Get Mystery Box with random crypto!

​​ Интернетке қол жеткізу адамның ақпаратты алу және тарату е | Digital Rights & Freedoms Landscape (drfl.kz)

​​ Интернетке қол жеткізу адамның ақпаратты алу және тарату еркіндігі құқығын іске асыруының кепілі болып табылады.

Халықаралық стандарттар

Мүгедек адамдардың құқықтары саласындағы негізгі халықаралық құжат БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы 61/106 қарарымен қабылданған Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы болып табылады. Ол мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің іргетасы болып келіп, оны мүгедектер құқықтары жөніндегі комитет мүгедек адамдардың өздерінің азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыруы үшін аса маңызды алғышарт ретінде түсіндіреді.

Қолжетімділікті алдын ала шарт деп тани отырып, Комитет жаңа құқықтар немесе бостандықтарды жасамайды, керісінше мүгедек адамдар үшін құқықтарды жүзеге асыруда тең мүмкіндіктерді талап етеді және бұрын қабылданған халықаралық шарттардың танылған және қолданыстағы ережелерін, атап айтқанда — қоғамдық пайдалануға арналған кез келген орынға немесе қызмет көрсетудің кез келген түріне қол жеткізу құқығы адамның кез келген белгілері мен жеке жағдайларына қарамастан, барлығына тең шарттарда берілуге тиіс деген қағидатты негізге алады. Бұл қағидат Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 5-бабының F-тармағында бекітілген.

Осы қағидатқа сүйене отырып, қол жеткізу құқығы мүгедектік белгісімен бірге қарастырылуы керек. Дамыған елдердің тәжірибесінде веб-контентке және онлайн көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуден бас тарту халықтың пайдалануына арналған жалпыға қолжетімді қызметке Қызмет көрсетуден немесе оны ұсынудан бас тарту сияқты кемсітушілік деп танылды. Тиісінше, онлайн көрсетілетін интернет-ресурстар мен қызметтерге қолжетімділік барлығына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға олар үшін қолжетімділік талаптарын ескере отырып, тең жағдайларда берілуге тиіс.

Ақпарат пен ақпараттық технологияларға қол жеткізу барлық салаларда адам құқықтарын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Осыны негізге ала отырып, мүгедек адамдардың лайықты өмір сүру деңгейіне, қоғам өміріне тең құқылы қатысуға құқықтарын неғұрлым толық іске асыру, олардың экономикалық мүмкіндіктерін жұмыспен қамту және еңбек арқылы, оның ішінде онлайн арқылы кеңейту үшін мүгедек адамдарды басқалармен тең дәрежеде физикалық ортаға, сәулет және көлік инфрақұрылымына ғана емес, қазіргі заманғы цифрлы өнімдер мен интернетті қоса алғанда, ақпарат пен байланысқа да қол жеткізумен қамтамасыз ету талап етіледі.

Толығырақ https://drfl.kz/kk/cifrly-inklyuziya/ сілтемесі бойынша оқыңыз.