Get Mystery Box with random crypto!

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИК | DARYN RSPC

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСУДА

Министрлік тарапынан оқушыларымызды табиғатты қорғауға, аялауға, жерін, елін сүюге, ізгілік пен мейірімділікке шақыратын, экологиялық тәрбие беретін керемет бастама!
Барлығымыз ат салысайық, ағайын.

Айта кетейік, бүгін, барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтуде. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрі, құрылымдық бөлімше басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысуда.

Іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.

#оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық