Get Mystery Box with random crypto!

EgovKzbot2.0 егов казакша

Telegram арнасының логотипі egovkzbot2_020 — EgovKzbot2.0 егов казакша E
Telegram арнасының логотипі egovkzbot2_020 — EgovKzbot2.0 егов казакша
Арна мекенжайы: @egovkzbot2_020
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.73K
Арнадан сипаттама

По вопросам рекламы @Markbtl
Осыган кирп старт бас @Kenes1414Bot
Егов на русском: 👉 @EgovKzBot2_03

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-10-13 14:33:25 Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК пен ТМД саммиттеріне қатысқаны үшін Александр Лукашенкоға алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстанның Беларусьпен арадағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән беретінін атап өтті.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен қарым-қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық өзара іс-әрекет пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударылды.

– Мен Үкімет мүшелеріне сауда-саттықты, инвестициялық ынтымақтастықты арттырып, жобаларды ілгерілету үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет деп үнемі айтып отырамын. Қолда бар әлеуетті пайдалану қажет. Менің тарапымнан тиімді көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық шаралар қабылданады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Александр Лукашенко саммитке шақырғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, АӨСШК-ті одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екенін атап өтті.

– АӨСШК ұйымын жаһандық деңгейде дамыта бастағаныңыз өте дұрыс, – деді Беларусь Президенті.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібі туралы пікір алмасты.
https://t.me/EgovKzBot2_020
9.5K viewsedited  11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-10-13 14:33:18
6.6K views11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-10-11 17:14:06
7.2K views14:14
Ашу / Түсініктеме
2022-10-09 17:48:23
Қазақстанда жасыл экономика қағидаттары бекітіледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Парламент Сенатына Қазақстан экономикалық өсудің жаңа, «жасыл» моделін қолдана отырып, жаһандық жасыл өсу институтына қосылатын Заң жобасын таныстырды.

Жаһандық институтқа қосылу ресурстық жағынан тиімді инвестицияларды, инновацияларды тарту, өндіріс пен тұтынуды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ тиісті зерттеулерге қатысу мақсатында халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
7.6K views14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 18:24:56
 Қазақстанға келген Ресей азаматтары, цон-да ИИН жасату мақсатында кезекке туруда.

https://t.me/EgovKzBot2_020
9.4K viewsedited  15:24
Ашу / Түсініктеме
2022-09-21 18:29:39 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясы Жалпы дебаттарында сөз сөйледі

Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы Жалпы дебаттарына қатысуы Нью-Йоркке сапарының басты оқиғасы болды.

Басты халықаралық мінберде сөз алған Қазақстан Президенті БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі бүгінгі кездесу әлем геосаяси текетірестің жаңа кезеңіне қадам басқан адамзат үшін сындарлы кезеңде өтіп жатқанын айтты.

– Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген әрі бұрын қалыптасқан халықаралық жүйенің орнын хаос пен болжауға келмейтін жағдай басып жатыр. Жаһандық тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай алмады. Қауіпсіздік архитектурасы жойыла бастады. Әлемдік державалар арасындағы өзара сенімсіздік жылдам артып келеді. Әлем әскери қақтығыстардың жаңа толқынының құрбанына айналды. Біз бірінші рет екі буыннан кейін ядролық қаруды қолдану қаупімен бетпе-бет келдік, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды кедергілермен және экономикалық оқшауланумен байланысты проблемаларды атап өтті. Оның айтуынша, экономикалық және саяси санкциялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегін жойып, миллиондаған адамдарға, әсіресе қоғамның осал топтарына қауіп төндіретін «жаңа нормаға» айналды.

Қазақстан Президенті өз сөзінде 77 жыл бұрын БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер ұйымның Жарғысында осы уақытқа дейін біздің қызметімізді сәтті реттеп келгенін халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын жазып, бекіткенін еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ негізінде жатқан іргелі постулаттарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, ол мемлекеттер егемендігінің теңдігі, территориялық тұтастықты құрметтеу және мемлекеттердің қатар бейбіт өмір сүруі сияқты үш негізгі қағидаттың өзара байланысын қайта қарастыру қажеттігіне тоқталды

– Бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді. Осы қағидаттардың бірін сақтау қалған екеуін ұстануды білдіреді. Ал олардың бірін бұзу, басқа екеуін бұзған болып саналады. Дәстүрлі және ядролық қарусызданудың жаһандық жүйесі әлсіреген кезде аталған үш қағидатқа қауіп төнеді. Керісінше, үш қағидаттың түгел сақталуы олардың күшеюіне ықпал етеді. Бұл қағидаттар бірге кеңейтілген мемлекетаралық ынтымақтастықтың келесі үш деңгейіне негіз болады: субөңірлік, өңірлік және жаһандық. Бұл адамзат үшін пайдалы. БҰҰ аясында бекітілген құндылықтар жүйесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамға үміт сәулесі болып қала береді, – деп сенім білдірді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастық рухына негізделген БҰҰ-ны басшылыққа алып, аталған құндылықтарды батыл қорғауға шақырды.
https://t.me/EgovKzBot2_020
9.7K views15:29
Ашу / Түсініктеме
2022-09-20 20:11:46 Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия Президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз жүргізді.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

Мемлекет басшысы Урсула фон дер Ляйенді Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен стратегиялық серіктестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға деген өзара қарым-қатынасты растады.

Еуропалық комиссияның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде іске асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Кездесу соңында Президент Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

https://t.me/EgovKzBot2_020
7.0K views17:11
Ашу / Түсініктеме
2022-09-16 21:29:06   Мемлекет басшысы Иран Президенті Ибрахим Раисимен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан Президенті биыл маусым айында өзінің Тегеранға жасаған сапарын ықыласпен еске алып, қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті. Қазақстан тарапы қысқа мерзімде Иранға жеткізілетін тауарлар тізімін әзірлеген. Сондай-ақ біздің еліміз Иран тарапының да осындай тауарлар тізімін қарастыруға және қолдауға дайын. Бұл екіжақты сауда-саттық көлемін 3 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізеді.

Президент маусым айында Тегеранда екі ел басшылары негізін қалаған көлік-транзит дәлізінің табысты дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Кездесуде транзиттік жүк тасымалын одан әрі ұлғайту мақсатында «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол тармағының әлеуетін дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ Каспий маңы елдерінің порттары арасындағы тұрақты паром қатынасының мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігі атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңызды екеніне тоқталды. Қазақстан екі ел халқы үшін маңызды тарихи тұлғаларға қатысты бірлескен зерттеулер ұйымдастыру жөніндегі Иранның бастамасын қолдады.

Қазақстан Президенті Иранның ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуға деген ниетін құптады және Ислам Республикасының аталған ұйымға қосылуы өңірлік өзара іс-әрекетті жандандырып, оның жұмысына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Иран Президенті елдеріміздің сауда-экономикалық мүмкіндіктері мол екенін, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Ибрахим Раиси қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижелері келешектегі өзара тығыз іс-әрекеттің берік іргетасы болатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Иранмен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейілді екенін айтып, Ибрахим Раисиді елімізге қарымта сапармен келуге шақырды.

https://t.me/EgovKzBot2_020
7.4K views18:29
Ашу / Түсініктеме