Get Mystery Box with random crypto!

Облыстың білім беру ұйымдарында «Ұшқыр ой алаңы» мәдени-білім | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Облыстың білім беру ұйымдарында «Ұшқыр ой алаңы» мәдени-білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 403 жалпы білім беретін орта мектептерде, 40 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында "Ұшқыр ой алаңы" дебаттық қозғалысы құрылып, жетекшілері бекітілді

Дебат - нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық ой алмасу, екі тарап арасындағы өзекті тақырыптар бойынша талқы

Мақсаты: білім алушылардың шешендік сөз өнері дағдыларын және сендіру әдістерін, позитивті, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, өзекті мәселелерді көпшілік алдында талқылау мәдениетін, құрылымдық сұхбат пен пікірталасты жүргізу мәдениетін дамыту

Дебаттық клуб тренерлер базасы жинақталып, оқыту семинарлары ұйымдастырылуда

Аудандық, облыстық дебаттық турнирлері өткізіліп, жеңімпаздар анықталды

#АқтөбеҰшқыройалаңы