Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @biliminsider
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 11.78K
Арнадан сипаттама

Қазақстан ұстаздарына арналған үздік арна!

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2023-03-30 09:39:34 https://informburo.kz/novosti/bitva-za-ocenki-iz-za-cego-roditeli-ustraivayut-skandaly-v-skolax-i-kak-pedagogam-zashhitit-sebya
867 views06:39
Ашу / Түсініктеме
2023-03-29 09:52:10 ҚЫСЫР ӘҢГІМЕ

Кез келген қазақстандық отбасы секілді әйелім екеуміз екі телефонмен құшақтасып жатқанбыз. Ол қырынан, уатсаптан бірдеңе теріп жатыр, мен етбетімен сериал көріп жатырмын. Бір қарағанымда көтеріңкі қолдағы аппаратта терілген ҚМЖ деген жазуды анық көрдім. Түлен түртіп қалды. Бұл не? Шифр? Құпия жазу! Кімнен не жасырады? ҚМЖ… ҚМЖ… М-м-м, журналист емеспін бе, қордағы көп сөзді сапырып келгенде жүрегім “Поле чудестің” барабанындай зу етіп барып тоқтады… яғни тоқтап қала жаздады. Қазір Менің Жанымда дегені ме? Яғни, әңгіме мен жайлы. Сонда біреу күйеуің қайда деп сұраған болды ғой… М, зәлім! Ақырын қырымнан жатып телефонға қарағандай болып бір көзіммен экранына сықсидым. Қарашығым көзәйнегімді тесіп кетердей қадалсам “да ұсақ жазуды көре алар емеспін. Ал бас әріппен терілген ірі жазуды байқауға болады. Арғы жақтағы БЖБ деді, тың етіп түсті. Зымиян ойдың шеңбері шыр айналып жатқанда әйелім: ... ТЖБ деп жауап қайырып үлгерді, сосын ұсақ әріптермен жазуға кірісті. БЖБ? А-а-а, бүгін жолығуға бола ма? дегені шығар, біздікі: жоқ, Тағы Жөні Болар” деп сырғытты-ау шамасы. Қан қысымым көтеріліп, қойып қалуға шақ жатырмын. Ты-ң-ң. КТЖ дей ме? Бір көзбен сығалағанды қойып екі көзбен үңілуге кірістім. Мынау болмайды деген соң анау “Күте Тұрам, Жаным”, деді-ау, әкесінікі. А?!
– Әй! - дедім. Әйелім жалт қарағанда төбесінен төніп отыр едім. Түрім қорқынышты болса керек: Ойбай, сізге не болды? - деді. Бас жақтағы шкафтың дәу айнасына көзім түсіп кетіп еді түрім шынымен жаман боп кетіпті, суға піскен шаяндай қып-қызыл боппын.
– Әй, ш-ш-ш… БЖБ-ың не, ТЖБ-ың не? Мені осындайды түсінбейтін жас бала ғой деймісің? Кім анауың? – жұдырық шарт түйілді.
– Не ол? Кім? – деп қайыра сұрақ қояды беті бүлк етпестен. Кекештеніп қалдым: К-к-ім-мен хат жазысып жатсың деймін?!
Саспайды. Өзінің о дүние мен бұ дүниенің ортасында тұрғанын сезбейтін секілді бейшара.
- А, уатсаппен бе?
- Әй, конвертпен хат жазатын уақыт баяғыда кетті ғой, бұйдаламай айт, – дедім. Мынау мені түсінбеген секілді, жайбарақат.
– Че-то қызарып тұрсыз, давлениеңізді өлшейін бе? – дейді. Қазір саған екі метр жер өлшеймін, әкең деп турасынан тартайын дедім де, өйтпедім. Еркекпін ғой. Барынша сызданып: Кіммен сөйлестің? - дедім.
- Е, әріптес қыз ғой, жас маман "ертең Бөлімаралық Жиынтық Бақылау аламыз ба?" деп сұрап жатыр. Соған: Жоқ, Тоқсандық Жиынтық Бақылау деп түсіндіріп жатырмын.
Құлағым шың ете қалды. Бірдеңені дұрыс түсінбегенімді түсіндім.
- Ал, ҚМЖ?
- Күнде Қысқа Мерзімді Жоспар жазып жүрмесе директордан ұрыс естиді ғой, ескертіп, көмектесіп жатырмыз бірлестігімізбен. Күнтізбелік Тақырыптық Жоспарын да сай етіп алды.
- М-м.
Соңғысы менше "Күте Тұрамын Жаным" екенін ұға қойып, басымды қасыдым. Оның күмәнсіз көзқарасынан жүзімді ала қашып, қайта айнаға қарасам тағы қызарып кетіппін. Бұл ашудан қызару емес еді. Үкімет те қызық, Түлен екеуі жабылып, күпір ойға итеріп, ыңғайсыз жағдайға қалдырды-ау. Мынау солардың білім сапасын реформалаймыз дегендерінің сыйқы болғаны. Морзеден кейін "мылқау тілді" түлеткен біздің мықтылар болд-е-е. Баяғыдағы сабақ жоспары, күнтізбелік жоспар дегендерді өзгертіп, аббревиатураны қаптатқаннан мұғаклім де, бала да біліміді болып кетпейді ғой. Оданда ОШБ (ойқы-шойқы болған) кітаптарын түземей ме? ҚТЕ (қазақ тілі ережесін) қайтарып, БОС (білімге ортақ стандарт) енгізбей ме, әйтпесе әр мектеп әртүрлі баспаның әртүрлі оқулығымен әртүрлі тақырып оқып, оқушы біткеннің алғаны ала-құла болып жүр... Жерге қарап, өз-өзіме ҰМЖ дедім, Ұят мұның, жарқыным, дегенім еді. Даусым қатты шығып кетсе керек, әйелім:
-Ол: Ұзақ Мерзімді Жоспар! – деп тақ ете қалды.

Серік Әбікенұлының фб парақшасынан алынды
866 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2023-03-29 09:35:44 https://www.zakon.kz/6388504-tokaev-predlozhil-uprostit-kvalifikatsionnyy-test-dlya-uchiteley.html
881 views06:35
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 11:44:08 Аттестация-2023 дайындығы
Мұғалімдерге алдағы уақытта категорияға байланысты тест басталады.
Төмендегі әдебиеттер бойынша сұрақтар келеді.
«Оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет.
2. Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасынын авторлар ұжымы- Алматы: Ргіпі-8, 2005 ж.
3. Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш.М.Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық.- Алматы. – 2018 , 253 бет.
4. «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ, 2016 ж.
5. Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016 ж.
6. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.
7. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.
1.0K viewsedited  08:44
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 08:40:58 ​​ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ICILS-2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУІНЕ ҚАТЫСАДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, биыл сәуір-мамыр айларында Қазақстанның барлық өңірлерінде ICILS-2023 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өтеді.
Оған еліміздің 17 аймағы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 176 мектеп іріктелді.

ICILS зерттеуі-компьютерлік және ақпараттық сауаттылық саласындағы ең өзекті және маңызды халықаралық зерттеулердің бірі. Оған 4 мыңға жуық сегізінші сынып оқушысы, 2500 мұғалім, 176 мектеп директоры мен ақпараттық-коммуникациялық технология үйлестірушілері қатысады.

«Зерттеу арқылы бүкіл әлем бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қатысты оқыту бағдарламалары мен әдістерін салыстыруға және еліміздегі компьютерлік және ақпараттық сауаттылық саласындағы білім беруді жақсартуға көмектесетін нақты ақпарат алуға болады. Зерттеу қорытындысы бойынша компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың даму деңгейі туралы Ұлттық есеп жарияланады.
ICILS нәтижелері елдерге сандық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін немесе кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтауда қажет болатын деректер жиынтығына қол жеткізуге мүмкіндік береді», – дейді Комитеттің бас сарапшысы Темірлан Қайкен.

ICILS 2023 барысында алынған деректер жалпы білім беретін мектептер үшін оқу бағдарламаларын, педагогтарды даярлау, біліктілікті арттыру және үздіксіз даму бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ цифрлық құзыреттіліктерді бағалаудың ұлттық әдістерін және оқушылардың цифрлық дағдыларын жақсарту үшін оқытудың жаңа әдістері дайындау кезінде пайдаланылады.

Естеріңізге сала кетейік, ICILS зерттеуі 2013 жылдан бастап әр 5 жыл сайын өтеді. Қазақстан бұл зерттеуге 2018 жылы қосылып, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 184 білім беру ұйымы, 3 373 сегізінші сынып оқушысы мен 2 630 мұғалім және 184 директор мен ақпараттық-коммуникациялық технология үйлестірушілері қатысты. Ал әлем бойынша 14 елден 46 мыңнан аса сегізінші сынып оқушысы мен 26 мың мұғалім атсалысқан.
820 views05:40
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 08:39:48 ПББ-ға тіркелу нұсқаулығы
734 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2023-03-27 08:07:43 ​​ ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ туралы ақпарат

2023 жылғы 27 наурыздан бастап app.testcenter.kz сайтында ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
ПББ-ның өзі 3-22 сәуір аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге қатыса алады:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер).

Айта кетейік, ПББ бұған дейін Ұлттық біліктілік тестілеу (ҰБТ(НКТ)) деп аталған.
ПББ-ның жаңа форматымен www.testcenter.kz сайтында таныса аласыздар.
Сәттілік!



Информация об ОЦЕНКЕ ЗНАНИЙ ПЕДАГОГОВ!

С 27 марта 2023 года на сайте app.testcenter.kz будет проводиться прием заявлений на ОЦЕНКУ ЗНАНИЙ ПЕДАГОГОВ.
Само тестирование пройдет с 3 по 22 апреля.

В данном тестировании могут принять участие:
педагоги дошкольных организаций воспитания и обучения;
методисты организаций образования (кроме методистов методических кабинетов (центров));
педагоги общего среднего образования;
педагоги дополнительного образования (для воспитателей интернатных организаций, общежитий и специальных организаций);
руководители организаций образования, методических кабинетов (центров);
педагоги организаций технического и профессионального, послесреднего образования (педагоги по общеобразовательным предметам, по общепрофессиональным и специальным дисциплинам, общегуманитарным и социально-экономическим дисциплинам);
выпускники вузов и колледжей по педагогическим направлениям (бакалавриат-очное, бакалавриат-сокращенное, магистратура);
кандидаты без стажа, имеющие техническое и профессиональное, высшее и/или послевузовское образование по педагогическим (специальностям) направлениям (в том числе выпускники 2022 года).

Отметим, что ОЗП ранее называлась Национальным квалификационным тестированием (НКТ).
С новым форматом ОЗП можно ознакомиться на сайте www.testcenter.kz .
Удачи!
1.0K views05:07
Ашу / Түсініктеме
2023-03-26 14:39:04 25 наурызда Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі аяқталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындардың жалпы саны 421 құрады. Оның 86-сы алтын, 127-сі күміс, 208-і қола медальдар.

"Үздік олимпиадалық команда" номинациясы бойынша "НЗМ" КЕАҚ - Гран-при жеңіп алды.

Алматы қаласы және РФММ командалары бірінші орынды иеленсе, Астана қаласы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары екінші орын, ал Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының командалары үшінші орын дипломдары табысталды.

Сонымен қатар, "Ауылдық жердің үздік оқушысы" номинациясымен Абай облысының 10 сынып оқушысы Шәукенов Әмір марапатталды.

Сондай-ақ, биылғы оқу жылының жеңімпаз түлектеріне жоғары оқу орындарына 30-ға жуық білім гранттары тағайындалды.

Толығырақ, https://www.instagram.com/p/CqNcFF-tCOh/?utm_source=ig_web_copy_link
48 views11:39
Ашу / Түсініктеме
2023-03-26 14:38:12 ​​Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу
 
Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығы базасында спорттың үш түрі бойынша алғашқы жеңімпаздары анықталды. Спорттық сайыста 380 оқушы жарысты.
 
«Зерде» XVIII республикалық конкурсы қортындыланды. 2-7 сынып аралығындағы еліміздің әр өңірінен келген оқушылар 500-ден аса ғылыми жұмыс қорғады. Бас жүлдені 16 оқушы жеңіп алды.

 200 павлодарлық оқушы өздері тіккен ұлттық бас киімдерін «Taqıa Fashion week» гранд-дефилесінде көрсетті.

Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің оқушысы Елдос Елу «ақылды» ферма ойлап тапты.
 
Ерекше қажеттіліктері бар 150 оқушы голболдан «Сылдырмалы доп» республикалық жарысына қатысады.
 
 «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін көпке таныту үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Үздіктен үйрен» жобасын қолға алды.

Павлодар облысы Железин ауданы Новомир ауылдық мектебінің оқушылары ауылды дамытудың ерекше цифрлық жобасын әзірледі. Балалар жергілікті белсенділердің пікірін ескере отырып, өз ауылдарының 3D макетін жасаған.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды. 421 оқушы жүлделі орын иеленді. Оның 86-сы алтын, 127-сі күміс, 208-і қола медаль иегері атанды.
62 views11:38
Ашу / Түсініктеме
2023-03-25 11:35:04
https://www.facebook.com/100064891832230/posts/pfbid02dpHgJg6mcJhEk7xEZA6SWG1unPMhCqaQ5DY6UAZJGoUeujokNPP3bRKn2jzUHrqal/?mibextid=Nif5oz
211 views08:35
Ашу / Түсініктеме