Get Mystery Box with random crypto!

Сіз газдалған сусын ішесіз бе? Газдалған сусынның құрамында | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Сіз газдалған сусын ішесіз бе?

Газдалған сусынның құрамында қант көп мөлшерде кездеседі. Ол адамның тәбетін қашырады әрі шөлді қандырмайды. Сондай-ақ қант ағзаға түскеннен кейін майға айналып артық салмақтың пайда болуына әкеледі.

Сүйектерге әсері

Газдалған сусындардың құрамында қышқылдар көптеп кездеседі. Соның ішінде лимон, алма қышқылы, сирек ортофосфор қышқылы бар. Бұл қышқылдар сүйектегі кальцийді азайтады. Соның әсерінен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.
Одан бөлек газдалған сусын құрамында ұзақ сақталуы үшін көмірқышқыл газы кездеседі. Ол асқазан шырышты қабатының қабынуына, ішек ауруларының пайда болуына әкеліп соғады.

Тіске әсері
Газдалған сусындардың құрамындағы қышқылдар тіс түсінің қараюы мен кариестің пайда болуына әкеледі.

Сондықтан бұл сусындардың орнына газдалмаған су немесе сүт өнімдерін тұтынуға кеңес беремін.

Ал сіз газдалған сусын ішкенді ұнатасыз ба?