Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Telegram арнасының логотипі dodaqz — ДОДА Д
Telegram арнасының логотипі dodaqz — ДОДА
Арна мекенжайы: @dodaqz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 847
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Болжам және қыздар!

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 17

2021-07-24 11:40:47
Велоспорттан (шоссе) Олимпиада ойындарында сынға түскен қазақстандық Алексей Луценко жүлдеге іліге алмады. 

234 километрге созылған жарыс жолын отандасымыз 21 орында аяқтады. Оның уақыты 6:11:46. Луценко алтын жүлде алған эквадорлық Ричард Карапастан +6:20 қалып қойды. Екінші орынды бельгиялық Ваут Ван Арт алса, үздік үштікті словениялық Тадей Погачар түйіндеді. 

Ал екінші бір отандасымыз Вадим Пронскийдің нәтижесі әлі шықпады.
361 viewsedited  08:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 10:59:44
Таныс болыңыздар, Хенд Заза!

Олимпиада ойындары тарихындағы ең жас спортшы. Үстел теннисінен Сирияның намысын қорғайтын Зазаның жасы 11-де! 

Сіз 11 жасыңызда не істедіңіз )))
370 views07:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 10:08:52
Левиттің басты қарсыластарының бірі жарыс жолынан шығып қалды

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Василий Левиттің басты қарсыластарының бірі өзбекстандық Санжар Тұрсынов жеңіліп қалды. 

Олимпиаданың бірінші айналымында Тұрсынов алжирлік Абделхафид Беншабламен кездесіп, 1:4 есебімен ұтылды. 

Беншабланы білетін шығарсыздар иә? Бұл боксшы кезінде "Астана арландары" сапында өнер көрсеткен еді.
377 views07:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 09:30:06
Қарағандылық "Шахтер" мен румыниялық "Стяуа" арасындағы Конференция лигасының жауапты кездесуі Армения астанасы Ереванда өтетін болды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлап отыр. 

Кеше "Шахтер" мен "Стяуа" араcындағы Конференция лигасындағы жауапты кездесу Қазақстаннан тыс жерде өтетіні белгілі болған еді. Бұған себеп - Қазақстанның "қызыл аймаққа" кіруі. Румыния басшылығы "қызыл аймаққа" енген елдерден ұшып келгендерді екі апталық карантинге жабу туралы қаулы шығарған. Осыған байланысты "Стяуа" УЕФА-ға хат жазған. Ал Еуропа футбол одағы болса, жауапты кездесуде бейтарап алаңда өткізу туралы шешім шығарды.
364 views06:30
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 09:20:33
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Олимпиада ойындарының бірінші айналымында жарақат алып, кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Олимпиада ойындарының бірінші айналымында Дияс чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте әлемдік рейтингте 11-орында тұрған чех қызы 5:2 есебімен жеңіп тұрған. 

Жетінші геймнен кейін қазақстандық теннисші жарақатына байланысты кездесуді ары қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша Дияс үшін Олимпиада ойындары аяқталды.
357 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 22:21:28
ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАДА ЕҢ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕНІ КІМ АЛҒАН? ⁣

Атланта Олимпиадасы (1996). Грек-рим күресі. Юрий Мельниченко — чемпион.⁣

Сидней Олимпиадасы (2000). Велоспорт. Александр Винокуров — күміс жүлдегер.⁣

Афина Олимпиадасы (2004). Ауыр атлетика. Сергей Филимонов — күміс жүлдегер.⁣

Пекин Олимпиадасы (2008). Грек-рим күресі. Нұрбақыт Теңізбаев — қола жүлдегер.⁣

Лондон Олимпиадасы (2012). Велоспорт. Александр Винокуров — чемпион.⁣

Рио Олимпиадасы (2016). Дзюдо. 48 келі. Галбадрах Отгонцэцэг — қола жүлдегер. ⁣

Таңертең ел қоржынына алғашқы жүлдені әперу үшін, дзюдодан Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі), Елдос Сметов (60 келі), Алексей Луценко (велоспорт) сайысқа түседі.
100 views19:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 21:29:35
Ал Моурисио Поччетино ПСЖ командасымен 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартын ұзартты!
145 views18:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 21:10:34
Валерий Карпин Ресей құрамасының бас бапкері атанды!
172 views18:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 20:46:27
"Шахтер" мен "Стяуа" арасындағы Конференция лигасындағы жауапты кездесу Қазақстаннан тыс жерде өтеді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

Бұған себеп, Қазақстанның "қызыл аймаққа" кіруі болған. Румыния басшылығы "қызыл аймаққа" енген елдерден ұшып келгендерді екі апталық карантинге жабу туралы қаулы шығарған. Осыған байланысты "Стяуа" УЕФА-ға хат жазған. Ал Еуропа футбол одағы болса, жауапты кездесуде бейтарап алаңда өткізу туралы шешім шығарды. Бұл мәселе тіпті қаралмайды да.

УЕФА жауапты матчты өткізуге 5 елді ұсынып отыр. Олар - Польша, Венгрия, Албания, Португалия және Грекия. Сонымен қатар басқа елді де таңдауға болады. Бірақ ол үшін екі команда келісіп алу керек. "Шахтер" румындарға ойынды ең болмаса Ресейде өткізу туралы үсыныс айтқан. Бірақ "Стяуа" басшылығы келіспеген.
192 views17:46
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 17:18:41 Қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстардың кестесі:

Велоспорт (шоссе), ерлер арасындағы топтық жарыс
24 шілде, 08:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) - Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Вадим Пронский

Дзюдо, ерлер және әйелдер арасындағы белдесу
24 шілде, 08:00, квалификация - Елдос Сметов, Отгонцэцэг Галдбадрах
14:00 жұбаныш белдесуі, жартылай финал және финал басталады.

Теннис, ерлер, әйелдер. Бірінші раунд
24 шілде, 08:00 - Александр Бублик - Даниил Медведев (Ресей)
24 шілде, 08:00 - Зарина Дияс - Барбора Крейчикова (Чехия)
24 шілде, 08:00 - Елена Рыбакина - Саманта Стосур (Австралия)
24 шілде, 09:30-дан кейін - Александр Бублик/Андрей Голубев - Жереми Шарди/Гаэль Монфис (Франция)

Бокс, 57 кило, ерлер. 1/16 финал.
24 шілде, 09:18 - Серік Теміржанов - Ролан Гарос (Венгрия)

Спорттық гимнастика, ерлер арасындағы іріктеу
24 шілде, 11:30 - Милад Карими

Жүзу, ерлер. 100 метр брасс
24 шілде, 17:35 - Дмитрий Баландин

Үстел теннисі, әйелдер. Бірінші раунд
24 шілде, 18:00 - Анастасия Лаврова - Мария Сяо (Испания)
1.2K views14:18
Ашу / Түсініктеме