Get Mystery Box with random crypto!

Essizdik is the new black!

Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black! E
Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black!
Арна мекенжайы: @essizdick
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.81K
Арнадан сипаттама

Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 36

2022-04-22 20:48:17 бүгін телеграмда басқа toqsansegiz деген арна бар екенін білдім.
менде де жаңалық осы.
78 views17:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 20:47:55 Асылым-ай, Арнама сыймастан тасыдым-ай, Жұмсақтың қатты ма еді басы бұлай, Қатігез ғасырым-ай! Асылым-ай, Жартастың баурайға тасы құлай, Сәбидің ағар ме еді жасы бұлай, Қатігез ғасырым-ай! Асылым-ай, Жалғанның ішінде расы Құдай, Өткенге қарауға жасыдым-ай…
98 views17:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 19:59:10 Бүгін телеграмда басқа Essizdik деген арна бар екенін білдім. Жаңалық осы.
25 views16:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 18:38:43 Асылым-ай,
Арнама сыймастан тасыдым-ай,
Жұмсақтың қатты ма еді басы бұлай,
Қатігез ғасырым-ай!

Асылым-ай,
Жартастың баурайға тасы құлай,
Сәбидің ағар ме еді жасы бұлай,
Қатігез ғасырым-ай!

Асылым-ай,
Жалғанның ішінде расы Құдай,
Өткенге қарауға жасыдым-ай,
Қатігез ғасырым-ай!
77 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 04:14:51 [Dis manibusque sacrum]

Әнімнің әуезі баяғы.
Ештеңе өзгерген жоқ екен.
Өзгеріс – ақиқат дұшпаны.
Ойларым себепсіз сөздерден,
Сәл ғана биіктеу ұшпады.

Әйтпесе,

"Әр адам бақытты болуға тиісті!"
– дей алар ақымақ немесе Жаратқан.
Әлемде бұл күні алғашқы сезім жоқ,
Барлығы екінші санаттан.

Өркениет өледі.
Ізі де қалмастан, әттең-ай!
Адамзат тарихы – тоқырау.
Өткенді білмеген жөн шығар,
Жөн шығар тарихты оқымау.

Алайда,
Өзім-ақ айтып ем біреуге:
"Көк аспан – адамзат құрдасы.
Анық қой адамның бұл Жерде
Мәңгілік тұрмасы"

Сонда да біз өткен белестің
Қаншасы қыр болып төселді.
Қанша рет жұмыр жер,
Ғаламат опат боп жөтелді?

Белгісіз...

Осылай білместен,
Жөн шығар өзгермей күн кешкен.
Әнімнің әуезі баяғы.
Өзгеріс – бәрінің бастауы.
Өзгеріс – бәрінің аяғы.


2022
58 viewsedited  01:14
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 03:24:06 "Иосиф Бродский как-то сказал, что в идеале каждое стихотворение ты шепчешь на ухо Богу. Вот и надо стараться читать, исполнять, импровизировать так, чтобы потом ощутить: да, получилось"

Михаил Козаков
24 views00:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 22:27:24 Қош бол, сәулем, көргенше,
Қайта айналып келгенше.
218 views19:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 22:23:38 Жылы сөздеріңізге рахмет! Жазға қарай оралармын. Әзірге маған үзіліс ауадай қажет. Менде апатия. Ол сезім кеткенше еш контент болмайды.

Канал көзге сүйел боп тұрса, шығып кетуге рұқсат. Еш реніш жоқ. Кездескенше
160 views19:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 21:38:29 Тыныш ағар өзендердің тереңі...
302 views18:38
Ашу / Түсініктеме