Get Mystery Box with random crypto!

ШАЛҚАР АГРАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒА | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ШАЛҚАР АГРАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Шалқар аграрлық - техникалық колледжінің педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті.

Семинар барысында педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары, колледждің тәрбие бағытында атқарылатын жұмыстары туралы баяндама жасалды. Сондай-ақ, арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру, студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыру бойынша шебер класстар өткізілді.

Семинар соңында «Студент. Ата - ана. Педагог» моделін ұсыну тренингі ұйымдастырылып, ашық диалогтық алаңда сұрақ - жауаптар мен ұсыныстар айтылды.

Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі