Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы айлар мен үшін тым ауыр өтіп жатыр. Ешнәрсеге зауқым жоқ | Жүрегіме үңілсем... 💓

Соңғы айлар мен үшін тым ауыр өтіп жатыр. Ешнәрсеге зауқым жоқ, түк нәрсеге абсолютно. Ешкіммен сөйлескім келмейді. Өткен шақтағы травмалар бар, сонау бала кезден соңнан қалмай келе жатқан. Очм, бір сөзбен түсіндіре алмаймын.

...Бұл - бір сондай нашар күй. Ұнамсыз хәл. Бұлай жүргенім өзіме ұнамайды. Бірақ, мен не істеуді, қай жартасқа бас соғарымды, қалай бұрылуды білмеймін. Жүрегімнің ішкі жағы ашып ауырады

Дәл қазір негізі бақыттымын. Бұл бақыттылығымды неге сезіне алмаймын? Неге балаларымның күлкісіне, күйеуімнің қамқорлығына қарап мәз бола алмаймын?! Өткен шақта “қалып кеткем” бе, біртүрлі...

Психологтардың жазбаларын қарайм, стористеріне үңілем, сабақтарына да жазылдым. Әлі өзіме керек жауап таппадым, жаным тыныш емес.

Бүгін шарасыздығымды мойындап, Алланың алдында егіліп отырмын

(Депрессияда тым ұзақ жүрудің денсаулыққа кері әсері барын да сезіп, түйсініп үлгердім)

10 шілде 2022 ж.

#депрессия_кетші_а