деп ғашық болып жүрген жігітің осыма?-тура арт жағынан келіп.
С/а:оуф жүрегім,-қолын жүрегіне қойып,- шошыттыңғой. Мысық құсамай дұрыстап жүрші.Түнде түсіме кіретін болдыңғой.
Тэ Хун:сенің түсіңе кірсем арманым жоққой
С/а:ақымақ
Тэ Хун:сонымен сен сол мұғалімге ғашық болып қалдың ба?
С/а:қумашы.Қайдағы?Ол мұғалім,мен оқушымын.
Тэ Хун:рас айтасыңба?
С/а:ия рас айтам.
Тэ Хун:жарайды сендім.С/а бүгін нестейсің?
С/а:түүүу,Тэ Хун қызықсың сен.Жұмысқа барам.Білесіңғо
Тэ Хун:онда бүгін бармай ақ қой.Мен сені кешкі асқа апарамын.
С/а:жооқ,бастығым ұрсады.Сосын ақшамды дұрыс төлемей қояды.
Тэ Хун:ауырып қалдым деп айт.Мен үшін өтінемін.
Тэ Хун қиылып сұрап болмаған соң,С/а келісті.
С/а:соджу ішеміз бе?-қасын көтеріп
Тэ Хун:иә,ішпегелі біраз болыпты.Ішсек ішейік......




2-бөлімнің соңы«♡»



@fanfik_1040
17 viewsЛину., 07:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 20:07:55 #Практикант_ағай 1-бөлім«♡» #Түн С/а қатты шаршаған.Түнгі жұмыстан үйіне қайтып бара жатыр.Ата анасы өмірден қайтқалы бері,жалғыз өзі бір вагонда тұрады. Туысқандары одан бас тартқан. Танымаймыз деп теріс айналған еді. С/а күнделікті бұл өмірге үйренген. Түнгі…
18 viewsЛину., 17:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 21:08:16 #Практикант_ағай


1-бөлім«♡»



#Түн
С/а қатты шаршаған.Түнгі жұмыстан үйіне қайтып бара жатыр.Ата анасы өмірден қайтқалы бері,жалғыз өзі бір вагонда тұрады. Туысқандары одан бас тартқан. Танымаймыз деп теріс айналған еді.
С/а күнделікті бұл өмірге үйренген. Түнгі сағат 2-де жүмыстан қайтады.Ал,алатын ақшасы тіпті киімінің жарты ақшасын да өтемейді.Сабаққа бірде барып,бірде бармайды. Ұйықтап қала беретіндіктен,оны құрбысы Мия оятатын еді.
Міне,С/а вагонның есігін аша салды да, бірден төсекке құлады. Есікті де жапқан жоқ.Телефоны...Телефон жоқ та ғой ол қызда.Бірақ қанша сабақтан қалса да, білімді еді.Сол білімділігінің арқасында, өзін алдамақ болған қанша адамды әшкерелеген еді.

#Таң.
Мия(сенің құрбың):ей,С/а тұршы.Кешігеміз сабақтан.Өгіздей болып ұйықтап жатқанын қарашы.Тұршы деймін саған.
С/А:түүүу Мия.Ұйқы бересіңбе жоқпа? Түнімен жұмыс істеп шаршап келсем өзім.
Мия:маған бәрібір.Тұр орныңнан.Бүгін қорытынды бақылау болады.Бармасаң келесі сыныпқа ауыстырмайды
С/А:маған бәрібір
Мия:мейлі онда.Бүгін мектепке жаңадан мұғалім келеді.Қызықтан құр қаласың рас айтам.
С/А:келе берсін.Мен үшін келмейді ғой.
Мия:хмм,өзінше болып қаптығо.Ренжідім саған болды.
С/А:мәә,әйтеуір тыныштық бермеші.Күнде осылай.
Мия:оо жармес.Мен оятпасам,күнде сабақтан қалып,екі алатын едіңғой.
С/А:жарайды.Барам барам.Ұрса бермеші.
Қазір киініп алайын.Не кием өзі?
Мия:түүу С/а қумашы.Мектеп формасын киесің да.
С/А:а иә.Солай еді ғой.Үш ақ киімім барғой. Оның біреуі мектеп формасы,біреусі үй киім,үшіншісі жұмысқа киетін киім.Ээх.. Ақшам көп болғанда ғой.
Мия:ой С/а.Сен сүйтіп отырғанда,сабақ басталып кететін болды.
С/А:жарайды.Жүр кеттік.

#Мектеп.
С/а мен Мия мектепке келсе,барлық қыз бір сыныптың маңын қоршап алған.
?-ол осының ішінде.
?-қашан шығады екен?
?-ол сондай сүйкімді, -деп қыздар жамырап,біреудің шығуын күтіп тұр.
Мия:сәлем қыздар.Сендер кімді күтіп тұрсыңдар?
?-жаңадан келген мұғалімді.
Мия:не?Ол келіп қойды ма не?
?-ия.Қазір шығады.
Көптен күткен қоңырауда соғылды.
Қыздардың барлығы сыныптың есігін аңдып тұр.С/а-да екі көзі сол жақта.

5 минуттан соң,сыныптан арық келген, сымбатты,ұзын бойлы жігіт шықты. Көзі от болып жанған,күлкісінде бүкіл әлемнің шаттығы тұрғандай,жанарымен барлық оқушыға қарап шықты.
Қыздардың көздері оны түтіп жеп бара жатыр.Алға десең,жеп қоярдай.
С/а-да оған қадалып қарап тұр. Әлгі жігіт, бірнеше қыздың ішінен С/а-ға қарадыда, арамы күліп,мұғалімдер сыныбына қарай бара жатты.

Пов С/а
О Құдайым.Ол маған қарап күлді ме?Мен оған ғашық болып қалған сияқтымын.
Пов С/а бітті.


1-бөлімнің соңы «♡»


@fanfik_1040
17 viewsЛину., 18:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 21:08:05
17 viewsЛину., 18:08
Ашу / Түсініктеме