Get Mystery Box with random crypto!

​​Электронды қатысу ⠀ Электронды қатысу дегеніміз - «ақпарат | Digital Rights & Freedoms Landscape (drfl.kz)

​​Электронды қатысу

Электронды қатысу дегеніміз - «ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) көмегімен азаматтарды саясатқа, шешімдер қабылдауға, инклюзивтілік пен мақсаттылықтың болуын қамтамасыз ету мақсатында қызметтерді әзірлеу және қызмет көрсету» болып саналады.

Егер осы тұжырымдаманы электронды демократия саласына ауыстырғанда, келесі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

1. Электронды ақпараттандыру (онлайн режимінде ақпарат беру): үкімет азаматтардың көпшілік алдында пайдалануы үшін түрлі онлайн-арналар арқылы ақпарат өндіретін және жеткізетін біржақты байланыс.
2. Электронды кеңестер: азаматтар онлайн-құралдар арқылы үкіметке кері байланыс ұсынатын екіжақты байланыс.
3. Электронды серіктестік: үкіметпен серіктестікке негізделген қатынастар, онда азаматтар әртүрлі онлайн-құралдар арқылы саясатты қалыптастыру процесіне белсенді қатысады.

Халықаралық стандарттар

Қазіргі уақытта «электронды (цифрлы) мемлекетті» енгізу кезінде барлық елдердің ортақ қағидаларды ұстану қажеттігін сөзсіз көрсетуі мүмкін жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттар жоқ. Алайда, қолда бар құжаттардан азаматтардың мемлекетті басқарудағы электронды қатысу құрылуына тиіс, негізгі қағидаттарды алуға болады.

Ұлттық құқық нормалары

ҚР ұлттық заңнамасында электронды қатысуды іске асыруға мүмкіндік беретін бірнеше негізгі нормативтік құқықтық актілер (НҚА) бар:

● «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның 10-бабы «электронды үкімет» веб-порталының тиісті компоненттерінде орналастырылған «ақпаратқа қол жеткізу» бойынша ақпаратқа қол жеткізу анықтамаларының бірін қамтиды.

● «Ақпараттандыру туралы» заңының 19 - бабы, электронды нысанда көрсетілетін қызмет түрлерін айқындауды қамтиды, сондай-ақ 21-31-баптағы «Электронды үкіметтің» функционалын регламенттейді.

● ҚР Үкіметінің 12.12.2017 № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер -ҚР үкіметінің 20.12.2019 № 949 қаулысымен енгізілді. Бағдарламада «электрондық үкімет» функционалының көмегімен қолдау жоспарланатын сервистер сипатталған және оларды шешу үшін қосымша назар аударуды талап ететін мәселелер атап көрсетілген.

2020 жылы Қазақстанда электронды қатысу ережесі

БҰҰ құрастыратын электронды қатысу индексінің (E-Participation Index) рейтингінде Қазақстан 2020 жылы 193 елдің ішінде 29-орынды иеленді. Бұл айтарлықтай үлкен прогресті көрсетеді, өйткені 2018 жылы Қазақстан бұл рейтингте 42-орынды иеленген болатын. Электронды қатысу индексі көбінесе азаматтардың электронды үкіметтің ұлттық жүйесіне нақты сұраныстарын көрсетеді: мемлекеттің ақпараттық ашықтық дәрежесі және азаматтарға халық алдында ақпаратты ұсыну тетіктері, азаматтарды мемлекеттік органдармен кеңес алуға тарту және мемлекеттік саясат мәселелерін талқылауға шақыру деңгейі, сондай-ақ азаматтардың онлайн шешім қабылдау процестеріне қатысуының тиімді тетіктері.

Онлайн-петиция институтын енгізу мәселелері

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастамашылық етуі үшін бірыңғай заңды онлайн-петиция институтын құру қажеттігін атап өтті. «Үкімет азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекет жасай отырып, нормативтік-құқықтық базаны әзірлеп, осы маңызды жобаға қатысты барлық техникалық мәселелерді шешуі тиіс».

Өтініштердің көптігіне байланысты жұмыс істеу мәселелері

Қазақстанда азаматтардың электронды қатысу сервистерінің дамуы ең жоғары деңгейде жарияланғанына қарамастан, сондай-ақ сервистердің техникалық инфрақұрылымы бар, порталдың жұмыс істеуімен мәселе атап өтілуде.

Толығырақ “Электронды қатысу” туралы “DIGITAL RIGHTS MATTER” атты есебінде report2020.drfl.kz сілтеме бойынша