Get Mystery Box with random crypto!

Цифрлы құпиялылық. ⠀ Төменде «цифрлы құпиялылық» бөлімі бойынш | Digital Rights & Freedoms Landscape (drfl.kz)

Цифрлы құпиялылық.

Төменде «цифрлы құпиялылық» бөлімі бойынша ұсыныстар берілген:

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның 20-бабы дербес деректердің қорғалуға жататынын және оның кепілі мемлекет болып табылатынын көрсетеді. Дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды құру-осы жолдағы алғашқы қадам.

Дербес деректерді қорғау мәселелерімен айналысатын арнайы органның болуына қарамастан, барлық мемлекеттік органдар деректерді жинау, өңдеу, сақтау және жою бойынша әзірленген техникалық, этикалық және құқықтық параметрлерге сәйкес келуге тиіс.

Дербес деректерді қорғау жөніндегі тәуелсіз және дербес органды құру мүмкін болмаған жағдайда, қысқа мерзімді перспективада азаматтық қоғам, бизнес-қоғамдастық өкілдерінен, заңгерлерден, зерттеушілерден және құқық қорғаушылардан тұратын қоғамдық бақылау тетігін іске қосу қисынды болып көрінеді.

Сонымен, технологиялық және құқықтық шаралармен қатар, жеке деректерді білім беру компонентінсіз қорғау мүмкін емес. Цифрлы құқықтар мен жеке деректерді қорғауға назар аудару цифрлы мәдениетті тезірек дамытуға мүмкіндік береді, ал кибергигиена әркімнің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Жасанды интеллект технологиясын, бет-әлпетті тану жүйесін және басқа да технологиялық шешімдерді енгізу жөніндегі бастамалар дербес деректерді ұсынумен, жинаумен, талдаумен және сақтаумен байланысты тәуекелдерді ескеруі тиіс. Мұндай процестердің ашықтығы әлеуетті осалдықтарды барынша азайтуға, дағдарыстық жағдайларға барабар ден қоюға және қазақстандық жүйенің кибер тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.