Get Mystery Box with random crypto!

Облыстың білім беру ұйымдарында 'Қоғамға қызмет', «Ашық жүрек» | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Облыстың білім беру ұйымдарында "Қоғамға қызмет", «Ашық жүрек» әлеуметтік волонтерлік жобасы жүзеге асырылуда

Атап айтқанда, 403 жалпы білім беретін орта мектептерде "Қоғамға қызмет", 40 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында "Ашық жүрек" волонтерлік клубтары құрылып, жетекшілері бекітілді. Барлық білім беру мекемелерінде волонтерлар бұрышы жасақталды

Волонтерлер клубы – білім алушылардың әлеуметтік-жеке тұлғалық дамуына ықпал ететін, шығармашылығы мен белсенділігін дамытатын ерікті, қоғамдық, әлеуметтік пайдалы қызметті жүзеге асыратын бірлестігі

Волонтерлік қозғалыстың мақсаты – білім алушылардың зияткерлік-рухани әлеуетін пайдалану, адамдарға гуманды көзқарасын қалыптастыру, игілікті іс жасауға ұмтылдыру, патриоттық тәрбие беру, азаматтық белсенді көзқарас пен ұстанымды қалыптастыру

Білім беру ұйымдарындағы волонтерлік қызметтің негізгі бағыттары: - әлеуметтік волонтерлік; - экологиялық волонтерлік; - спорттық волонтерлік; - мәдени волонтерлік

#АқтөбеҚоғамғақызмет #АқтөбеАшықжүрек