Get Mystery Box with random crypto!

Dei saldym

Telegram арнасының логотипі deisaldymai — Dei saldym D
Telegram арнасының логотипі deisaldymai — Dei saldym
Арна мекенжайы: @deisaldymai
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 239

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2023-07-05 15:38:53 Бір өлеңдер болады, су құсап сіміретін. Бір өлеңдер болады, ұрттап-ұрттап ішетін.

Біз бір жұтымға татитын өлең жаза алмай жүрміз)
58 views12:38
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 19:19:31 "Ә" дегенге,"мә" десіп,өре тұрып,
Бет-аузыңды соққыға бере отырып.
"Құладым деп оқыста" ата-анаға,
Қорыққаннан айтамыз бір өтірік.

Қарағайдай паң түрі,төре түрі,
Қатайып-ақ қалғанын көре тұрып.
Жеңгелерге әлі де жап-жассың деп,
Сыйлағаннан айтамыз бір өтірік.

Төсегінде өлерін көре тұрып,
Тілеуіңді туысқа бере отырып.
"Айығып-ақ кетесің" деп ауруға,
Аяғаннан айтамыз бір өтірік.

Жалған әдеп, әрине жоғалмақшы.
Жоғалмақшы,замана оңалмақшы.
Айналайын зиянсыз,Өтірік-ай,
Сонда біздің күйіміз не болмақшы?!

Қадыр Мырза Әлі
72 viewsedited  16:19
Ашу / Түсініктеме
2023-06-29 21:12:52 Нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктер:

1. Сезім. Нәзік сезімталдық.
2. Бақылау. Жіті бақылағыштық.
3. Қиял. Творчестволық фантазия.
4. Интуиция. Өлең жазу  – есеп шығару емес. Бұл арада ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек.
5. Өмірбаян. «¬Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» (Ибсен).
6. Парасат. Сананың саралығы.
7. Шеберлік. Суреткерге тән кәсіби шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ.
8. Шабыт. Шалқыған шабыт болмаса, шеберліктен де ештеңе шықпайды. «Ең арғы жағы геомтрияға да шабыт керек» (Пушкин). ...Нағыз шалқар шабыт – творчестволық құлшыну мен құштарлық. «Суреткер өнердегі өзін емес, өзіндегі өнерді сүю керек» (Станиславский)

#сөз_өнері #қабдолов #конспект
128 views18:12
Ашу / Түсініктеме
2023-06-29 17:22:22 Маяковский деген адам Маяковский деген ақынды он екі жыл бойы өлтіріп келді. Ақыры ақын Маяковский адам Маяковскийды бір-ақ күнде өлтіріп тынды. "Фариза" қойылымынан
121 views14:22
Ашу / Түсініктеме
2023-06-28 04:26:32 Бүгін мейрам ғой. Құрбан айт құтты болсын!
125 views01:26
Ашу / Түсініктеме
2023-06-27 20:44:01 Сағыныш демекші…

Ауылдан он жасымда кеткем. Арада қанша жыл өтсе де, ауылға жиі барып тұрсам да, туған жеріме деген сағынышым басылмай келеді. Не себепті екенін де білмеймін. Қайда жүрсем де ауылым өзіммен бірге жүреді.

Ең үлкен сағынышым сол шығар.
129 views17:44
Ашу / Түсініктеме
2023-06-27 20:30:40 Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.
122 views17:30
Ашу / Түсініктеме
2023-06-27 09:49:24 сөзі: Төлеген Айбергенов
125 viewsedited  06:49
Ашу / Түсініктеме
2023-06-26 10:15:47 Табиғатқа шығып тұрыңдар
135 views07:15
Ашу / Түсініктеме
2023-06-24 13:37:57 путин инстаграмда отыратын болса бүкіл әлем оның сторисын “скрыть” етіп тастайтын сияқты.
162 views10:37
Ашу / Түсініктеме