Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін құрбыма иіссу алу үшін дүкенге бардық. Guerlain стеллаж | Beautylogic

Бүгін құрбыма иіссу алу үшін дүкенге бардық. Guerlain стеллажының жанында ұзақ тұрдық. Раушан, Лаванда мен ванильді қарадық. Бұрышта тұрған Aqua Allegoria Mandarine Basilic Guerlain назар аудартты. Тест жасап білегімнің ішкі жағына бір рет пыш еткіздім. Ақыры таңдау жасап иіссуымызды алдық. Бағана сыртқа шығып бара жатқанда өзімнің Guerlain l'interdit-імді сеуіп шыққам. Үйге келдім. Беті-қолымды жуып, киімімді ауыстырдым. Өз иіссуым үнсіз. Ал әлгі бір себім Mandarine әлі айқайлап тұр. Неге осы тестіден еріп келген жалғыз ауыз иістің айқайы қаттырақ шығады ә?