Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @biliminsider
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 11.78K
Арнадан сипаттама

Қазақстан ұстаздарына арналған үздік арна!

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2023-04-14 06:49:25
Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында шығарылған Алтынсарин Академиясының жаңартылған «Білім» ғылыми-педагогикалық журналын ұсынамыз.

Журналда орта білім беру саласындағы ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Оның ішінде білім беру саясаты, цифрлық педагогикалық технологиялар, пәндерді оқыту әдістемесі, тәрбие және психология, арнайы және инклюзивті білім беру, сондай-ақ үздіксіз педагогикалық білім мәселелері қарастырылған.

«Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша отандық ғылыми-зерттеу жұмыстарының қол жетімділігін арттыру мақсатында журналда 2023 жылдың бірінші тоқсанында қорғалған диссертациялардың тізімі ұсынылған. Диссертанттардың Scopus және Web of Science халықаралық ғылыми-өлшемдік базаларында жарияланған жұмыстарымен танысу үшін авторлық профиліне өте аласыздар.

Журналмен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/storage/app/media/Journal/1-2023-zh.pdf

Ғылым қызметкерлері күні құтты болсын!
485 views03:49
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 17:32:14
Құрметті ұстаздар қауымы!

Мұғалімдік қызметте шабыт іздеп, жасап жүрген жұмысыңызды жаңа деңгейге шығарғыңыз келе ме?

Ендеше бұл кітап ДӘЛ СІЗГЕ арналған.

Кітап кейіпкерлері сізге құнды инсайттар беріп, ұстаздық қызметпен мол қаржылық табысқа кенелудің жолдарын көрсетеді. Еңбек жолында айтарлықтай биіктерді бағындырған ең мықты педагогтердің тәжірибесі жинақталған осынау кітап қазіргі небір қымбат курстар бере алмайтын ақпаратқа толы.

Ішінде қазіргі Оқу-ағарту Министрі Ғани Бектайұлының сұхбатынан бастап, онлайн курстар арқылы миллиондап табысқа кенеліп жүрген EdTech саласындағы мұғалімдердің құнды кеңестеріне дейін жазылған.

Кітап құны: 3000 тг.
Қазақстан бойынша жеткізу ТЕГІН!

Тапсырыс беру үшін төмендегі сілтемені басыңыз:

https://twi.kz/WRLh
911 viewsedited  14:32
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 10:24:15 ​​ МОНИТОРИНГ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ДОСТИЖЕНИЙ ОБУЧАЮЩИХСЯ СТАРТУЕТ В ШКОЛАХ СТРАНЫ

В период с 24 апреля по 12 мая текущего года среди учащихся 4 и 9 классов пройдет мониторинг образовательных достижений обучающихся (МОДО). В нем примут участие более 50 тысяч школьников из 1473 школ в форме компьютерного комплексного тестирования по трем направлениям: читательская, математическая и естественнонаучная грамотность.

Отметим, мониторинг образовательных достижений обучающихся – независимый инструмент внешнего оценивания, не имеющий правовых последствий. Проведением тестирования будут заниматься специально обученные представители. По аналогии проведения международных сопоставительных исследований для них разработаны руководство по проведению мониторинга и сценарий тест-администратора. Также во время мониторинга проводится анкетирование среди тестируемых, педагогов и администрации организаций образования для определения факторов, влияющих на качество знаний обучающихся.

«По итогам МОДО – будут разработаны методические рекомендации по улучшению качества образования для каждого региона нашей страны, что способствует развитию преподавания и обучения в школах. Каждая организация образования, в лице руководства, педагогов и учащихся должна понимать важность объективных и реальных результатов. Поэтому необходимо обеспечить соблюдение принципов академической честности во время проведения мониторинга», - отметила главный эксперт Комитета по обеспечению качества в сфере образования Анар Тасмуратова.


Напомним, МОДО проводится ежегодно с 2021 года с охватом 25% от общего количества школ, с учетом параметров выборки. В 2022 году участвовала 1441 школа. По итогам мониторинга все регионы получили комплексный анализ и методические рекомендации, в которых указано по каким направлениям необходимо усилить работу для повышения качества образования.
235 views07:24
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 10:22:51 ​​ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛАДЫ

2023 жылдың 24 сәуірінен 12 мамыр аралығында 4-9 сынып оқушылары арасында білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) өтеді. Оған 1473 мектептен 50 мыңнан астам оқушы қатысып, үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеуден өтеді. Ол оқу, математикалық және жаратылыстану бағыттары.

Айта кетейік, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі – құқықтық салдары жоқ. Тестілеуді арнайы оқытылған өкілдер өткізеді. Халықаралық салыстырмалы зерттеулермен ұқсастығы мониторинг жүргізу жөніндегі нұсқаулық пен тест-әкімші сценарий әзірленді. Сондай-ақ мониторинг барысында білім алушылардың білім сапасына әсер ететін факторларды анықтау үшін тест тапсырушылар, педагогтер және білім беру ұйымдарының әкімшіліктері арасында сауалнама жүргізіледі.

«ББЖМ қорытындысы бойынша-еліміздің барлық өңіріне білім беру сапасын жақсарту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленеді, ол мектептердегі білімді дамытуға ықпал етеді. Әрбір білім беру ұйымы оның ішінде басшылықтан бастап педагогтер, оқушылар нақты нәтижелердің маңыздылығын түсінуі тиіс. Сондықтан мониторинг жүргізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету қажет», - деді Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы Анар Тасмұратова.

Естеріңізге сала кетейік, ББЖМ 2021 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жыл сайын іріктеу параметрлерін ескере отырып, мектептердің жалпы санының 25% қамтылады. 2022 жылы 1441 мектеп қатысып, мониторинг қорытындысы бойынша барлық өңірлер кешенді талдау мен әдістемелік ұсынымдар алды. Онда білім беру сапасын арттыру үшін жұмысты күшейту бағыттары нақты көрсетілген.
248 views07:22
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 06:32:40
ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ!

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жатқан педагогтерге 2023 жылғы 25 сәуірге дейін тестілеуге қосымша орындар ашылғанын хабарлаймыз.

Барлық бос орын тіркелу сайтында ұсынылған. Өткізіп алмаңыздар!

Келесі ПББ мерзімі шілде айында жоспарланған.
Толық ақпарат қосымша жарияланады.



ИНФОРМАЦИЯ ОБ ОЦЕНКЕ ЗНАНИЙ ПЕДАГОГОВ!

Сообщаем, что для действующих педагогов организации образования доступны дополнительные места на тестирование до 25 апреля 2023 года.

Все свободные места указаны на сайте рагистрации. Не пропустите!

Следующая ОЗП запланирована на июль.
Подробная информация будет опубликована дополнительно.
93 views03:32
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 04:09:38 https://baigenews.kz/nou-hau-kostanayskogo-shkolnika-po-utilizatsii-sigaretnyh-filtrov-otsenili-za-rubezhom_150832/
343 views01:09
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 12:21:43 Бүгін — ой тереңіне бойлап, ғаламның ғаламат сырларын ашамын деп жүрген барша жандардың кәсіби мерекесі! Әлемнің ашылмаған құпияларын зерттеуде қуаттарыңыз сарқылмасын деп тілейміз.

Бүгін – ғылымға енді қадам басып, мектепте жүріп-ақ ой жүйріктігімен көзге түсіп жүрген оқушылардың күні. Энштейн, Бор, Резерфорд пен Паскальдардың жаңалығын оқып, «ұқсап бағып» жүрген барлық оқушыларға шығармашылық ізденіс тілейміз.

Бүгін – ізденімпаз шәкіртінің белін буып, жер мен көктің жұмбағын шешуге бағыттап жүрген ұстаздардың мерекесі! Сіздердің жасаған әр жобаңыз жемісін берсін деп тілейміз.

Ғылым күні құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/Cq7Sa87JxWs/

Бүгінгі кейіпкеріміз - Меруерт Қабышева
Үлкен нарын ауылындағы Таэквондодан Қазақстан чемпиондарын дайындаған бастауыш сынып мұғалім.

https://www.instagram.com/p/Cq41mies6-O/
883 views09:21
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 12:20:18 ​​ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР БІР УАҚЫТТА ШАХМАТ ОЙНАДЫ

Еліміздің жеті мыңнан астам білім беру ұйымдарының оқушылары шахматтан челленджге қатысты. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталды.
Челленджді бастап берген Оқу-ағарту министрі зияткерлік спорт түрінің маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысының қолдауымен білім беру ұйымдарында "Мектептегі шахмат" жобасы жүзеге асырылуда. Біздің өскелең ұрпақтың осы спорт түрін үйренуге қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады. Шахмат ойнай отырып, ақыл-ойларыңыз дамып қана қоймай, сіздер еңбекқорлық, табандылық пен қайсарлық қасиеттеріңізді тәрбиелейсіздер», - деді Ғани Бейсембаев челлендж қатысушыларына.

Айта кетейік, мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр. Челлендж балаларға, жасөспірімдерге және педагогтарға осы спорт түрінің жаппай дамуын және өздерінің жарқын жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Шахматтан республикалық челленджге барлығы миллионға жуық оқушы қатысты.
788 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2023-04-12 07:24:27 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы оқу-ағарту министрінің бұйрығы қабылданды

Бұйрық бойынша:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.
2. 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.
3. 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізіледі.
4. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілген:

9 (10)-сынып оқушылары үшін:

1) оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
3) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;

11 (12) сынып оқушылары үшін:

1) оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
4) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы
19 маусым.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.
https://www.facebook.com/100019837397965/posts/pfbid0AjRPxNF7XFezMpAb38p9fYxQwzff4LBbdgMN7ZHMyRZdRa37bZqDstCKU6Tpukupl/?mibextid=SDPelY
1.2K views04:24
Ашу / Түсініктеме
2023-04-10 17:34:46 https://matritca.kz/qazaqstanda-jana-oqu-jylynan-bastap-mektep-bagdarlamasyna-ozgeris-engiziledi/
392 views14:34
Ашу / Түсініктеме