Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @biliminsider
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 11.78K
Арнадан сипаттама

Қазақстан ұстаздарына арналған үздік арна!

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 14

2023-03-22 20:38:36 Ораза қабыл болсын!
167 views17:38
Ашу / Түсініктеме
2023-03-21 17:02:16
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02MKAmfZ3Y27XYHUqjXx67Pt4cxSju4E13wmQuPiffM7uudBDutiBq4h1GCN8qTffXl&id=682930604
591 views14:02
Ашу / Түсініктеме
2023-03-21 10:08:29 Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!!!
824 views07:08
Ашу / Түсініктеме
2023-03-18 17:53:44 https://kyn.kz/27592/almatydagy-86-mektep-direktorynyn-orynbasary-kazirgi-direktorymyz-belgisiz-adamdardy-zhumyska-tirkep-aylygyn-ozi-alady/
68 views14:53
Ашу / Түсініктеме
2023-03-18 15:35:26 ​​ АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР СЫРҚАТҚА ДИАГНОСТИКА ЖАСАЙТЫН ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕДІ

Жасанды интеллект платформасы сырқатқа диагностика жасап, тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындауға мүмкіндік береді
Жас өнертапқыштардың айтуынша, «dAIgnosis» қосымшасы медициналық оқу орындарының студенттеріне көмекке арналған.

«Біз сырқатты нақты белгілермен анықтауды жасанды интеллектке нөлден бастап үйреттік. Немесе томография немесе рентген арқылы біледі. Сондай-ақ жасанды интеллект адамның медициналық тарихын ескере отырып, дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Біз медицина саласының студенттерімен де кездестік, олардың біздің өнімге деген қызығушылығы бар. Ең маңыздысы біздің қосымшаны тек медициналық білімі бар адамдар ғана қолданғаны дұрыс», - дейді Алматы қаласы РФММ-нің 11 сынып оқушысы Артур Кнабик.

Айта кетейік, бір күн бұрын Алматы қаласы РФММ оқушылары миллион теңге ұтып алды. Оны өз қосымшаларын дамытуға жұмсамақшы. Жас өнертапқыштар енді медицина университеттері мен колледждерге барып, өз жұмыстарын көрсетуді жоспарлап отыр.
307 views12:35
Ашу / Түсініктеме
2023-03-17 19:35:43
Әріптестерімізді қолдайық!!!
83 views16:35
Ашу / Түсініктеме
2023-03-17 17:39:15 ​​ ДОМБЫРА ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Еліміздің жеті мың білім беру ұйымында бір мезгілде «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» күйлері орындалды.

Министрдің айтуынша, музыка, әсіресе домбыраның әуезді үні барлық ұлттарды жалпыадами құндылықтар - толеранттылық, төзімділік, бірлікке үндеп, бір арнаға тоғыстырады. Және өскелең ұрпақтың өз тарихы мен өнерін үйренуге деген ұмтылысы мен қызығушылығын оятады.

«Домбыра — мәдениетіміздің негізгі символдарының бірі, ұлттық құндылығымыз. Біздің оқушыларымыз, балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға белсенділік танытқаны қуантады. Бүгін домбыраның шанағынан төгілген үн еліміздің әр өңірінде әуеледі. Оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұраны сақтап, одан әрі жалғастырады деп сенемін»,— деді Ғани Бейсембаев.

Челлендж соңында Оқу-ағарту министрі елордадағы Д. Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге күй орындады. «Наурыз мейрамы» мерекелік эстафетасына миллионға жуық қазақстандық оқушы қатысты. Ең кішкентайы-Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушілері.

Естеріңізге салсақ, биыл «Наурыз мейрамы» еліміздің барлық мектептерінде 10-17 наурыз аралығында өтеді. Бұл күндері жалпы республикалық «Таза табиғат» акциясы, «Жасыл үй» челленджі, «Қайырымды ұлт», «Қолөнершілер жәрмеңкесі» қайырымдылық шарасы, ұлттық тағамдар фестивалі мен ұлттық ойындар мерекесі болады.

«Наурыз – ұлыстың ұлы күні» суреттер байқауы, «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық жарыс ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде #Наурызмейрамы #Наурызкүйі хэштегімен флешмоб, челлендждер жүргізіледі.
194 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2023-03-16 07:09:22
Не істесем екен?! Не істесем екен?! Тоқсан аяғындағы басты проблема
268 views04:09
Ашу / Түсініктеме
2023-03-16 06:07:20
КҮН САНЫ

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылғы 18-26 наурыз аралығын қоса алғанда 9 күнге созылады (Орта білім беру ұйымдарында 2022 – 2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығы).



ЦИФРА ДНЯ

Весенние каникулы для школьников продлятся 9 дней с 18 по 26 марта 2023 года включительно (приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 12 августа № 363 «Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2022 – 2023 учебного года в организациях среднего образования» прошел государственную регистрацию в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
372 views03:07
Ашу / Түсініктеме
2023-03-15 04:20:04

834 views01:20
Ашу / Түсініктеме