Get Mystery Box with random crypto!

Күн ыстық. Жоқ менде суыққа төзбеушілік бар. Суықтан дірілдеге | Beautylogic

Күн ыстық. Жоқ менде суыққа төзбеушілік бар. Суықтан дірілдегенше ыстықтап быршып отырғаным жақсы Бірақ дәл бұлай емес әрине. Астананың өзінде кеше 30 градус болды. Оның үстіне менің күнге аллергиям бар. Күн көзіне 15 артық шықсам қызарып, бөртіп шыға келем Сондықтан SPF кремсіз жазда өмір сүре алмаймын. Ал күнге күйдіңіз делік. Онда күйікті жеңілдетудің бірнеше амалы бар. Әр организмге әрқалай әсер етеді. Олар:
Пантенол/Бепантен (спрейі жақсы)
Спасатель кремі
Салқын компресс. Дәкені салқын суға (1 стакан суға 0.5 шай қасық сода не крахмал қосуға болады) салып, жиі ауыстырып отырып 15 минуттай ұстаңыз
Салқын душ
Кокос/зәйтүн майы
Алоэ гелі
Айран/қаймақ (бетке айран не қаймақ жағып алып күнге мүлдем шығуға болмайды. Бұл процедуралардың барлығын салқын, көлеңкеде жасау қажет)
Картопты үккіштен өткізіп күйген жерге жағу
D Витамині (20-30 тамшысын ішу керек) D витаминін ішке қабылдау тері регенерациясын жылдамдатады, қызарғанын басады.
1% гидрокортизон мазі (жұқалап күйген жерге жағу керек)