Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Telegram арнасының логотипі dodaqz — ДОДА Д
Telegram арнасының логотипі dodaqz — ДОДА
Арна мекенжайы: @dodaqz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 847
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Болжам және қыздар!

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-08-03 07:59:43
Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен үшінші жарыс күні басталды

Бүгін 87 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдесуде. Бұл салмақ бойынша отандасымыз Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты. Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды.

Екеуара кездесу 4:1 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.
28 views04:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 20:02:34
Моуриньоның көзіне кез-келген футболшы іліне бермейді. Демек Шомуродов шынында мықты боп тұр ғой!
95 views17:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 17:44:37 ДОДА pinned a photo
14:44
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 17:44:26
Ертеңгі күннің кестесі!

Грек-рим күресі, 87 кило. 1/8 финал
9:05 - Нұрсұлтан Тұрсынов - Денис Кудла

Құзға өрмелеу. Ерлер, көпсайыс. Жылдамдыққа. Іріктеу
14:00 - Ришат Хайбуллин

Бокс. 52 кило. 1/4 финал
14:48 - Сәкен Бибосынов - Габриэль Эскобар

Құзға өрмелеу. Ерлер - боулдеринг. Іріктеу
15:00 - Ришат Хайбуллин

Бокс. 63 кило. 1/4 финал.
15:35 - Зәкір Сафиуллин - Гарри Гарсайд

Спорттық гимнастика. Ерлер - (перекладина)Финал
15:39 - Милад Карими

Әртістік жүзу, дуэт. Техникалық бағдарлама.
16:30 - Екатерина және Александра Немичтер

Құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс. Қиынддыққа өрмелеу. Іріктеу.
18:10 - Ришат Хайбуллин
249 viewsedited  14:44
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 16:02:11
ТӨРТ ДҮРКІН ЧЕМПИОН!!!

Аса ауыр салмақта өнер көрсетін кубалық балуан Михаин Лопес Олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы атанды! 

Токио Олимпиадасының финалында ол грузиялық Якоб Каджаяны 5:0 есебімен жеңді! 

Осылайша Лопес грек-рим күресінен төрт Олимпиадада алтын алған алғашқы балуан атанды. 

Бұған дейін ең атақты балуан Александр Карелин еді. Оның еншісінде Олимпиаданың үш алтын және бір күміс жүлдесі бар!
203 views13:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 15:47:58
Аттасымның жеңген сәті!!!
251 views12:47
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 15:34:01
Бүгін, 2 тамыз күні Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды!

Жеребенің қорытындысы бойынша егер "Қайрат" Еуропа лигасынан шығып, Конференция лигасына түсетін болса, онда плей-офф кезеңінде "Линфилд" (Солтүстік Ирландия) - "Фола" командаларының арасындағы жеңімпазға жолығады. 

Ал "Астана" келесі кезеңде финляндиялық КуПС командасына өтетін болса, плей-офф кезеңінде германиялық "Унион Берлинге" командасына түседі. 

"Шахтер" мен "Тобыл" командалары плей-офф-кезеңіне шығып жатса, "Спартак" Трнава - "Маккаби"  және "Яблонец" (Чехия) - "Селтик" (Шотландия) командаларының жеңімпаздарына қарсы ойнайды.
275 views12:34
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 15:25:26
Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бесінші ойынында қатарынан жеңілді. 

Топтық кезеңнің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы Австралиямен кездесіп, 7:15 есебімен ұтылды. Бұған дейін біздің құрама Хорватия (7:23), Сербия (5:19), Испания (4:16) және Черногория (12:19) құрамаларынан жеңілген еді. 

Осылайша бірде-бір кездесуінде жеңіске жетпеген Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне шыға алмады.
288 views12:25
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 15:03:39
ҚЫТАЙ ҚАЗАҒЫ - ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

Грек-рим күресінен Қытай қазағы Уалихан Сайлике 60 келіде қола медаль алды. Бұл салмақта үш қазақ белдесіп, біреуі жүлдеге ілінді. Кеше Мейрамбек Айнақұлов пен Ермұрат Тасмұратов (Өзбекстан) жеңіліп қалған.
Уалихан Қытайға ұзақ күткен жүлдені сыйлады. Бұл ел 2008 жылы Пекинде өткен олимпиададан кейін грек-рим күресінен жүлде алмаған еді.
312 views12:03
Ашу / Түсініктеме