Get Mystery Box with random crypto!

Жүрегіме үңілсем... 💓

Telegram арнасының логотипі bbeksary — Жүрегіме үңілсем... 💓 Ж
Telegram арнасының логотипі bbeksary — Жүрегіме үңілсем... 💓
Арна мекенжайы: @bbeksary
Санаттар: Саяхаттау
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 776
Арнадан сипаттама

Сыр. Жыр. Ойтүрткі. Күнделіктегі шимайлар.
Ақын @botakoz_beksary

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-07-10 00:02:10 Соңғы айлар мен үшін тым ауыр өтіп жатыр. Ешнәрсеге зауқым жоқ, түк нәрсеге абсолютно. Ешкіммен сөйлескім келмейді. Өткен шақтағы травмалар бар, сонау бала кезден соңнан қалмай келе жатқан. Очм, бір сөзбен түсіндіре алмаймын.

...Бұл - бір сондай нашар күй. Ұнамсыз хәл. Бұлай жүргенім өзіме ұнамайды. Бірақ, мен не істеуді, қай жартасқа бас соғарымды, қалай бұрылуды білмеймін. Жүрегімнің ішкі жағы ашып ауырады

Дәл қазір негізі бақыттымын. Бұл бақыттылығымды неге сезіне алмаймын? Неге балаларымның күлкісіне, күйеуімнің қамқорлығына қарап мәз бола алмаймын?! Өткен шақта “қалып кеткем” бе, біртүрлі...

Психологтардың жазбаларын қарайм, стористеріне үңілем, сабақтарына да жазылдым. Әлі өзіме керек жауап таппадым, жаным тыныш емес.

Бүгін шарасыздығымды мойындап, Алланың алдында егіліп отырмын

(Депрессияда тым ұзақ жүрудің денсаулыққа кері әсері барын да сезіп, түйсініп үлгердім)

10 шілде 2022 ж.

#депрессия_кетші_а
77 views21:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 16:17:04 "Убегать от самого себя — значит убегать в неизвестном направлении."

#Эльчин_Сафарли
101 views13:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 11:50:43 Адамдардан қағажу көріп-көріп, ішіңе жинала беретін реніштер болады. Күмілжіп, күлбілтелеп, бәрін жиып-бүгіп жүресің.

Ашынғанда шығып кетеді аузыңнан сосын. Атыласың. Жарыласың. Міне, сол - қауіпті...

(Ботакөз Бексары)

#ойтүрткі
213 views08:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 11:47:41 Қойылсам ба нүктесі боп өзім жазған шимайдың,
Умаждалған ойларымнан жер үстіне сыймаймын.
Сүттей күнім текке ұрланар,
Бәрін тастап кеткім де бар,
Бірақ Сізді қимаймын.

Қойыртпақтау батпақ жағып сөгіңізші, даттаңыз,
Уыз қыздың көңілін де, қабағын да бақпаңыз.
Қалжырадым, кем-ді күшім,
Айтайын ба? Ең дұрысы -
Сізге деген махаббаттан сақтаңыз!

(Ботакөз Бексары)

#ескіөлеңекен
227 views08:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 11:43:56 Өлеңнен алыс жүргелі, жалпы өнерден алыстағалы қанша жыл.
...Бірақ, жазғандарым әлі оқылып жүр. Баяғы өлеңдерім арқылы ізделініп тұрамын.

Бір тәуір кітапқа өлеңдерім енгелі жатыр, бір танымал актриса әпкеміз менің өлеңімді оқып видео жүктепті.

#өлеңдеөмірбар
210 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 18:32:46 Осындай көңіл-күй болып тұрғаны, осы әндегідей

#нәстрәениепәтурецки
290 views15:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 11:04:46 Тәттіден де Тәттіңмін,
Алақаның аялайтын ақ гүлмін.
"Жаным" десең, күлім көзім жымыңдап,
Көңіліңді тоқ қылдым.
Ал, кейбірде бұлдана қап, бұртиып,
Хошыңды, ерім, жоқ қылдым.

Еркеден де Еркеңмін,
Сезіміңе балдай, тәтті өртендім.
Айтқаныңды екі етпейтін әйәй қыз,
Моп-момақан, көркеммін.
Ал, кей сәтте бұлқан-талқан шамданып,
Үйді асты-үстіне төңкердім.

Мен ше? Иә, мен - Жүрекпін,
Жалғыз мені Жүрегіңе түнеттің.
Бал күніміз баяндырақ болсын деп,
Маңдайымнан мың өптің.
Өзің түгіл, өзім ұқпас жанымды,
Кейде жұмбақ түнекпін.

Мен ғой, дәл сол Шекер қыз,
Махаббатқа мас боп мәңгі өтерміз.
Тәтті ойлар мен тәтті арманға шомылған,
Шын ғашықтар  Екеуміз.
Жолымыздан жаңылтпаса Құдайым,
Бір бақытқа жетерміз.

Сен де, Мен де қызғаншақ.
Басқа-басқа боп кетеміз қызғансақ.
Будақ-будақ бұлт жиырылып қабаққа,
Көзімізді ызғарлылау мұз қоршап.
...Біздің кеуіл шәйі орамал кепкенше,
Отыратын жылы-жұмсақ сөзді аңсап.

Сен - барым да, нарым да,
Томпиың мен, бағың да.
Мен ТІРІМІН мәңгілік,
Сен жанымда барыңда!

авторы: Ботакөз Бексары
382 views08:04
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 17:08:19
169 views14:08
Ашу / Түсініктеме