Get Mystery Box with random crypto!

Essizdik is the new black!

Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black! E
Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black!
Арна мекенжайы: @essizdick
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.81K
Арнадан сипаттама

Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 33

2022-04-26 07:30:58 Әулие болу, бәлкім, міндетті емес,
Бағдары болу үшін күпірлердің.
95 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:30:04 Бастысы сен аман бол,
Уақыт қана иесі үтірлердің.
...Әулие болу, бәлкім, міндетті емес,
Бағдары болу үшін күпірлердің.

Мен сені сүйгеніме күнәлімін –
Тереңдерде бұл сезімнің астары.
Зұлымыңды ұмытпас дәурен, бірақ...
...Ұмытады келер ғасыр жастары.

Саған деген сезімім үшін, сірә,
Тәңірдің алдында да айыптымын.
Сен жасаған күнәні шаюменен,
Өтпек шығар Жердегі жарық күнім.

Алайда, ой жолында өмір құрбан,
Меннен артық білесің,
Ой – маңызды.
Қайсыбірі ойласа болашақты,
Тарих үшін тек қана сол жан ізгі.
95 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:29:45 Қателеспесем кезінде бұл туралы өлең де жазғам. Қазір бөлісем.
88 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:28:55 Біздің ұрпақтың санасындағы Назарбаев пен біздің немерелеріміздің санасындағы Назарбаев екі түрлі тұлға. Біз тарих пен болашақ үшін бір күндік саяси эйфорияны құрбан етуіміз қажет.

Ертең немерем маған келіп: "Ата, біздің алғашқы президент жаман кісі болыпты ғой" – дегенін қаламаймын. Бұған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, ол қылмыскер болған жоқ. Өз дәуірі мен шыққан уақытының жемісі ғана. Ол үшін айыптай алмаймын.

Екіншіден, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасыр тұрақты дамуына қолғабыс болды.

Үшіншіден, менің немерем тәуелсіз Қазақстанды 1991 жылдан бері біртұтас қабылдағанын жөн көрем. 1924-1991, сосын 1991-2019, одан кейін 2019-2022 деп бөліп қарағанын қаламаймын. Ол үшін Қазақстан 1991 жылдан бері қарай біртұтас мемлекет болу қажет.
101 views04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:19:27 Кезінде Хрушев келіп Сталинді жамандағаннан совет халқы еш пайда тапқан жоқ. Маоны саяси тұлға ретінде сақтап қалған Қытай болса жеңіске жетті. Бұрынғы билікті жамандап, әшкерелеу үшін кем дегенде жаңа саяси лидер мен жалпыұлттық рухани революция қажет. Біз бұл үдіреске әлі жеткен жоқпыз. Сондықтан, барға қанағат.
100 views04:19
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:16:02 Меніңше, саяси тұрғыда өте дұрыс шешім. Тоқаевтың басы істейді.

Бұл өзгерту Тоқаевтың немесе қазіргі саяси элитаның әлсіздігі мен тәуелділігінен туып отқан жоқ, керісінше көрегендігінен туып отыр.
109 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 07:12:46 Жұмыс комитеті Президент Назарбаевты тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы ретінде Конституцияға енгізуді ұсынған.
114 views04:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 01:55:28 Сол кезде ол маған ешкімге масыл болма деген шығар деп едім. Сөйтсем, ешкімге зиян тигізбей, ешкімнің жүйкесін жұқартпай өмір сүр деген екен ғо.
106 views22:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 01:53:56 Баяғыда мамам: "Барлығы маңызды емес, бастысы ешкімге ауыртпалық түсірмей өмір сүр" – деп еді. Қазір есіме түсіп отыр.
112 views22:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 01:50:11 Өмір деген осы екен ғой, Қуаныш,
Білместіктен білгіштену, апырмай!
Біздер осы бір күн кешсек қайтеді,
Ешнәрсеге артық басты қатырмай?!
119 views22:50
Ашу / Түсініктеме