Get Mystery Box with random crypto!

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Қал | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қала мектептерінің оқушылары ҚР Қорғаныс министрлігінің Екі Мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында болып, экскурсия жасап, оқу орынының тыныс - тіршілігімен танысып, мамандықтар бойынша кәсіби бағдар алды.

Оқушыларға патриоттық тәрбие төңірегінде кеңестер беріліп, Екі Мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов туралы арнайы бейне өнімі көрсетілді.

Оқушылар өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Екі Мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына түсуге қатысты өздерін қызықтырған сауалдарына мамандардан нақты жауап алды.

Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі