Get Mystery Box with random crypto!

Біᴧᴇᴄің бᴇ?💡🇰🇿

Telegram арнасының логотипі bilesin_be — Біᴧᴇᴄің бᴇ?💡🇰🇿 Б
Telegram арнасының логотипі bilesin_be — Біᴧᴇᴄің бᴇ?💡🇰🇿
Арна мекенжайы: @bilesin_be
Санаттар: Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 448
Арнадан сипаттама

Еᴄᴛіʍᴇᴦᴇн ᴇᴧдᴇ ᴋөᴨ💡🇰🇿
----------------------------
Әᴧᴇʍнің ᴇң қыɜықᴛы ɸᴀᴋᴛᴛᴀᴩы біɜдᴇ👏🏻
----------------------------
Сұᴩᴀқᴛᴀᴩ бᴏйынɯᴀ: @djennifer_lops
Оᴛɜыʙᴛᴀᴩ - @bilesin_be_otziv
Жᴀᴩнᴀʍᴀғᴀ біɜ жᴀуᴀᴨᴛы ᴇʍᴇᴄᴨіɜ!

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 16

2021-04-26 06:01:23
Жапониядағы Фудзи тауының етегінде орналасқан Аокигахара орманын халық "Ағаштар теңізі" деп атап кеткен. Қазіргі таңда әлемдегі ең қорқынышты жерлердің бірі осы болып табылады. Олай дейтін себебіміз, жыл сайын қаншама адам осы жерде жоғалып, өлігі табылып жатады. Орман ішіне еніп кеткен адам жол тауып шыға алмай, мерт болады. Және жергілікті тұрғындар түнімен шыңғырған адамдардың дауыстарын естіп жатады екен.

@bilesin_be
1.7K views03:01
Ашу / Түсініктеме
2021-04-25 15:42:09
Канзас-Сити, АҚШ

2004 жылы Казнас-Ситидегі Қоғамдық кітапхана қаңырап жатқан Бірінші ұлттық банктің ғимаратына ауыстырылды. Екі жыл өткеннен кейін дәл сол ғимараттың қасына көлік тұрағы салынды. Ал бұл сол ғимараттың архитектуралық сәніне қарама-қайшылық тудырды. Мұны ескергендер сол жерден үлкен қылып, кітап үлгісіндегі қамал тұрғызды. Ол жерден көлік тұрағы көрінбейтін болды.

@bilesin_be
1.4K views12:42
Ашу / Түсініктеме
2021-04-23 17:56:06
Футбол ойыны жайлы 5 қызықты мәлімет
· АҚШ-та бұл ойын футбол емес, соккер деп аталады.
·Әлемдегі барлық футбол доптарының 80%-ы Пәкістанда жасалады.
· «Ole-Ole-Ole»сөзі Испанияда пайда болды. Бұл сөз 8-ші ғасырда Испанияны басып алған арабтардың «Алла» сөзінен шыққан.
·Ең ұзақ матч 1981 жылғы 1-3 тамызда екі ирландиялық футбол командалары арасында өтті. Жеңімпаз 65 сағат 1 минуттан кейін ғана анықталды.
·1969 жылы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі ойында, Гондурас ұлттық  командасының Сальвадордың футболшыларынан жеңіліске ұшырауы, осы елдер арасындағы алты күндік соғысқа тікелей себеп болды.

@bilesin_be
1.4K views14:56
Ашу / Түсініктеме
2021-04-20 14:55:58
Бактериялар жайлы:

Бактериялар 4 миллиард жыл бұрын пайда болған. Жер бетіндегі алғашқы тірі ағзалар болып саналады. Зерттеулерге сәйкес, ұялы телефонның экранындағы микробтардың саны, дәретхананың табағынан бірнеше есе көп. Біздің денемізде, оның мыңдаған түрлері тіршілік етеді және олардың жалпы салмағы – 2 килограммнан асады. Адамның өмірінің бастапқы кезеңінде, иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі.

@bilesin_be
1.3K views11:55
Ашу / Түсініктеме
2021-04-20 14:52:40
Жануарлар жайлы қызық ақпараттар:

-Дүниеге келгеніне екі күн болған қарақұйрық сағатына 95 километр жылдамдықпен жүгіре алады.

-Үнді жыланы 2,4 метр қашықтықта тұрған өз құрбанының көзіне асқан дәлдікпен уын шашып, өлтіре алатын ерекше қасиетке ие.

-Тарантул бүйесі қорексіз екі жыл өмір сүре алады.
-Алтын балықтың есте сақтау қабілеті тек  3 секундқа дейін ғана жетеді.

-Чау-чау тұқымдас иті өзге иттерден тілінің қаралығымен ерекшеленеді.

-Дельфиндер бір көздерін ашып ұйықтайды.

@bilesin_be
1.1K views11:52
Ашу / Түсініктеме
2021-04-20 08:23:20
Әлемнің қызықты заңдары:

АҚШ-да полиция қызметкерлерінің иттерді тістеп тыныштандыруға құқықтары бар.

Аргентинада мәйітханада би билеуге болмайды.

- Аргентинада темекі тартпайтын, косметика пайдаланбайтын қыз әр аптаның жексенбісінде дүкендерден 90% жеңілдікке ие болады.

- Аустралияда тиіндерді қорқытуға тыйым салынған.

- Аустралияда кенгурумен шахмат ойнауға болмайды

@bilesin_be
909 views05:23
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 07:02:05
Әлемдегі ең ақылды адам - ​​66 жасар әйел
Әлемдегі ең ақылды адам біздің замандасымыз, Миссури штатының тұрғыны - Мэрилин Вос Савант. Оның парасаттылық коэффициенті (IQ) 228 бірлікті құрапты. Мэрилиннің асқан қабілеті бала кезінде-ақ белгілі болған екен. 10 жасында алғырлығымен көзге түскен ол сол кездің өзінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

@bilesin_be
918 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 18:50:24
Жапонияда телефондардың 90 пайызы су өтпейтін корпусымен шығады, себебі жапон жастары жуыну бөлмесіне кірерде де ұялы телефонын тастамайды.

@bilesin_be
861 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 14:28:54
Мың жылдар бойына жасалған зерттеу нәтижесінде ғалымдарды таң қалдырған жаңалық: жер бетіне жауған әрбір қар қиыршығының ұқсасы да, егізі де жоқ. Тіпті бір-біріне ұқсас екі түйір қар қиыршығы да болмайды екен. Әрбір қиыршық өзіне тән кескінімен ерекшеленді.
1944 жылы 30 сәуірде Мәскеуде ерекше жағдай орын алған. Онда жауған қар қиыршықтарының үлкендігі адамның алақанымен бірдей болған.

@bilesin_be
969 views11:28
Ашу / Түсініктеме
2021-04-15 14:28:02
Адам көзінің диаметрі шамамен 2,5 см, салмағы 8 гр.Жағымды заттарды көргенде адамның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғаяды екен.

@bilesin_be
890 views11:28
Ашу / Түсініктеме