Get Mystery Box with random crypto!

Мен сенемін Мен сенемін, ертең бір күн келеді, Сахаралар көкт | Ершат Қайболдин

Мен сенемін

Мен сенемін, ертең бір күн келеді,
Сахаралар көктейді, гүлденеді.
Қулық-сұмдық жойылып, жер-жаһанның
Бос қалады қаңырап түрмелері.

Доңыздар да тиіспей қоңыздарға,
Бас иеді қыранға нағыз қарға.
Білесің бе, сол кезде жауыздар да,
Қойдың өзін аяйды бауыздауға.

Ұрылар да сол кезде, қарылар да,
Малын қосып қояды малы барға.
Бір-бірімен ағайын араласып,
Адам таппай жүреді сағынарға.

Қарық қылып байлар да көп кедейді,
Сұрай қалса бар дейді, жоқ демейді.
Бәрі жақсы болғасын барлық адам,
Өкпелейтін жан таппай өкпелейді.

Ертең-ертең керемет күн келеді,
Сеземін ғой, сеземін бірдеңені!
Гүлденеді дүние, түрленеді,
Мен білмеймін, ол күнді кім көреді?

Ершат Қайболдин