Get Mystery Box with random crypto!

Нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктер: 1. Сезім. Нәзік се | Dei saldym

Нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктер:

1. Сезім. Нәзік сезімталдық.
2. Бақылау. Жіті бақылағыштық.
3. Қиял. Творчестволық фантазия.
4. Интуиция. Өлең жазу  – есеп шығару емес. Бұл арада ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек.
5. Өмірбаян. «¬Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» (Ибсен).
6. Парасат. Сананың саралығы.
7. Шеберлік. Суреткерге тән кәсіби шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ.
8. Шабыт. Шалқыған шабыт болмаса, шеберліктен де ештеңе шықпайды. «Ең арғы жағы геомтрияға да шабыт керек» (Пушкин). ...Нағыз шалқар шабыт – творчестволық құлшыну мен құштарлық. «Суреткер өнердегі өзін емес, өзіндегі өнерді сүю керек» (Станиславский)

#сөз_өнері #қабдолов #конспект