Get Mystery Box with random crypto!

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 30 сәуір күні б | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

30 сәуір күні білім басқармасы, облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығы және "Ақтөбе - Дарын" өңірлік ғылыми - тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұжымдары "Ұстаздар" аллеясына сенбілікке шығып, қала тазалығына үлес қосты.

"Ұстаздар" аллеясын абаттандыру бойынша бірқатар ұсыныстар талқыланып, шағын саябақтың атына заты сай болу үшін жаңа ойын алаңын жасау, тұрғындардың демалыс орынына айналдыру мақсатында көркін арттыру бойынша басқарма басшысы орынбасарларына тиісті тапсырмалар беріп, ұжымның сенбіліктегі белсенділігіне алғысын білдіріп, жаңғырту жұмыстарына да сүбелі үлес қосуға шақырды.

Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі