Get Mystery Box with random crypto!

Облыстың білім беру ұйымдарында «Балалар және театр» ағартушыл | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Облыстың білім беру ұйымдарында «Балалар және театр» ағартушылық жобасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 403 жалпы білім беретін орта мектептерде театр үйірмесі ашылып, жетекшілері бекітілді

Жобаның мақсаты: театр аудиториясын балалар және жастармен кеңейту, оқушылардың жалпы мәдени деңгейін көтеру

Жобаның міндеттері: - өскелең ұрпақты көркем мәдениет пен театр өнері әлеміне тарту; - өскелең ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру; - эстетикалық дамыған, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу, балаларды қоғамның ережелері мен нормаларына баулу

Жоба туралы толық ақпарат: Қоғамның рухани өмірінде театрдың рөлі зор екені мәлім. Театрларға бару - кәмелетке толмағандардың белсенді демалуының бір түрі

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы ұсынған Жаңа мәдени саясат стратегиясы аясында мәдениет пен өнер саласында бірыңғай білім кеңістігін қалыптастыруға, сондай-ақ әрбір тұлғаның мәдени және рухани әлеуетін дамытуға бағытталған

#АқтөбеБалаларжәнетеатр