Get Mystery Box with random crypto!

Beautylogic

Telegram арнасының логотипі beautylogic — Beautylogic B
Telegram арнасының логотипі beautylogic — Beautylogic
Арна мекенжайы: @beautylogic
Санаттар: Сұлулық
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 50
Арнадан сипаттама

Сұлулықтану - біреуге өмір ұстанымы, біреуге əуестік, жұмыс, беймəлім дүние. Бірақ бəріне де қызық

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2020-04-18 18:54:50 Бірде Иль Де Ботэге кірген едім (Мәскеудегі прафюм және косметика дүкені). Көп парфюмның ішінен Byredo-ның Bal d'Afrique-сын таңдадым. Бұл өзі танымал иіс емес. Бірақ өзіне ғана тән інжір, ветивер сезілетін шығыс ноталары бар. Сеуіп алдым да өзімнің талғампаздығыма риза боп салонды аралап жүрмін. Бір кезде бір консультант әйел маған жақындады. Өзі біртүрлі. Қалған кеңесшілерге ұқсамайды. Жасы келіп қалған зиялы әйел сияқты. Мектептегі география пәнінің мұғалімі бар ғой, сондай тип.
– Byredo ма?
– Иә, (Көптің бірі емеспін, талғампаздығымды қара дегендей мақтанышпен)
– Нашар таңдау.
– ... (сөз таба алмай аңтарылып қалдым. Мынау әйел сенің таңдауың құсық деп тұр ғой маған?!)
– Жүріңіз сізге одан да басқа бір иісті көрсетейін.
Әлгі апайдың артынан екінші қабатқа көтерілдім. Мұнда адам аз, сұранысқа ие емес иістер тұрады негізінен. Ол мені Rancé стендіне әкелді де "міне" деді қолыма Triomphe-ты ұстатып. "Бұл соңғы құйылымдар, кейінші шығатындары мұндай емес" деп жатыр.
Септім. Ұнаттым. Сатып алдым. Бірнеше күннен соң, әрине. Парфюм үйіндегі есімде қалған консультант осы жасы келіп қалған әйел еді.
Бұл Таня Миронованың Непарфюмерный подкастында айтқан естілігі. Ол қазір Кот д'Азур Университетінде (Франция) осы саланы зерттейді. Ойлау қабілетінен иіс сезу қабілетіңіз күштірек дамыған болса, подкаст ұнайды)))
222 views15:54
Ашу / Түсініктеме
2020-02-20 15:47:00 Бүгін құрбыма иіссу алу үшін дүкенге бардық. Guerlain стеллажының жанында ұзақ тұрдық. Раушан, Лаванда мен ванильді қарадық. Бұрышта тұрған Aqua Allegoria Mandarine Basilic Guerlain назар аудартты. Тест жасап білегімнің ішкі жағына бір рет пыш еткіздім. Ақыры таңдау жасап иіссуымызды алдық. Бағана сыртқа шығып бара жатқанда өзімнің Guerlain l'interdit-імді сеуіп шыққам. Үйге келдім. Беті-қолымды жуып, киімімді ауыстырдым. Өз иіссуым үнсіз. Ал әлгі бір себім Mandarine әлі айқайлап тұр. Неге осы тестіден еріп келген жалғыз ауыз иістің айқайы қаттырақ шығады ә?
206 views12:47
Ашу / Түсініктеме
2019-09-02 11:14:26
Косметикалық скрабты қолданған соң микропластиктің теріде қалып қойған бөлшектері
258 views08:14
Ашу / Түсініктеме
2019-08-11 15:17:06 ​Биоревитализация қартаюға тосқауыл қоятын косметологиялық процедуралардың ең бейкүнәсі шығар. Себебі организмге жат зат енгізбейді. Біздің барлығымызда онсыз бар гилаурон қышқылының инъекциясы жасалады. Тек жас ұлғайған сайын оның көлемі азая береді де бетімізге әжім түсе бастайды. Қанша процедура қажет, нәтижесі қашан байқалады, кімге жасауға болмайды? Бұл туралы косметологымыз процедура барысында айтып берді. Видео сапасы "үлкен экрандардан" көрсетуге арналмаған
#косметологкабинеті
257 views12:17
Ашу / Түсініктеме
2019-08-08 09:32:23 ​ПРЫЩ ЖӘНЕ КУШОН
 Бір жарым ай болды иегіме прыщ шығып жүйкеме тиеді. Дәл маңызды кездесу алдында ыздиып шыға келеді.
Бұрын беті безеу адамдарды көріп ойлайтынмын "құдайым-ау қазір не көп, косметологиялық құралдар көп, косметологтар көп, емдемей ма" деп.
Өзімде шыққанда көрдім ғой. Чего я тока не делала-ла. Спиртпен сүртіп, содадан маска жасадым. Цинковый мазьді жақтым. Алоэ, каланхоэден примочкалар жасадым. Масло чайного дерева дегенді алдым. Айтпақшы "мың дертке дауа" қара тмин майын да жаққанымды мойындаймын))  Бірнеше күнде кетеді, қайтадан шығады. Иегімдегі оңбағандарды кушонмен жасырып қоямын аздап))
Кушон деген рақат қой. Текстурасы тоналды крем, BB-кремнен де әйбат)
Қорабы пудра сияқты. Бірақ ұнтақтың орнына крем сіңген губка тұрады. Бетке опа жағатын спонжды сол шылқыған губкаға басып-басып бетіңізге жаға бересіз.   Теп-тегіс болып жағылады. Бетің демалады (пораларды бітеп тастамайды). Күн ыстық болса не терлесең тоналка сияқты ағып кетпейді. Оның үстіне SPF қорғанысы, басқа да пайдалы компоненттері де бар. Сөмкеңнен алып кез келген сәтте пудра сияқты жаға салуға болады. Айнаның алдында сағаттап отыра алмайтындар үшін күшті. Бір минутта спонжигімен бетті фшык-фшык еткізіп жүре береді.
В общым әңгіме безеу туралы еді ғой.
Безеу иек тұсына шықса демек сізде келесі проблемалар болуы мүмкін:
асқазан-ішек жолдарында бір гәп бар
гормоналды фон бұзылған
женский проблемалар.
Асқазан-ішек жолдарында енді вряд ли. Екі ай бұрын гидроколонотерапия курсын жасағам (оой, бұл процедураны айтсам әлі көзіме жас келеді ) . Одан бері қатаң диетадамын. "Орындығым" дұп-дұрыс.
Гормоналды фонға күмән болды. Бірақ Олимпке барып ТТГ, Т3, Т4, Т4 своб., анти ТПО, анти-ТГ гормонларының анализін алдым. Онлайн консультация арқылы көрсетіп едім, эндокринолог норма шегінде деді.
Женский жақтан да проблема жоқ. Мамырда санаторийде бос жатпай толық тексерілгем.
Бүгін косметологыма барғанда кушон туралы кездейсоқ әңгіме болып кетті. Кушон губкасын ауыстырып тұрмасаң да күнара жыуып тұр дейді. сатып алғалы бері бір де бір рет жуған емеспін
Міне ол немене Михаил ұлы)) Бір инфекцияны губкаға жұқтырып оны матырып-матырып үнемі иегіме жағып қоямын.
Тоқсан сөздің түйіні -  кушон спонжиктерін үнемі жуып жүріңіздер, қыздар)
201 viewsedited  06:32
Ашу / Түсініктеме
2019-07-29 18:18:28 ​Инстаграмда бір аккаунт бар. Американ хирургі Ким Барденнің парақшасы. Омырауларына имплант салдырған әйелдердің аурулары туралы жазады. Әгәрәки кеудеңізді үлкейтіп имплант салғыңыз келіп жүрсе бір қарап шығыңызшы. Парақшасы
176 viewsedited  15:18
Ашу / Түсініктеме
2019-07-29 17:07:30 ​Французский домға ескі помадаңызды әкеліп берсеңіз жаңасына 35% #жеңілдік
163 viewsedited  14:07
Ашу / Түсініктеме
2019-07-19 17:34:18 Күн ыстық. Жоқ менде суыққа төзбеушілік бар. Суықтан дірілдегенше ыстықтап быршып отырғаным жақсы Бірақ дәл бұлай емес әрине. Астананың өзінде кеше 30 градус болды. Оның үстіне менің күнге аллергиям бар. Күн көзіне 15 артық шықсам қызарып, бөртіп шыға келем Сондықтан SPF кремсіз жазда өмір сүре алмаймын. Ал күнге күйдіңіз делік. Онда күйікті жеңілдетудің бірнеше амалы бар. Әр организмге әрқалай әсер етеді. Олар:
Пантенол/Бепантен (спрейі жақсы)
Спасатель кремі
Салқын компресс. Дәкені салқын суға (1 стакан суға 0.5 шай қасық сода не крахмал қосуға болады) салып, жиі ауыстырып отырып 15 минуттай ұстаңыз
Салқын душ
Кокос/зәйтүн майы
Алоэ гелі
Айран/қаймақ (бетке айран не қаймақ жағып алып күнге мүлдем шығуға болмайды. Бұл процедуралардың барлығын салқын, көлеңкеде жасау қажет)
Картопты үккіштен өткізіп күйген жерге жағу
D Витамині (20-30 тамшысын ішу керек) D витаминін ішке қабылдау тері регенерациясын жылдамдатады, қызарғанын басады.
1% гидрокортизон мазі (жұқалап күйген жерге жағу керек)
178 viewsedited  14:34
Ашу / Түсініктеме
2019-07-19 17:05:55 Күшті бір App тауып алдым. Sommelier Du Parfum деп аталады. Өзіңіз ұнататын парфюмдеріңізді, ноталарды, бағасын енгізіп өз профайлыңызды жасайсыз. Сізге жағды-ау деген иіссуларды ұсынады. Қалаған парфюмдарыңыз туралы негізгі ақпаратты тауып береді (бағасы, композициясы, шлейфі және т.б.). Баркод (штрихкод) сканнер арқылы иіссуларыңызды тексеруге болады. Айтпақшы өзіміздің Француз үйінен алған Mancera Roses Vanille қорабында штрихкод болмай шықты. Басқа барлық қораптарда бар, мұнда мүлдем жоқ. Құтымында да жоқ. Әлде қорап сыртындағы целлофанда кетті ме екен? Қалай ойлайсыз бұл нені білдіреді?
148 viewsedited  14:05
Ашу / Түсініктеме
2019-06-08 06:38:15 Арамызда спортпен дос адамдар біраз шығар. Жүгіру ең арзан, ең пайдалы әрі позитив спорт түрі. Аяғыңа кроссовкиіңді киіп, құлаққабыңды тақ та баса бер. Енді жүгіруге шығарда крем жағу керек пе жоқ па?
161 viewsedited  03:38
Ашу / Түсініктеме