Get Mystery Box with random crypto!

Балада қай уақыттан бастап тісі шығады? ⠀ Кез-келген уақытта | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Балада қай уақыттан бастап тісі шығады?

Кез-келген уақытта

Кейбір бала тіспен туылады, ал кейбірінде 1 ж 2 айында тіс шығуы мүмкін.

12 айында тіс жоқ болса ол витаминдер мен кальций жеткіліксіздігі деген сөз ба?

Жоқ. Әр балада өзінің жеке тісі шығатын уақыты болады.

Қандай тәртіп бойынша шығады?

Тістің шығу тәртібі жоқ. Кез-келген тәртіпте шыға береді.

Тіс жарғанда қандай симптомдар болады?

мазасыздық
ауыздан сілекей ағу
қызыл иектің ісінуі
қолына түскен заттың бәрін аузына апарады
мұрын ағуы
температура
іштің өтуі

Температураның 38,5- тен жоғары болуы, жиі іш өту, су ішуден бас тарту, айқын әлсіздік- бұл дәрігерге қаралу керек жағдайлар.

Тіс жарғанда балаға қалай көмектесу керек?

Прорезыватель
Айқын мазасыздық болса ибупрофен

Тісті қашан тазалап бастаған дұрыс?

Бірінші тіс шыға салысымен

Сіздің балаңыздың тісі қай айда шықты? Тіс жару кезеңі қалай өтті?