Get Mystery Box with random crypto!

DARYN RSPC

Telegram арнасының логотипі daryn_centre — DARYN RSPC D
Telegram арнасының логотипі daryn_centre — DARYN RSPC
Арна мекенжайы: @daryn_centre
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.85K
Арнадан сипаттама

📢Школьникам олимпиады конкурсы игры РНПЦ "ДАРЫН"
сайт: daryn.kz

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 64

2021-07-24 15:58:47 2021 жылғы 17-25 шілде аралығында Литваның астанасы Вильнюс қаласында онлайн форматта өткен физикадан халықаралық олимпиада (бұдан әрі - IPhO) өз мәресіне жетіп қорытындылары жарияланды.

Физика пәнінен 2021 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған, сондай-ақ олимпиадалық резервтің мүшелері болып табылатын 5 оқушы еліміздің намысын қорғап қоржынымызға 5 күміс медаль еншіледі.

Қазақстан ұлттық командасының құрамы:

Қалдыбаев Рауан – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы (күміс медаль иегері);
Драганчук Антон – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (күміс медаль иегері);
Рахимжанов Динмухаммед – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (күміс медаль иегері);
Алпамыс Ризабек - Атырау қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы (күміс медаль иегері);
Пітебай Ерсултан – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы (күміс медаль иегері).

Ұлттық команданың жаттықтырушылары:
Давлетов Аскар Ербуланович – ҚР ҰҒА корр-мүшесі, ф-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры;
Максутов Самат Муратбекулы – PhD докторы, Сүлейман Демирел университеті профессорының ассистенті;
Бейсенов Бекмұрза Уласбекұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты.

#Тарихи_анықтама: Алғашқы IPhO 1967 жылы Польшаның астанасы Варшава қаласында профессор Чеслав Щчисловский тарапынан ұйымдастырылып өткен болатын. Жарыстың пайда болу себептерінің бірі халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO) сәтті өткізілуімен қатар халықаралық деңгейдегі олимпиада өткізудегі жинақтаған тәжірибе бірден-бір негіз болды.

Қазақстан алғаш рет 1997 жылы Канадада өткен 28-ші Олимпиадаға қатысып, 2 құрмет грамотасын иеленген болатын. Олимпиадаға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы 13 алтын, 32 күміс, 28 қола және 25 құрмет грамотасына ие болды.

#Ескертпе: Өткен жылы құрама команда 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

===============

Завершилась Международной олимпиада по физике (далее - IPhO), которая состоялась в период с 17 по 25 июля 2021 года в дистанционном формате в Литовской столице городе Вильнюс.
5 конкурсантов, ставшие победителями и призерами Республиканской олимпиады по физике в 2021 году, а также являющимися членами олимпийского резерва защитили честь нашей страны и завоевали #5_СЕРЕБРЯНЫХ_МЕДАЛЕЙ.

Состав сборной Казахстана:
#Калдыбаев_Рауан – учащийся 11 класса Республиканской физико-математической школы г. Нур-Султан;
#Драганчук_Антон – учащийся 11 класса школы-лицея №8 для одаренных детей г. Павлодар;
#Рахимжанов_Динмухаммед – учащийся 10 класса школы-лицея №8 для одаренных детей г.Павлодар;
#Алпамыс_Ризабек – учащийся 10 класса лицей – интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г.Атырау;
#Пітебай_Ерсултан – учащийся 10 класса Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления г.Алматы.

Тренеры сборной команды:
#Давлетов_Аскар Ербуланович – член-корр.НАН РК, д.ф-м.н., профессор КазНУ им. аль-Фараби;
#Максутов_Самат Муратбекулы – доктор PhD, ассистент профессора Университета им.Сулеймана Демиреля;
#Бейсенов_Бекмұрза Уласбекұлы – докторант КазНУ им. аль-Фараби.

#Историческая_справка: самая первая Олимпиада была организована и проведена в Польской столице г. Варшава в 1967 году, профессором Чеславом Щчисловским. Одной из причин создания соревнований стал успех проведения международной математической олимпиады (IMO) и опыт, накопившийся в проведении олимпиады.

Казахстан впервые был представлен на 28-й Олимпиаде в 1997 году в Канаде, завоевав 2 почетные грамоты. За годы участия в Олимпиаде сборная команда нашей страны завоевала 13 – золотых, 32 – серебряных, 28 бронзовых медалей и 25 почетных грамот.
Примечание: В прошлом году сборная РК завоевала 3 серебра и 2 бронзовые медали.

#ipho2021org #iphoKazakhstan2021
1.1K viewsERCULES, 12:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 15:57:23
878 viewsERCULES, 12:57
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 15:25:23 Қазақстан құрамасы 2021 жылғы 19-23 шілде аралығында Латвияның Вентспилс қаласында онлайн форматта өткен лингвистикадан халықаралық олимпиадасында (бұдан әрі - ІОL) 1 қола медальді еншіленді.

#ҚОЛА_МЕДАЛЬ| #Пересыпкина_Дарья – Нұр-Сұлтан қаласы Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның 10 сынып оқушысы;
#Асилбекова_Сабина – Шымкент қаласы №8 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы;
#Мустафа_Әли – Тараз қаласы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
#Зейнуллаева_Аружан – Қарағанды қаласы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы.

Құрама команда жаттықтырушысы:

#Мурзагалиева_Диана_Қажетқызы – Назарбаев Университетінің түлегі, лингвистикадан халықаралық олимпиаданың өткен жылдарындағы жүлдегері.

Тарихи анықтама: ІОL оқушылар арасында теориялық, математикалық және қолданбалы лингвистика бойынша жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін білім жарысы. Тұңғыш ІОL 2003 жылы Болгарияда өткізілді. Қазақстан құрама командасы ІОL-ға 2015 жылдан бері қатысып келеді.

Лингвистика бойынша ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздарынан құралған әр елдің командалары өз елдерінің намысын қорғау үшін ІОL-да өз білімдерін көрсетті.

ІОL талаптарына сай қатысушылардан лингвистика бойынша алдын-ала білім талап етілмеді. Олимпиада тапсырмалары логикалық дағдылар мен шыдамдылық және ойлау зеректігін ғана талап етеді.
Қатысуға төрт оқушыдан және бір жетекшіден құралған командалар шақырылады. Олимпиада жеке және командалық екі жарыс турынан тұрады. Жеке турда қатысушылар алты сағат ішінде бес тапсырманы, ал командадалық турда – ортақ жобаны орындаулары қажет.

Ескертпе: 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада ұйымдастырылмады.

Жас дарындарымызды құттықтай отырып, оларға алдағы уақыттарда да білім додаларында үлкен жетістіктер тілейміз!

================

Сборная Казахстана завоевала 1 бронзовую медаль в Международной олимпиаде по лингвистике (далее - IOL), которая состоялась в этом году проведена в дистанционном формате в Латвийском г. Вентспилс в период с 19 по 23 июля 2021 года.

#БРОНЗОВАЯ_МЕДАЛЬ | #Пересыпкина Дарья - учащаяся 10 класса НАО «Республиканская физико-математическая школа» города Нур-Султан;
#Асилбекова Сабина - учащаяся 10 класса школы-гимназии № 8, города Шымкент;
#Мустафа Әли - учащийся 10 класса школы-интерната для одаренных юношей «Білім-инновация», город Тараз;
#Зейнуллаева Аружан - учащаяся 10 класса специализированного школы-интерната «Мұрагер», город Караганда

Тренер сборной команды:

#Мурзагалиева_Диана_Кажетқызы - выпускница АОО «Назарбаев Университет», призер международной олимпиады по лингвистике прошлых лет.

#Историческая_справка: IOL - ежегодное соревнование по теоретической, математической и прикладной лингвистике среди школьников.

Первая IOL состоялась в 2003 году в Болгарии. Сборная команда Казахстана принимает в ней участие с 2015 года.

Каждый год победители национальных олимпиад по лингвистике со всего мира формируют команды чтоб представить свою страну на этой престижной Олимпиаде. Никаких предварительных знаний по лингвистике или языкам не требуется: даже самые сложные задания требуют только логических способностей, терпеливой работы и готовности мыслить.

К участию приглашаются команды из четырех школьников и одного руководителя. IOL состоит из двух соревновательных туров: индивидуального и командного. На индивидуальном туре участникам необходимо решить пять задач за шесть часов. На командном – выполнить проект.

Примечание: В 2020 году в связи с эпидситуацией олимпиада не состоялась.

Поздравляем ребят с успешным выступлением и желаем им дальнейших успехов!
1.1K viewsERCULES, 12:25
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 15:23:20
998 viewsERCULES, edited  12:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 19:35:58 Қазақстанның ұлттық құрама командасы 2021 жылғы 18-23 шілде аралығында Португалияның Лиссабон қаласында қашықтықтан онлайн форматта өтетін биологиядан халықаралық олимпиадасына (бұдан әрі - ІВО) қатысып #1_күміс, #2_қола және #1_Құрмет_грамотасын иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, ІВО-ға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы 2 алтын, 14 күміс, 49 қола медаль және 11 Құрмет грамотасын иеленді. 2019 жылы Қазақстан құрама командасы 3 қола медаль иеленген болса, өткен жылы 1 қола медаль мен 2 грамотаны иеленді. Ал осы жылы Қазақстанның қоржыны 1 күміс және 2 қола медальға толықты.

Биылғы жылы ІВО-ға қатысатын Қазақстан құрама командасы биологиядан өткен 2021 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен, сондай-ақ олимпиада резервінің мүшелернен жасақталды.

Құрама команда мүшелері:

Күміс медаль - #Темірбеков_Ерасыл - Өскемен қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - #Батыржанов_Ернар- Ақтөбе қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы;
Қола медаль - #Ерназаров_Бақдәулет - Алматы қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 9 сынып оқушысы;
Құрмет грамотасы - #Әбдуәлі_Гүлдана - Нұр-Сұлтан қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Құрама команданың жаттықтырушылары:

#Сагинтаев_Адлет_Алтынбекович - биология ғылымдарының магистрі, Сүлейман Демирель университетінің аға оқытушысы;
#Сакимов_Ильяс_Кабиденович – биология ғылымдарының магистрі, «EdLight Education Support» орталығының әдіскері.

#Тарихи_анықтама: ІВО тұңғыш рет 1990 жылы Чехословакияда өткізілді. Қазақстан құрама командасы ІВО-ға 1996 жылдан бастап қатысып келеді. Әрбір қатысушы ел биологиядан ұлттық олимпиаданың 4 жеңімпазынан құралған команданы жіберуге құқылы. ІВО 2 кезеңнен тұрады. Барлық командалар теориялық және практикалық турлардың тапсырмаларын орындау бойынша жарысады. ІВО қорытындылары жеке есеп көрсеткіштерімен шығарылады.

===============

Национальная сборная команда Казахстана, принимавшая участие в Международной олимпиаде по биологии (далее - IВO), которая состоялась в период с 18 по 23 июля 2021 года в дистанционном формате в Португальском г. Лиссабон, завоевала #1_серебряную, #2_бронзовые медали и #1_Почетную_грамоту.

Стоить отметить, что за годы участия в IBO сборная команда нашей страны завоевала 2 золотых, 14 серебряных, 49 бронзовых медалей и 11 почетных грамот. В 2019 году сборная команда Казахстана завоевала 3 бронзовые медали, в прошлом году завоевала 1 бронзовую медаль и 2 почетные грамоты. А в этом году копилка Казахстана пополнилась на 1 серебряную и 2 бронзовые медалей.
В этом году сборная команда Казахстана была представлена 4 конкурсантами, которые являются победителями и призерами Республиканской олимпиады 2021 года по биологии, а также членами олимпийского резерва.

Состав сборной команды:

Серебрянная медаль - #Темірбеков Ерасыл — учащийся 11 класса Назарбаев Интеллектуальной школы химико-биологического направления г.Усть-Каменогорск;
Бронзовая медаль - #Батыржанов Ернар — учащийся 10 класса лицей – интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г.Актобе;
Бронзовая медаль - #Ерназаров Бақдәулет — учащийся 9 класса лицей – интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г. Алматы;
Почетная грамота - #Әбдуәлі Гүлдана — учащаяся 10 класса школы-лицея «NURORDA» г. Нур-Султан.

Тренеры сборной команды:

#Сагинтаев_Адлет Алтынбекович — магистр биологических наук, старший преподаватель Университета Сулеймана Демиреля;
#Сакимов_Ильяс Кабиденович — магистр биологических наук, методист центра «EdLight Education Support».

#Историческая_справка: впервые IBO была проведена в Чехословакии в 1990 году. Сборная команда Казахстана принимает участие в IBO с 1996 года. Каждая страна-участник имеет право отправить команду, состоящую из 4 участников, победителей Национальной биологической олимпиады. IBO состоит из 2-х туров. Команды состязаются на теоретическом и практическом турах. Итоги подводятся в индивидуальном зачете.
665 viewsERCULES, edited  16:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 19:34:14
БИОЛОГИЯДАН ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫ 1 КҮМІС, 2 ҚОЛА және 1 ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫНА ТОЛЫҚТЫ
===============

КОПИЛКА КАЗАХСТАНА ПО БИОЛОГИИ ПОПОЛНИЛАСЬ НА 1 СЕРЕБРЯНУЮ, 2 БРОНЗОВЫЕ МЕДАЛИ и 1 ПОЧЕТНУЮ ГРАМОТУ
608 viewsERCULES, 16:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 17:06:18 2021 жылғы 14-24 шілде аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қашықтықтан өткізілген 62-ші Халықаралық математикалық олимпиада (бұдан әрі - IМO) өз мәресіне жетті.
Биылғы IМO-ға әлемнің 107 елінен 600 астам оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысу нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының көрсеткен жетістіктері келесідей:

АЛТЫН | #Мырзатай_Айбек - Атырау қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы –;
КҮМІС | #Дуйсенбеков_Данат – Нұр-Сұлтан қ. «Spectrum» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
КҮМІС | #Сатубалдин_Таир – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
КҮМІС | #Сам_Фетуллах – Нұр-Сұлтан қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы;
ҚОЛА | #Олжабаев_Асылбек – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
ҚОЛА | #Баймурзин_Рахим – Қарағанды қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы.

Еліміздің құрама командасы дәстүрлі түрде алты қатысушыдан құрастырылды. Олимпиадашыларымызды IMO-2021-ге шыңдап дайындаған өткен жылдардағы халықаралық математикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары екенін айта кеткен жөн.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұлттық құраманың жаттықтырушыларына олимпиадашыларды дайындауда көрсеткен кәсіби шеберлік пен дайындық сапасы үшін алғыс білдіреді.

Жас дарындарымызды құттықтай отырып, оларға алдағы уақыттарда да сәттілік тілейміз!

#Ескертпе: 2020 жылы Қазақстан құрамасы 3 күміс, 2 қола медальдарына және 1 құрмет грамотасына ие болса, соңғы алтын медаль еншімізге 2017 жылытүскен болатын.

===================

Завершилась 62-ая Международная математическая олимпиада, которая состоялась в дистанционном формате в период с 14 по 24 июля 2021 года в России в городе Санкт-Петербург.

В IМO текущего года приняло участие 107 стран мира, более 600 участников.

По итогам выступления сборная команда Казахстана была удостоена следующих наград:

ЗОЛОТО | #Мырзатай Айбек - учащийся 11 класса лицея-интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г.Атырау;
СЕРЕБРО | #Дуйсенбеков Данат - учащийся 12 класса международной школы «Spectrum» г. Нур-Султан;
СЕРЕБРО | #Сатубалдин Таир - учащийся 11 класса Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления г.Алматы;
СЕРЕБРО | #Сам Фетуллах - учащийся 11 класса лицея-интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г.Нур-Султан;
БРОНЗА | #Олжабаев Асылбек - учащийся 12 класса Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления г.Алматы;
БРОНЗА | #Баймурзин Рахим - учащийся 11 класса Назарбаев Интеллектуальной школы химико-биологического направления г.Караганда.

Традиционно, команда нашей страны состояла из шести участников. В подготовке олимпийцев на IMO-2021 приложили свои усилия победители и неоднократные призеры математических олимпиад прошлых лет.

РНПЦ «Дарын» благодарит всех тренеров сборной команды за мастерство и качество подготовки наших олимпийцев.
Поздравляем ребят с успешным выступлением и желаем им дальнейших успехов!

#Примечание: В 2020 году сборная команда Казахстана была удостоена 3 серебряных, 2 бронзовых медалей и 1 почетной грамоты. Последняя золотая медаль была завоевана в 2017 году.
1.1K viewsERCULES, 14:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 17:04:53
IMO-2021 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
=================
ПОЗДРАВЛЯЕМ ПОБЕДИТЕЛЕЙ И ПРИЗЕРОВ
IMO-2021!
1.0K viewsERCULES, 14:04
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 15:09:04 #ӨТЕТІН_КҮНДЕРІ: 2021 жылғы 24 шілде-3 тамыз
#ӨТУ_ФОРМАТЫ: қашықтықтан.
#ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ_ЕЛ: Ресей, Саха Республикасы (Якутск қ.).

#ТАРИХИ_АҚПАР: 1994 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан құрамасы аталмыш олимпиадада 2004 жылдан бастап қатысып келеді.

#ОЛИМПИАДАНЫҢ_МАҚСАТЫ – дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау, оларды одан әрі интеллектуалдық тұрғыда дамыту және кәсіби бағыт-бағдар беру, өзге елдердің оқушыларымен ара байланыстарды нығайту, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты күшеуіне ықпал жасау.

#ҚАТЫСУШЫЛАР: Болгария, Иран, Қазақстан, Ресей аймақтары, Румыния, Сингапур және Тәжікстан командалары.

Осы жылы Олимпиада математика, физика, информатика пәндері бойынша жеке біріншілікте екі күнге созылған екі турда өтетін болады.

Бұл жылғы Олимпиадада Қазақстанның намысын 85 оқушы қорғайтын болса, оның 78 еліміздің әр өңірінен, ал 7 оқушы Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері болып табылады.

#ҚҰРАМА_КОМАНДА атынан Олимпиадаға келесі оқушылар қатысады:

1) #Раушанов_Марлен – Нұр-Сұлтан қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей- интернатының 11 сынып оқушысы;
2) #Әбдіразақ_Нұрасыл – Алматы қ. физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
3) #Сихимбаев_Даниэль – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы;
4) #Шатохин_Даниил – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы;
5) #Лим_Владимир – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
6) #Жекебаев_Олжас – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы;
7) #Қорғанбаев_Таймас – Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы.

Қазақстан құрама командасына сәттілік тілейміз!

=====================

#ДАТЫ_ПРОВЕДЕНИЯ: 24 июля по 3 августа 2021 года
#ФОРМАТ_ПРОВЕДЕНИЯ: в дистанционном режиме.
#СТРАНА_ОРГАНИЗАТОР: Россия, Республика Саха (г. Якутск).

#ИСТОРИЧЕСКИЕ_СВОДКИ: проводится с 1994 года.
Национальнальная сборная команда Казахстана принимает в ней участие с 2004 года.

#ЦЕЛЬ_ОЛИМПИАДЫ – создание оптимальных условий для выявления способных и одаренных школьников, их дальнейшее интеллектуальное развитие и профессиональная ориентация, укрепление связей между школьниками разных стран, развитие дружественных отношений между государствами.

#УЧАСТНИКИ: команды из Болгарии, Ирана, Казахстана, Российских регионов, Румынии, Сингапура и Таджикистана.

В этом году Олимпиада пройдет в течение двух дней в индивидуальном первенстве по математике, физике и информатике в два тура.

Республику Казахстан на Олимпиаде представляют 85 школьника, 78 из которых принимают участие из разных регионов нашей страны, а 7 школьников являются членами сборной команды.

#СБОРНАЯ_КОМАНДА Казахстана представлена следующими участниками:

1) #Раушанов Марлен – учащийся 11 класса лицей-интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г.Нур-Султан;
2) #Әбдіразақ Нұрасыл – учащийся 11 класса Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления г.Алматы;
3) #Сихимбаев Даниэль – учащийся 9 класса Республиканской физико-математической школы г.Нур-Султан;
4) #Шатохин Даниил – учащийся 10 класса Республиканской физико-математической школы г.Нур-Султан;
5) #Лим Владимир – учащийся 10 класса школы-лицея № 8 для одаренных детей г.Павлодар;
6) #Жекебаев_Олжас – учащийся 9 класса Республиканской физико-математической школы г.Нур-Султан;
7) #ҚорғанбаевТаймас – учащийся 9 класса специализированного лицея №165, г.Алматы.

Желаем успехов нашей сборной команде!
2.0K viewsERCULES, 12:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 15:07:59
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУЙМААДА» ОЛИМПИАДАСЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАМАҚ
=================
ОДАРЕНЫЕ ШКОЛЬНИКИ ЗАЩИТЯТ ЧЕСТЬ СТРАНЫ В МЕЖДУНАРОДНОЙ ОЛИМПИАДЕ «ТУЙМААДА»
1.8K viewsERCULES, 12:07
Ашу / Түсініктеме