Get Mystery Box with random crypto!

ОЛИМПИАДАШЫЛАРЫМЫЗ 40-ШЫ БАЛҚАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА 6 | DARYN RSPC

ОЛИМПИАДАШЫЛАРЫМЫЗ 40-ШЫ БАЛҚАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Биылғы жылы BMO Анталияда (Түркия) Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ елдерден 130-дан астам қатысушы арасында өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы толығымен қола медальдарға ие болды:

Мирон Юркевич - Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;

Даутов Жан – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Байшуак Райымбек – Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 11 сынып оқушысы;

Роговский Владимир – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Мухаммед Нагашбек – Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “Білім-Инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы;

Жүлдегерлер мен жаттықтырушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы олимпиадаларда сәттілік тілейміз!