Get Mystery Box with random crypto!

EgovKzbot2.0 егов казакша

Telegram арнасының логотипі egovkzbot2_020 — EgovKzbot2.0 егов казакша E
Telegram арнасының логотипі egovkzbot2_020 — EgovKzbot2.0 егов казакша
Арна мекенжайы: @egovkzbot2_020
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.73K
Арнадан сипаттама

По вопросам рекламы @Markbtl
Осыган кирп старт бас @Kenes1414Bot
Егов на русском: 👉 @EgovKzBot2_03

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-12-17 15:47:17
https://t.me/EgovKzBot2_020
13.9K viewsedited  12:47
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 15:31:58
Әзербайжанның Шуша қаласы Түркі мемлекеттерінің мәдени астанасы атанды

2022 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болған Түркияның Бурса қаласы эстафетаны Әзербайжанның Шуша қаласына салтанатты түрде тапсырды

https://t.me/EgovKzBot2_020
13.6K viewsedited  12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-12-16 14:56:48 Құрметті Қазақтандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік күні - еліміздің бейбітшілігін, күш-қуатын бейнелейтін ерекше мереке. Аспанымыз әрқашан ашық, отбасымызда бірлік-береке болсын

https://t.me/EgovKzBot2_020
9.9K views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-12-04 11:06:03 Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%-ға қымбаттады.

Қараша айында жылдық инфляция 19,6%-ды құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 18,6%-ға, ақылы қызметтердікі 14,1%-ға өскен.

Бағаның өсуі (өткен жылғы қарашамен салыстырғанда):

82,4% кір сабын
70,6% қант
67,9% кеңсе тауарлары
44,7% дәретхана қағазы
44,5% арпа жармасы
43,7% жоғары сұрыпты бидай
45,8% банан
42,3% абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі
42,2% макарон өнімдері
39,0% су сабын
38,2% қарақұмық жармасы


Ал сіздер ай сайын азық-түлікке қанша ақша жұмсайсыздар?

https://t.me/EgovKzBot2_020
11.3K viewsedited  08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-12-01 11:04:35 Бағдат Мусин Астанада өткен сенбіде не себепті интернет болмағанын түсіндірді

«Сол күні кешкі сағат тоғыз шамасында Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпаратты берген болатын. Олар тиісті интернет шлюзді қадағалайды. Сол интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде ақау болған. Осының салдарынан интернет шлюздің жұмысы тоқтап қалды. Электр жабдықтары іске қосылған соң интернет қайтадан қосылды», - деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, 26 қараша кешке қарай бір сағат шамасында интернет жылдамдығы азайған еді.

https://t.me/EgovKzBot2_020
8.6K views08:04
Ашу / Түсініктеме
2022-11-27 20:47:51
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.

https://t.me/EgovKzBot2_020
7.4K views17:47
Ашу / Түсініктеме
2022-11-25 18:48:58
Сұмдық ТАРАЗ КАЗФОСФАТ БҮГІН ҚАЙТА шықты

https://t.me/EgovKzBot2_020
6.9K viewsedited  15:48
Ашу / Түсініктеме
2022-11-19 09:28:13 Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Жозеп Боррельге ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті.

Президент Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім барлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты.

– Біз Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстарды қолдаймыз. Осыған байланысты Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің өте табысты болған сапарын және Еуропалық Комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөзімді атап өткім келеді. Біз ынтымақтастығымыздың көптеген мәселесі бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Сондай-ақ Египетте Қазақстан Премьер-Министрі мен Урсула фон дер Ляйен қол қойған Меморандумды құптаймын. Бұл – өзара ынтымақтастық тұрғысынан өте нақты қадам, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Жозеп Боррель Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрмет көрсете отырып қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астана мен Брюссель арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– ЕуроОдақ пен Қазақстан – жақсы серіктестер. Біз өзара сенім мен құрмет көрсете отырып, ортақ сын-қатерлер туралы айтамыз. Сіздер Қазақстанды ашық, инклюзивті және демократиялық ел ету үшін өзгерістер жасауға бағытталған реформалар үдерісін бастадыңыздар. Менің сапарым осы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр, – деді Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

https://t.me/EgovKzBot2_020
8.1K views06:28
Ашу / Түсініктеме
2022-11-12 10:38:21
«Қазақ тілі» пәні бойынша емтиханды жыл сайын 5-сыныптан бастап барлық сынап оқушылары тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұрын қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары тапсырған.

Қазақ тілі бойынша емтихан жазбаша және ауызша түрде өткізіледі. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер өздері құрастыратын болады.
7.9K views07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-10-29 00:19:29
Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының ұсынысы бойынша өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына бейнебайланыс форматында қатысты.

Сонымен қатар саммитке Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

Сессия барысында ҰҚШҰ-ның Арменияға биыл 15 қыркүйекте жіберген Миссиясы жұмысының нәтижелері талқыланды.

Қазақстан Президенті жиында сөйлеген сөзінде жанжалды тек бейбіт жолмен және саяси-дипломатиялық тәсілдермен реттеу керек екенін атап өтті.
https://t.me/EgovKzBot2_020
8.8K viewsedited  21:19
Ашу / Түсініктеме