Get Mystery Box with random crypto!

Павлодар қаласында шығармашыл жас өрендер додасы ІІІ республик | DARYN RSPC

Павлодар қаласында шығармашыл жас өрендер додасы ІІІ республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары аяқталды.

Философ-ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға республикамыздан әр аймағынан 63 үміткер қатысты.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 33 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын - 4, ІІ орын - 9, ІІІ орын - 16. Арнайы, номинацияларға 11 оқушы ие болды.

Байқау қатысушыларына Павлодар қаласының көрнекті орындарына саяхат ұйымдастырылды.

Айта кетсек, республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқулары" конкурсы ҚР ОАМ № 514 Бұйрығына енгізілген және республикалық деңгейде үшінші рет өткізіліп отыр.