Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Telegram арнасының логотипі dodaqz — ДОДА Д
Telegram арнасының логотипі dodaqz — ДОДА
Арна мекенжайы: @dodaqz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 847
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Болжам және қыздар!

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-08-01 13:56:53
+91 КЕЛІДЕГІ ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ:

1996 жыл — Михаил Юрченко (1/8 финал)

2000 жыл — Мұхтархан Ділдәбеков (күміс жүлдегер)

2004 жыл — Мұхтархан Ділдәбеков (ширек финал)

2008 жыл — Руслан Мырсатаев (ширек финал)

2012 жыл — Иван Дычко (қола жүлдегер)

2016 жыл — Иван Дычко (қола жүлдегер)
579 views10:56
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 13:46:16
Бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты. Қазақстан құрамасының капитаны ширек финалда ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті!

Енді жартылай финалда Қамшыбек америкалық Ричард Торреспен кездеседі!
683 views10:46
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 13:20:49
Нұрлан Ақүрпеков қазақ халқынан басымды иіп тұрып кешірім сұраймын деді. Шынында да ауыр кездесу болды.

Әбілханның жеке бапкерінің айтуы бойынша,Токиоға аттанар алдында Әбілханның бұрынғы жарақаты - оң иығы қайта сыр берген. Өзбек боксшысынан кейін сол қолының жұдырығы шытынап кеткен.

Енді оң иығына ота жасатамыз деп отыр. Егер ота жасалса, Әбілхан шамамен 1-2 жыл боксқа келмейді.
715 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 13:17:26
75 КЕЛІДЕ ОЛИМПИАДАДА ӨНЕР КӨРСЕТКЕН ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ:

2004 жыл — Геннадий Головкин (күміс жүлдегер)

2008 жыл — Бақтияр Артаев (ширек финал)

2012 жыл — Данабек Сужанов (1/16 финал)

2016 жыл — Жәнібек Әлімханұлы (ширек финал)

2020 жыл — Әбілхан Аманқұл (ширек финал)
609 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 13:10:34
Ашуларыңыз басылды ма? Енді кездесуді қайта көріп шығыңыз! Сөйтіп біздің жігітке жеңіс үшін не жетпегенін айтыңыз.
723 views10:10
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 12:50:50
Александар Зверев – Теннистен Олимпиада ойындарының чемпионы!

Неміс жігіті финалда ресейлік Карен Хачановтан 6:3, 6:1 есебімен үстем түсті.

Осылайша Германия теннистен өз тарихында екінші алтын алты. Бұған дейін 1988 жылы Сеулде Штеффи Графф топ жарған болатын!
572 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 12:39:57
75 килода Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған боксшымыз Әбілхан Аманқұл жартылай финалға шыға алмады.

Ол ширек финалда бразилиялық Эберт Консейсанмен кездесіп, жеңілді!
541 viewsedited  09:39
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 11:42:22
Милад Карими Олимпиада ойындарында еркін жаттығуды аяқтады. Бұл сайысты қазақстандық спортшы 14,133 ұпай жинап, бесінші орын алды!

Енді Милад тағы бір финалда (перекладина) өнер көрсетеді! Бұл сайыс 3 тамызда өтеді.
547 views08:42
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 08:07:06
Мейрамбек Айнағұловтың кездесуі. Қазақстандық балуан бірінші айналымда қырғыз жігіті Жоламан Шаршенбековтан ойсырай жеңілді!
525 viewsedited  05:07
Ашу / Түсініктеме