Get Mystery Box with random crypto!

​​ Онлайн пікір білдіру бостандығы: 2020 жылғы Қазақстан жағд | Digital Rights & Freedoms Landscape (drfl.kz)

​​ Онлайн пікір білдіру бостандығы: 2020 жылғы Қазақстан жағдайы

Өткен жылғы оқиғалар Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы нашарлай түскенін айғақтайды.
ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараты бойынша, 2017 жылы осы бап бойынша 54 адам, 2018 жылы 83 адам сотталған. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 40 адам сотталды. Барлық жағдайларда интернеттегі Жарияланымдар үшін жауапкершілік жүктелгенін атап өткен жөн.
2020 жылғы наурызда Қазақстан коронавирустық инфекциямен күресу үшін елдің барлық аумағында төтенше жағдай енгізді. Төтенше жағдайдың енгізілуі Қазақстан азаматтарының азаматтық, саяси, экономикалық құқықтарының іске асырылуын шектеді және жағдай алаңдатарлық жағдайға айналды. Мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу қиын, ақпарат сұратулары мерзімдерді бұза отырып өңделеді; мемлекеттік органдар өкілдерінің брифингтері мен баспасөз конференциялары журналистердің қатысуынсыз онлайн-форматта өтеді. Төтенше жағдай кезінде сот процестерін жариялауға журналистердің қол жетімділігі шектеулі.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы Қазақстанда негізгі халықаралық қағидаттар сақталмайтынын, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабы үнемі бұзылатынын көрсетеді. Бұл тәуелсіз журналистердің жұмысына үлкен қауіп төндіреді және азаматтық қоғамдағы қорқыныш атмосферасын күшейтеді. Мұның бәрі Қазақстанның халықаралық ұйымдар рейтингтеріндегі позицияларынан көрінеді: "Шекарасыз репортерлар" халықаралық үкіметтік емес ұйымының (RSF) Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексінде 2020 жылы Қазақстан 180 елдің ішінде 157-ші орынға ие болды.

#DigitalRightsMatter есебінің "Онлайн пікір білдіру бостандығы" бөлімі бойынша сарапшы Біржанова Гүлмира жағдайды жақсарту бойынша келесі ұсыныстарды анықтады:
● Желідегі құқыққа қарсы ақпаратты реттеу бөлігіндегі проблемалардың шешімін іздеген кезде пікір білдіру және сенім білдіру бостандығына құқық туралы ұмытпау және желідегі құқыққа қарсы ақпаратпен күресті тәуелсіз пікірді басу құралы ретінде пайдаланбау.
● Бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке алынбаған интернет-ресурсты бұқаралық ақпарат құралдарына теңестіретін норманың күшін жою
● ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын алып тастау керек, себебі ол қолданыстағы түрде адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Өшпенділік негізінде жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік басқа құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары ретінде қосылсын, сондай-ақ теріс салдарға әкеп соқтыратын қатты өшпенділік тілі көрініс тапқан жағдайларда ғана жауаптылыққа тартылсын
● Ақпараттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, атап айтқанда, БАҚ туралы жаңа демократиялық заң қабылдау, ал құқық қолдану практикасында халықаралық қағидаттар мен стандарттарға сілтеме жасау
● Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында пікір білдіру бостандығына құқықты іске асырумен байланысты әрекеттерді қылмыссыздандыру тоқтатылсын

Ақпаратпен толығырақ report2020.drfl.kz сайтында таныса аласыз.