Get Mystery Box with random crypto!

Damumed-ті көбінесе медициналық ұйыммен шатастырылады. Сондықт | Damumed

Damumed-ті көбінесе медициналық ұйыммен шатастырылады. Сондықтан кейде науқастар Damumed қолдау қызметіне дәрігерлердің қабылдау кестесі, қате мәліметтер, қосымшада талдамалардың болмауы және басқа да ұйымдастырушылық, медициналық мәселелер туралы сұрақтар қояды.

Біз IT-компания ретінде медициналық ұйымдардың қатысуынсыз пайдаланушылардың кейбір сұраныстарына жауап беруге құзыретіміз және өкілеттілігіміз бола бермейді.

Біз үшін пайдаланушыларымыздың сұрақтары шешілгені маңызды, сондықтан осы тікелей эфирге біз елордалық емханалардың бірінің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары және Damumed қолдау қызметі мен Call-орталығының басшыларын шақырдық.

Өтінімдеріңізді жедел шешу үшін қайда және қандай мәселелер бойынша хабарласқан дұрыс екенін бірге түсіндіруге және нақты уақыт режимінде сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз.

Қайда: Damumed YouTube арнасы
Қашан: 28 сәуір, 11:30

Хабарламаны қосуды ұмытпаңыз!