Get Mystery Box with random crypto!

ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ 30 сәуір күні 'Ақтөбе - Д | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

30 сәуір күні "Ақтөбе - Дарын" өңірлік ғылыми - тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен DARYN CUP II облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Шара М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернатының "Дарын" пікірсайыс клубының 5 жылдығына арналды.

Daryn CUP II облыстық турниріне 23 фракция қатысты. Нәтижесі:
орынды № 32 орта мектеп - гимназиясының "Маша и медведь" фракциясы;
орынды № 32 орта мектеп - гимназиясының “Алишер” фракциясы;
орынды № 55 орта білім беретін мектептің "Әділет үшін" фракциясы мен "Сымбат" жеке мектебінің "Эйфория" фракциясы жеңіп алды.

“Сымбат” жеке мектебінің Айсұлу Суесенова "Үздік спикер", Амина Куваш "Үздік төреші", "Дарын 3.0" фракциясы "Үздік фракция" номинацияларын иемденді.

Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

#Ұшқыройалаңы