Get Mystery Box with random crypto!

2021 жылғы 17-25 шілде аралығында Литваның астанасы Вильнюс | DARYN RSPC

2021 жылғы 17-25 шілде аралығында Литваның астанасы Вильнюс қаласында онлайн форматта өткен физикадан халықаралық олимпиада (бұдан әрі - IPhO) өз мәресіне жетіп қорытындылары жарияланды.

Физика пәнінен 2021 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған, сондай-ақ олимпиадалық резервтің мүшелері болып табылатын 5 оқушы еліміздің намысын қорғап қоржынымызға 5 күміс медаль еншіледі.

Қазақстан ұлттық командасының құрамы:

Қалдыбаев Рауан – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы (күміс медаль иегері);
Драганчук Антон – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (күміс медаль иегері);
Рахимжанов Динмухаммед – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (күміс медаль иегері);
Алпамыс Ризабек - Атырау қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы (күміс медаль иегері);
Пітебай Ерсултан – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы (күміс медаль иегері).

Ұлттық команданың жаттықтырушылары:
Давлетов Аскар Ербуланович – ҚР ҰҒА корр-мүшесі, ф-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры;
Максутов Самат Муратбекулы – PhD докторы, Сүлейман Демирел университеті профессорының ассистенті;
Бейсенов Бекмұрза Уласбекұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты.

#Тарихи_анықтама: Алғашқы IPhO 1967 жылы Польшаның астанасы Варшава қаласында профессор Чеслав Щчисловский тарапынан ұйымдастырылып өткен болатын. Жарыстың пайда болу себептерінің бірі халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO) сәтті өткізілуімен қатар халықаралық деңгейдегі олимпиада өткізудегі жинақтаған тәжірибе бірден-бір негіз болды.

Қазақстан алғаш рет 1997 жылы Канадада өткен 28-ші Олимпиадаға қатысып, 2 құрмет грамотасын иеленген болатын. Олимпиадаға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы 13 алтын, 32 күміс, 28 қола және 25 құрмет грамотасына ие болды.

#Ескертпе: Өткен жылы құрама команда 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

===============

Завершилась Международной олимпиада по физике (далее - IPhO), которая состоялась в период с 17 по 25 июля 2021 года в дистанционном формате в Литовской столице городе Вильнюс.
5 конкурсантов, ставшие победителями и призерами Республиканской олимпиады по физике в 2021 году, а также являющимися членами олимпийского резерва защитили честь нашей страны и завоевали #5_СЕРЕБРЯНЫХ_МЕДАЛЕЙ.

Состав сборной Казахстана:
#Калдыбаев_Рауан – учащийся 11 класса Республиканской физико-математической школы г. Нур-Султан;
#Драганчук_Антон – учащийся 11 класса школы-лицея №8 для одаренных детей г. Павлодар;
#Рахимжанов_Динмухаммед – учащийся 10 класса школы-лицея №8 для одаренных детей г.Павлодар;
#Алпамыс_Ризабек – учащийся 10 класса лицей – интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г.Атырау;
#Пітебай_Ерсултан – учащийся 10 класса Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления г.Алматы.

Тренеры сборной команды:
#Давлетов_Аскар Ербуланович – член-корр.НАН РК, д.ф-м.н., профессор КазНУ им. аль-Фараби;
#Максутов_Самат Муратбекулы – доктор PhD, ассистент профессора Университета им.Сулеймана Демиреля;
#Бейсенов_Бекмұрза Уласбекұлы – докторант КазНУ им. аль-Фараби.

#Историческая_справка: самая первая Олимпиада была организована и проведена в Польской столице г. Варшава в 1967 году, профессором Чеславом Щчисловским. Одной из причин создания соревнований стал успех проведения международной математической олимпиады (IMO) и опыт, накопившийся в проведении олимпиады.

Казахстан впервые был представлен на 28-й Олимпиаде в 1997 году в Канаде, завоевав 2 почетные грамоты. За годы участия в Олимпиаде сборная команда нашей страны завоевала 13 – золотых, 32 – серебряных, 28 бронзовых медалей и 25 почетных грамот.
Примечание: В прошлом году сборная РК завоевала 3 серебра и 2 бронзовые медали.

#ipho2021org #iphoKazakhstan2021