Get Mystery Box with random crypto!

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Қал | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қала мектептерінің оқушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6655 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 30238 әскери бөлімдерінде болып, экскурсия жасап, әскер өмірімен және әскери техникалар, қару - жарақтармен танысып, әскери мамандардан кәсіби бағдар алды.

Оқушыларға әскер өмірі насихатталып, патриоттық тәрбие төңірегінде кеңестер беріліп, әскери оқу орынының арнайы бейне өнімі көрсетілді.

Әскери - патриоттық тәрбие беру мақсатындағы шараны білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6655 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 30238 әскери бөлімдері бірлесе жүзеге асырған кәсіби бағдар беру жұмыстары қорытындыланды.

Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі