Get Mystery Box with random crypto!

СУ ІШУ Кез-келген вирусты инфекциялардың, ішек инфекцияларын | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

СУ ІШУ

Кез-келген вирусты инфекциялардың, ішек инфекцияларының, тамақ ауруының, іш қатудың негізгі емі - КӨП МӨЛШЕРДЕ СУ ІШКІЗУ.

Аналарға ем тағайындағанда тек көп мөлшерде су беріңіз десең, болды ма, сол ғана ма, дәрі жазып бермейсіз ба деп таңғалады.

Көп мөлшерде су ішкізу - бұл осы аурулардың негізгі емі.

Су беру - бұл оңай шаруа емес!!!

Қанша мөлшерде ішу керек?
1 кг-ға 100 мл-ден. Мысалы баланың салмағы 10 кг болса *100мл =1000мл - 1л сұйықтық беру керек.

Қандай сұйықтық беру керек?
Кез-келген сұйықтық (су, компот, шәй)

Ішпесе не істеу керек?
Қызықты нәрселер ойлап табу. Мысалы трубочкамен берсе көп балалар қызығып ішеді.

Осы көлемнің бәрін қалай беру керек?
Әр 20-30мин сайын беріп отыру керек.

Ал сізде балаңызды емдегенде су ішкізу қандай орында тұрады?