Get Mystery Box with random crypto!

Channel

Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel C
Telegram арнасының логотипі bilim_jane_gylym — Channel
Арна мекенжайы: @bilim_jane_gylym
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 149
Арнадан сипаттама

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 7

2022-06-11 16:18:35
Президент Жарлығымен Оқу-ағарту министрі болып тағайындалдым.

Бұл - мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ инклюзивті білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін қамтитын үлкен сала. Осы бағыттарды одан әрі дамыту үшін алда бірқатар міндет тұр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім білдіргені үшін алғыс айтамын.

Президенттің тікелей қолдауының арқасында көп жұмысты, соның ішінде педагогтердің, оқытушылардың жалақысын көтеру, саладағы ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру бойынша жұмыстарды шешуге мүмкіндік болды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.

Жұмысымызда тиімділікті, әділдікті және ашық болуды қамтамасыз ету негізгі бағыт болып қала береді.

Дегенмен қоғаммен бірлесіп шешетін күрделі мәселелер де жоқ емес. Проблемалар бар.

Біз жаңа идеялар мен конструктивті сынға ашықпыз.
1.7K viewsYesmyrza, 13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 14:28:33 Главой государства принято решение о создании двух министерств: Министерства просвещения и Министерства науки и высшего образования.

Данное решение является очень важным для дальнейшего развития системы образования и науки и позволит сфокусироваться на четких задачах, которые поставлены Президентом Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым по развитию данной сферы.

Круг задач и вызовов в сфере дошкольного, среднего, дополнительного, технического и профессионального образования объективно растет.

Что касается высшего образования и науки, уже достигнутые результаты позволяют ставить новые амбициозные задачи по подготовке кадров и развитию научной отрасли.

Настоящая реформа даст новый импульс развитию данных сфер.

При этом высокая результативность будет зависеть от тесного сотрудничества двух министерств.

За три года коллективом Министерства образования и науки была проделана большая работа для улучшения как системы образования, так и системы науки.

Все законы и положительные изменения были приняты благодаря личной поддержке Президента, уделяющего особое внимание повышению статуса ученых, учителей и других работников сферы образования и науки.

Как Министр образования и науки, проработавший в этом статусе в течение трех лет, считаю важным отчитаться о проделанной работе. О том, какие решения принимались и исходя из каких данных, какая работа велась для устранения коррупционных рисков, обеспечения прозрачности и транспарентности, повышения качества образования и потенциала науки и в целом о проведенной работе.

Хотел бы выразить благодарность прежде всего Главе государства за оказанное доверие и поддержку во время работы в МОН РК.

А также работникам сферы образования и науки, сотрудникам министерства, подведомственных организаций, работникам научных организаций, ППС вузов, сотрудникам управлений, отделов образования регионов.

Большое спасибо за поддержку и совместную работу всем педагогам страны.

Впереди стоят новые задачи и цели во благо развития Нового Казахстана.
2.0K viewsYesmyrza, 11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 14:28:26 Мемлекет басшысы екі министрлік, яғни Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін құру туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту үшін өте маңызды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саланы дамыту бойынша алға қойған нақты міндеттеріне тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы міндеттер мен сын-тегеуріндер ауқымы артып келеді.

Жоғары білім мен ғылым саласына тоқтала кетсек, қазірдің өзінде қол жеткізілген нәтижелер кадрлар даярлау және ғылыми өндірісті дамыту үшін жаңа, үлкен мақсат-міндеттер қоюға септігін тигізеді.

Сонымен қатар бұл реформа осы бағыттардың дамуына тың серпін береді.

Сондай-ақ жоғары көрсеткіштер екі министрліктің тығыз ынтымақтастығына байланысты болады.

Үш жылдың ішінде Білім және ғылым министрлігі ұжымының білім саласын да, ғылым саласын да жетілдіру мақсатында атқарған жұмысы аз емес.

Барлық заң мен оң өзгеріс білім мен ғылым саласындағы ғалымдардың, педагогтердің, басқа да қызметкерлердің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп отырған Президенттің жеке қолдауының арқасында қабылданды.

Үш жыл бойы Білім және ғылым министрі ретінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген жөн деп санаймын. Нақтырақ айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету, білім сапасы мен ғылымның әлеуетін арттыру бағытында қандай шешімдер қабылданды, қандай деректер негізінде жүргізілді және жалпы қандай жұмыстар атқарылғаны туралы есеп берген маңызды.

Бірінші кезекте Мемлекет басшысына сенім білдіріп, Білім және ғылым министрі кезімде қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді.

Сондай-ақ білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, министрліктің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың және ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамдарына, облыстардың департаменттеріне, білім басқармаларына алғыс айтамын.

Еліміздің педагогтеріне қолдау көрсетіп, бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғысым шексіз.

Алда Жаңа Қазақстанның дамуы жолында жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр.
2.1K viewsYesmyrza, 11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 11:31:16 Асхат Аймағамбетов білім және ғылым саласының өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220190474808334/?d=n



Асхат Аймагамбетов поблагодарил представителей сферы образования и науки за совместную работу

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220190479408449/?d=n
2.1K viewsAdmin MON, 08:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 13:18:46
Стартовал прием заявок на участие в комплексном тестировании для поступления в магистратуру. Подробнее рассказывает директор Национального центра тестирования МОН РК Руслан Емелбаев.
2.9K viewsYesmyrza, 10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 13:18:16
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Толығырақ ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтып берді.
2.7K viewsYesmyrza, 10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 11:26:52 ​​СТАРТОВАЛА РЕГИСТРАЦИЯ НА КОМПЛЕКСНОЕ ТЕСТИРОВАНИЕ ДЛЯ ПОСТУПЛЕНИЯ В МАГИСТРАТУРУ

Стартовал прием заявок на участие в комплексном тестировании для поступления в магистратуру. Регистрация будет проходить на сайте Национального центра тестирования МОН РК  app.testcenter.kz по 15 июля  2022 года.

Претенденты смогут внести изменения в заявление по группе образовательных программ, языку и месту сдачи тестирования до завершения срока приема заявлений. Информация о дате проведения тестирования будет доступна в личном кабинете поступающего. Само комплексное тестирование начнется 20 июля и продлится до 10 августа.

«Комплексное тестирование проводится в электронном формате  и состоит из трех блоков: тест по иностранному языку, тест на определение готовности к обучению и тест по профилю группы образовательных программ. На это в общем отводится 4 часа. Поступающие, у которых есть один из международных сертификатов, подтверждающих владение иностранным языком, освобождаются от сдачи теста по иностранному языку», – пояснил директор Национального центра тестирования МОН РК Руслан Емелбаев.

Для претендентов введена инструкция по определению соответствия областей образования для поступления в магистратуру. Это необходимо для сохранения преемственности, непрерывности образовательных программ и повышения качества подготовки магистрантов. Поэтому перед тем, как сдать документы на ту или иную образовательную программу, поступающим необходимо проконсультироваться в приемной комиссии вуза по формату комплексного тестирования и соответствию выбранной образовательной программы той специальности, которая была получена претендентом в бакалавриате. Консультацию можно также получить и в виртуальной приемной комиссии вуза.

В этом году проходной балл  для поступления в научно-педагогическую магистратуру составляет 75 баллов, для поступления в профильную магистратуру  – 50 баллов.
 
В случае несогласия с результатами комплексного тестирования поступающие после завершения тестирования могут подать онлайн-апелляцию.

Отметим, государственный образовательный заказ на обучение в магистратуре на 2022-2023 учебный год составляет свыше 13 тысяч грантов.
955 viewsAdmin MON, 08:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 11:23:29 ​​МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
 
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылғы 15 шілдеге дейін жүргізіледі.

Үміткерлер білім беру бағдарламалары тобы, үміткерлердің тестілеуді өткізу тілі мен орнына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгерістер енгізе алады.  Тестілеу күні туралы ақпарат үміткердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Ал кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

«Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады: шет тілі, оқуға дайындықты анықтау және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Оған 4 сағат беріледі. Шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттары болса, үміткерлер шет тілінен тест тапсырудан босатылады», - деп түсіндірді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Талапкерлерге магистратураға түсу үшін білім беру бағыттарының сәйкестігін анықтау бойынша нұсқаулықтар енгізілді. Бұл білім беру бағдарламаларының сабақтастығын, үздіксіздігін сақтау және бакалавриат мамандарын даярлау сапасын арттыру үшін қажет. Сондықтан белгілі бір білім беру бағдарламасына құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясымен кешенді тестілеудің форматы және таңдалған білім беру бағдарламасы тобының талапкер алған мамандыққа сәйкестігі туралы кеңесуі қажет. Кеңесті университеттің виртуалды қабылдау комиссиясынан да алуға болады.

Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға түсу үшін – 50 балл.

Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, үміткерлер тестілеуден өткеннен кейін онлайн апелляцияға бере алады.

2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы 13 мыңнан астам грант екенін еске сала кетейік.
1.2K viewsAdmin MON, 08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 12:32:13
Рекордное количество казахстанских вузов вошло в мировой рейтинг вузов QS WUR. Подробнее рассказывает директор Департамента высшего и послевузовского образования МОН РК Гульжан Джарасова.
2.2K viewsYesmyrza, 09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 12:27:46
Қазақстандық 16 университет QS WUR рейтингіне енді. Бұл еліміз үшін рекордтық жетістік. Толығырақ ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова айтып береді.
2.3K viewsYesmyrza, edited  09:27
Ашу / Түсініктеме