Get Mystery Box with random crypto!

'Ә' дегенге,'мә' десіп,өре тұрып, Бет-аузыңды соққыға бере от | Dei saldym

"Ә" дегенге,"мә" десіп,өре тұрып,
Бет-аузыңды соққыға бере отырып.
"Құладым деп оқыста" ата-анаға,
Қорыққаннан айтамыз бір өтірік.

Қарағайдай паң түрі,төре түрі,
Қатайып-ақ қалғанын көре тұрып.
Жеңгелерге әлі де жап-жассың деп,
Сыйлағаннан айтамыз бір өтірік.

Төсегінде өлерін көре тұрып,
Тілеуіңді туысқа бере отырып.
"Айығып-ақ кетесің" деп ауруға,
Аяғаннан айтамыз бір өтірік.

Жалған әдеп, әрине жоғалмақшы.
Жоғалмақшы,замана оңалмақшы.
Айналайын зиянсыз,Өтірік-ай,
Сонда біздің күйіміз не болмақшы?!

Қадыр Мырза Әлі